Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егер кемедегі заттардан ешнәрсе бұйырмаса, күнім не болар еді деп сәт сайын ойлаймын. Олай болса, менің асым тасбақа мен балық болар еді. Тасбақаны да бірден таппадым, шынымды айтсам, ол кезде аштан өлген болар едім. Егер өлмей тірі қалсам, жабайылардай тірлік кешер едім. Егер мен ешкі я құс атып алмасам, терісін сыпырып, етін қақтай алмас едім. Амалсыздан тістелеп, жабайы аңдар сықылды тырнақпен жұлмалар едім. Осындай ойдан кейін құдайдың қайырымдылығын сездім, басыма салған ауыртпалығы мен тәлкегі үшін де жаратқанға шын ықыласыммен ризашылығымды білдірдім. Басына қайғы орнап, өмірдің ауыр сәттерінде қиналған әрбір адам: “Бұл қайғыны менікімен салыстыруға келе ме?” деп ойласын.

Өмірде қаншама бақытсыз адамдар бар екенін, олардың қайғыларынан өзгенің қайғысы қанша есе басым екенін ойласын. Мысалы, менің өмірім шаттықта болмаса да, бір күндік жарық сәулеге куә болғаным үшін риза болуым керек. Ал мен толық бақыттымын деуім үшін құдайдың кеңдігі мен мейірімділігін үнемі есте сақтауым керек. Осының бәрін ой таразысына салғанда, өз-өзіме келіп, қайғымнан арыламын.

Аралда тіршілік кешкеніме біраз уақыт өтті. Кемеден алған заттарымның көбі бұзылды, әбден тозығы жетті, тіпті кейбіреулері жарамсыз деуге де болады.

Таусыла бастаған соң, суды құя беріп сияның да қоюы кеміп, қағазға жұқпайтын болды. Бірақ әбден таусылғанша маңызды деген оқиғаларды қысқаша жазып отырдым. Бір күні жазғандарымды қайта оқып отырып, өзім өткерген түрлі оқиғалардың бірінің болған күніне бірінің дөп келетінін аңғардым. Егер мен ырымшыл адам болсам және өзімнің бақытты, бақытсыз күндерімді күн ілгері анықтай білсем, бұл сәйкестіктер бекерден бекер емес қой деп ойлар едім. Біріншіден, менің үйден қашып Гулльге келген күнім – Салех қарақшыларының қолына түсіп құл болған күніме дөп келеді. Ярмут айлағында кеме апатқа ұшырағанда аман қалған күнім – қарақшылар тұтқынынан қашқан күніме тура келді. Қыркүйектің 30-ында, жиырма алтыға толған күнім – сол қыркүйектің 30-ы күні осы аралға табаным тиген күнмен сәйкесіп тұр. Менің тауқыметті күндерім мен жалғыздыққа тола өмірім бір күнде басталған екен.

Сия таусылды, менің наным да, кемеден алған кепкен наным да таусылды. Үнемдеп жесем де жеткізе алмадым (соңғы жыл жарымда күніне бір тілімнен ғана), дәнді молынан жинап алғанша жылға жақын бір үзім нансыз күн кештім. Бұған да тәубе дедім, шүкіршілік етіп құдайға жалбарындым. Ойлап қарасам, мен расымен азықсыз қалатын едім, менің егін егуге қолымның жетуі де құдіреттің ісі.

Киім-кешектерім де тоза бастады. Кемедегі сандықтан тауып алған үш дюжинаға жақын жолақ көйлектер болмаса, қалған киімдердің тозып кеткеніне біраз болды. Күн ыстық, қалың киім кие алмайсың, көбінесе көйлекшең жүруге тура келді, осы жолақ көйлектер болмаса, күнім қалай болар еді? Менде теңізшілердің бірнеше қалың шинелі болатын, бұлар сол күйі жатты; бұл жерде тіпті киім киюдің керегі жоқ; бірақ тірі жан болмаса да тырдай жалаңаш жүруге өзімнен-өзім ұялдым.

Жалаңаш жүре алмағаныма тағы бір себеп: үстімде киім болса, күннің көзі өтпейді, жалаңаш жүрсең, теріні бірден күйдіреді, киім күннің көзінен қорғайды, көйлек пен дененің арасындағы ауаның қозғалысы денеңді салқындатады, жалаңаш түгіл жалаң бас жүруге де бойым үйренбеді: жалаң бас жүрсем басым ауырып, тынысым тарылады, ал енді қалпақ кисем, басымның ауырғаны басылады.

Енді маған қолда бар шүберектерден құрастырып қажетке жаратар бірнәрсе істеу керек болды. Бірінші керегі – күртке (бәрі тозып бітті). Күрткені шинельден тікпекші болдым. Инені қолға алып, тігіншілікпен айналысуға кірістім, менен енді қандай тігіншілік шықсын, әйтеуір жобасын келтірсем болғаны да. Екі-үш күртке тіктім, менің есебімше, бұл біраз уақытқа шыдас беруі керек. Алғашқы тіккен шалбарым туралы сөз еткенім де қызық болды-ау, тіпті көрер көзге ұят.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий