Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл сөздерді айтып отырған тотым екенін білсем де, одан басқа менімен сөйлесер тірі жанның жоқ екенін түсінсем де, көпке дейін өз-өзіме келе алмай, аң-таң болып абдырап біраз отырдым. Біріншіден, бұл менің саяжайымда аяқ астынан қалай пайда болды, екіншіден, ол басқа жаққа ұшып кетпей, тап осы жерге қайта келгеніне таңғалып отырмын. Отырған өзімнің тотым екен, рас бұл өзімнің тотым, қолымды созып, атын атап өзіме шақырдым. Үйретілген құс қой, бұрынғысындай бас бармағыма келіп қонды да: “Бейшара Робинзон Крузо! Сен бұл жерге қалай келдің? Сен қайда болдың?” деп сайрап қоя берді. Ол мені көргеніне қатты қуанған сияқты. Үйге өзіммен бірге алып қайттым. Теңізге шығып саяхат жасау туралы көпке дейін ойламадым, тартқан азап, көрген қорлығым біраз уақыт көз алдымнан кетпеді. Әрине, аралдың арғы жағында қайығым болса, жаман болмас еді, бірақ оны әкелудің амалын таба алмадым. Аралдың батыс жақ бөлігі маған тіпті таныс емес. Егер ол жақтың ағысы да мына жағындағыдай қатты болса ше? Тағы да ағыспен теңізге түсіп, қайығым жарға соғылып, сүйегім шашылып қалар. Осындай ойларды төңіректеп қайық жасап, оны теңізге түсіру үшін қара тер төгілсе де, қайықсыз-ақ күн көрермін деген шешімге келдім.

Осы оймен жүргенде жылға жуық уақыт өтті. Оқырмандар көз алдына оңай елестетер жалғыздықта, бірқалыпты өмір өтіп жатты. Менің ойларым бір жүйеге құрылған, тыныш өмір сүргенім үшін өзімді бақыттымын деп есептедім. Тек адамдар қоғамынан қол үзгенім болмаса, басқалай мұқтаждық көргенім жоқ.

Тұрмыс талабына тәуелді болып, шеберлігімді жан-жақты арттыруға тура келді. Құралдарымның кем болғаны болмаса, менен жақсы ағаш шебері шығар еді деп ойлаймын. Мен қыштан ыдыс жасауды да меңгеріп алдым, қыштан ыдыс жасау менің жұмысымды жеңілдетті және сапалы болды. Бұрынғы ыдыстарымның кескіні қалай болса солай болып шықса, енді оларды әдемі етіп жасайтын болдым.

Өзіме темекіге мүштік жасағанымдағы қуанғанымды көрсеңіз,

– бұлай ешқашан шаттанбаған болармын. Әрине, менің қыштан күйдіріп жасаған мүштігім басқа да жасап шығарған нәрселерімдей сырт пішіні өте келіссіз еді, бірақ мықты, түтінді жақсы шығарады, маған әйтеуір темекі соруға жараса болғаны, өйткені мүштікті жасауды көптен бері ойлап жүретінмін және өзім шылым тартуға құмар едім. Кемеде мүштіктер көп еді, салатын темекісі жоқ, мұның қандай қажеті бар деп алмағанмын, аралда темекі өсетінін мен ол кезде қайдан білейін. Соңынан кемеге барғанымда бірде-бір мүштік таба алмадым.

Мен себет тоқу өнеріне де ықыластандым, себеттің алуан түрін тоқып шығардым. Себеттерімнің сыртқы пішімі келісті болмаса да, ұн салып қоюға, әйтеуір нәрселерді салып тасуға өте қолайлы еді. Мен атып алған ешкімді үйге арқалап қайтпай, сол жерден сойып, етін себетке салып әкелетін болдым. Тасбақаның да ішін жарып, жұмыртқасын, керектілерін аламын да, керексізін сол жерге тастап кетемін. Орған бидайларды үлкен себеттерге салып қоятын болдым.

Оқ-дәрімнің бірте-бірте азая бастағаны сезілді. Оқ-дәрім таусылса, оның орнын қалай толтыра аламын. Егер шынымен де оқ-дәрі таусылса, қалай күн көремін, аңды қалай ауламақпын. Аралды мекендегеніме үшінші жыл болған кезде, ешкінің бір жас лағын ұстап алып, асырағаным туралы бір әңгімемде келтіріп өткен едім. Мен тағы лақ ұстап аламын ғой деп ойлағанмын, бірақ ұстап алудың реті келмеді. Менің баяғы лағым әбден қартайды. Оны сойып жеуге қимадым.

Оныншы жылдан он бірінші жылға аяқ басқан кезде оқ-дәрім таусылды, енді мылтықпен атуды қойып, ешкіні тірілей қолға түсірудің амалын қамдадым. Әуелі ешкіні лағымен ұстап алғым келді. Тұзақ құра бастадым. Тұзақты бірнеше жерге құрдым. Тұзаққа ешкілер түсті, бірақ одан келер пайда болмады. Себебі темір сымдардың жоқтығына байланысты тұзақты ескі жіп арқандардан кердім, оны ешкі тартқылаған кезде шыдамай үзіле берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий