Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ұнды тартып болған соң енді нанды қалай пісіремін деген сұрақ туды. Ең бастысы, менде нан ашытар ашытқы жоқ, оның орнына не пайдаланарымды да білмедім. Сондықтан бұл шаруаға бас ауыртпай қоя тұруды жөн көрдім. Пеш салу жұмысы тіпті ауыр тиді. Дегенмен мұның да амалын таптым. Саздан соғып кішілеу бірнеше дөңгелек ыдыс жасадым, жасаған ыдыстарымның ені жалпақ, іші тайыз, нан салатын табаға ұқсас. Бұл ыдыстарды отқа салып жақсылап күйдірдім де, сарайға апарып қойдым. Ашытқы пісіруге дайын болғанда асты-үстін бітеулеп төрт бұрышты ошақ жасадым да, ішіне от жақтым. Отын әбден жанып көмірге айналғасын, түскен шоқты жан-жаққа таратып, ошақтың ішіне жайдым, ошақ әбден қызғанда көмірді жан-жаққа шашып, нанды әкеліп салдым да, үстіне саздан жасалған дөңгелек ыдысты төңкердім. Наным пеште піскеннен кем болған жоқ, өзім нағыз наубайшы болуға айналдым: ешкінің еті мен құстың етінен басқа ішіне салатын қоспа болмады. Одан басқаның бәрін пісірдім. Үшінші жылғы өмірімді осы айтылған жұмыстарға сарп еттім, әрине, бұл ісіме таңғалуға, бір жыл бойы ыдыс жасаған екен деп түсінуге тағы болмайды, себебі арасында егін ордым және өзіме қажетті күнделікті шаруаларымды реттедім. Бидайды дер кезінде жинап алдым, орып себетке салдым да, қолым бос кезде басармын деп үйге әкеліп қойдым.

Алған өнімім артқан сайын оны қоятын қойма керек деп шештім. Соңғы орақтан жиырма бушельге жуық арпа және одан көп болмаса аз болмайтын күріш алдым. Сондықтан бәрін сақтауға орын жетпеді. Енді тарықпай-ақ нан пісіріп жей беруге болады, өйткені бұрынғы кепкен наным әлдеқашан таусылып еді. Егінді екі рет салуды қойып, бір-ақ рет салу үшін бір жылға қанша ұн керек екенін білгім келді, есептеп қарасам, қырық бушель арпа, күріш артығымен жететіндігі байқалды, сондықтан биыл қанша ексем, ендігі жылы да, одан кейін де содан кем екпеске ұйғардым, себебі бұл табысым жалғыз адам үшін жетіп артылады.

Аралды шарлап жүргенімде көз ұшында көрінген жер есімнен кетпеді, “Сол жерге жетсем, бір елге кезігер ме едім, елге кезіксем, азаптан да құтылар едім” деп ойлап жүрдім.

Бірақ осылай ойласам да, ол жердегі қауіп-қатерді есіме де алмаппын. Мүмкін, жабайы адамдардың қолына түсермін, олардың қолына түссем, құтылу былай тұрсын, тірі қалудың өзі екіталай, олар Африкадағы арыстан мен жолбарыстардан да қауіпті, олар өлтіреді я тірілей жеп қояды. Кариб жағасын тұрақтаған халықтар адам етін жейді деп естуші едім, ол жер мен тұрған жерден онша қашық болмау керек. Олар адам етін жемейді десек те, мені қолдарына түсірсе, бәрібір өлтірер еді, Еуропадан келіп олардың тұтқынында болған біраз адамды өлтіргендерін естігенім бар еді, олар мен секілді жалғыз емес, он-жиырма, одан да көп адам болса керек, ал мен жалғызбын, арқа сүйер ешкімім жоқ. Дұрысында, қауіп барын ескеруім керек еді, бірақ мен ол кезде ешнәрседен қорыққаным жоқ, сондықтан аңсарым сол жерге ауды да тұрды.

Менің есіме баяғы кішкене досым Ксури мен Африка жағасын бойлап мың миль жер жүзген қайығым түсті. Бірақ енді өкінгеннен келіп-кетер не бар?

Апатқа ұшырап, кемеміз суға бататын күні толқын жиекке шығарып тастаған қайықты барып көргім келді, ол қайықтың орны мен тұрған жерден бірнеше мильдей еді. Қайық бұрынғы орнында емес: толқын біраз жерге сүйреп тастаған, төңкеріліп қалған, айналасы құм, су жоқ.

Егер мен осы қайықты қалпына келтірсем, көп қиналмай-ақ Бразилияға жетер едім. Бірақ ондай жұмысты атқаруға екі қолдың қуаты жетпейді. Бұл қайықты қозғауға да әлімнің келмейтінін ойламаппын, оны орнынан қозғау теңізді орнынан қозғаумен бірдей шығар. Солай бола тұрса да, әлім жеткенше тыраштандым, орманға барып бірнеше ағаштарды кесіп алып сүйреп, қайықтың жанына тасыдым. Егер қайықты амалдап төңкерсем, зақымданған жерлерін қалпына келтіру қиын емес, мұндай қайық қолға түссе, еш алаңсыз теңізге түсіп, сапар шегуге болады екен деп ойладым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий