Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дар алдында тұрып құлшылық еткен немесе тамағына пышақ тақап тұрған қарақшыдан құтылған адам ғана менің желдің бағытымен қайықты кейін қарай бұрып, желкенді жайып жіберіп, тура тартқандағы қуанышымды сезіне алады деп ойлаймын. Қарсы ағыс ықтырып, мені бірден аралға жеткізді, жеткенім әуелгі теңізге түскен жерімнен алты миль шамасындай жер, аралға жақын, мен теңізге түскен жерге қарама-қарсы, аралдың солтүстік жағалауындамын.

Қарсы ағыс үш мильдей жер жүріп өткен соң бәсеңдеді, мені әрі қарай әкете алмайтынына көзім жетті. Маған енді ешбір қауіп жоқ, аралды көріп тұрмын, екі ағыс – мені ашық теңізге қуалап алып шыққан оңтүстік ағыспен басқа бағытқа қарай үш миль бұрып жіберген солтүстік ағыстың арасында тұрмын. Жел тұрғанын пайдаланып, қайықты еппен ғана аралға қарай бағыттап отырдым.

Кешкі сағат төрттің шамасында, аралға үш мильдей қалғанда оңтүстікке қарай іркес-тіркес созылып жатқан көп жартастардың солтүстікке қарай қатты ағыс туғызатынын байқадым; ағыс өте қатты, бірақ батысқа қарай бет алған менің жолыма еш кедергісі болған жоқ. Бұл тұсқа келгенде жел тағы да күшейе түсті, соңынан соққан желдің күшімен, ағысты да кесіп өтіп, бір сағаттан аса уақыттан соң тып-тыныш жатқан жағаға еш қиындықсыз жеттім.

Табаным қара жерге тиген бойда, тіземді бүгіп құдайға құлшылық қыла бастадым, қысылтаяң сәтте жәрдемін бергені үшін алғысымды жаудырдым, енді қайтіп қайыққа отырып, аралдан кету ниетінен аулақ болуға ант еттім. Тамақтанып әлденіп алған соң, қайықты жылжытып, жағалаудағы бір ағашқа байладым да, тынығуға ыңғайландым, әбден қалжырап ұйқыға кеттім.

Қайықты үйге қалай жеткізудің амалын таба алмай біраз дағдардым. Қайықпен солтүстікті жағалай жетемін деп ойлаудың өзі үрейлі, жүрегім де дауаламады; екінші жолмен – жағаның батыс жағымен қайтуға таныс жол болмағасын тәуекелге бару тағы қиын. Азаннан қайықты сол жерге тастап, тек керек кезінде пайдалану үшін тасалау жер іздедім. Үш мильдей жүргесін қолайлы бір жер кездесе кетті. Сол жерге қайықты қойдым да, қайда тұрғанымды аңғару үшін жағалауға шықтым. Өткенде ғана жаяу келіп, белгі салып кеткен жағалаудан онша қашық емес екен. Сосын да мылтығымды қолыма алып, қолшатырды төбеме ұстап (қатты ыссы болатын) жолға шықтым. Теңіздегі қайғылы оқиғадан кейін жер бетіндегі бұл сапарым өзіме керемет болып көрінді. Ормандағы саяжайыма кеш түсе келіп жеттім, саяжайым мұнтаздай екен, әр нәрсе өз орнында. Қоршаудан секіріп кірдім де, көлеңкеге жата кеттім, әбден шаршағанмын-ау, сол сәтте ұйықтап кетіппін. “Робин, Робин, Робин Крузо! Бейшара, Робин Крузо! Сен қайдасың, Робин Крузо! Сен қайдасың? Сен қайда болдың?” деп, әлденеше рет атымды атаған біреудің даусынан шошып оянған кездегі түрімді көрсеңіздер, таңғалмаңыздар деймін.

Жанталасып ескек ескенім, одан түстен кейінгі жаяу жүріс қойсын ба, ояна алмай, бұл дауысты көпке дейін түсім екен деп жаттым. “Робин Крузо”, “Робин Крузо” деп қайта-қайта айқайлай бергесін ояндым да, шошып кеттім. Ұшып түрегелдім де жан-жағыма қарадым, басымды көтерсем, қоршаудың ағашының бұтағында тотым отыр екен. Мені шақырған дауыстың соныкі екенін біле қойдым. Мұңды дауыспен осы сөздерді айтқанымда, ол мені қайталай беретін, қолыма қонып, тұмсығын бетіме тақап, басын шұлғып: “Бейшара Робинзон Крузо! Сен қайдасың? Сен қайда болдың? Сен бұл жерге қалай келдің?” деп тағы да басқа өзім үйреткен сөздерді қайталайтын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий