Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жыл жарым уақыттан соң ешкінің саны лақтарын қоса есептегенде, он екіге жетті, екі жылдан соң қырық үшке жақындады (менің азық қылғандарымды есептемегенде). Енді менде бес қоршалған аула пайда болды, оларды ешкілерге арнап бес бөлікке бөлдім және олар бір-бірімен қақпалар арқылы жалғасып тұрды.

Осылай мен ешкі етіне қарық болдым, ет қана емес, сүт те мол болды. Мен үшін тағы бір тағдырдың сыйы, ешкілерді көбейтемін деп жоспарлағанымда, олардың сүтінің пайдама асары ойыма келмепті, артынан барып оларды сауып, сүтін де қорек етемін деген ой келіп, қуанып кеттім. Аяқ асты менде сүт фермасы да пайда болды десе де артық емес. Аңды да, тірі жанды да қоректендірген табиғат өзінің бергенін пайдаға асыруды да өзі үйретеді. Мен өмірімде сиыр сауып көргенім жоқ, ешкі дегенді айта көрмеңіз. Бала кезімде май мен сырды қалай жасайтынын көргенім бар. Басында қатты қиналсам да мұның бәрін бірден үйреніп кетпедім – бірнеше сәтсіз тәжірибеден кейін – сауып та, май мен сыр жасап та үйрендім, бұдан былай бұларды дайындау үшін еш зәрулік көрмедім.

Керемет деген адамның өзі менің үй-ішіммен түстеніп отырғанымды көрсе, шыдап тұра алмай, езу тартар еді. Әуелі төрде өзім отырамын – арал қожасы, патшасы және әміршісі, өзімнің бағыныштыларыма қалай әмір етемін десем де еріктімін: азаптай аламын, кешірім етемін, еркіндік беремін немесе тәуелді ете аламын, менің ісіме ешкім наразы емес. Бағыныштыларыммен бір үстелдің басында патшадай шалқайып отырып түстенгеніме тек куә болсаңыздар болды. Менімен әңгімелесуге сүйікті тотыма ғана рұқсат берілген. Итім әбден қартайып алжыды, аралды кезіп жүрсе де өзіне бір серік таба алмады, тамақтанар кезде ол менің оң жағымда отырады, ал екі мысықтың біреуі үстелдің бір жағына келіп, екіншісі екінші жағына келіп, алдарына жейтін бір нәрсе тастағанша көздерін сығырайтып, пырылдап отырады да қояды.

Бұлар менің кемеден әкелген мысықтарым емес: олар әлдеқашан өліп, бәрін де өз қолыммен үйдің жанына көмгенмін. Оның біреуі, қалай екенін білмеймін, бір хайуанмен шатысып балалаған болатын, екеуін алып қалып асырадым, қалғандары орманға қашып кеткен. Бұл мысықтар өзіме пәле болып жабысты: сарайдағы азықтарды тіміскілей бергесін, өлтіріп тыныш тапқанмын. Мінеки, осылай менің күндерім тоқшылық пен молшылықта өтіп жатты, тек адамдар қоғамы болмаса, басқалай ешнәрседен мұқтаждық көргенім жоқ. Енді менің қол астымда өзімнің кішігірім мемлекетім пайда болды. Теңізге түсіп саяхатқа аттанбаймын деп шешім қабылдасам да, ара-арасында серуендеп қайту үшін қайықтың болғаны дұрыс деп пайымдадым. Оны аралдың өзім тұрған жағына жеткізудің амалын қарастырып біраз ойландым, жеткізудің оңай емесін түсіндім де, қайықсыз болғаным да жөн екен ғой деп өзімді-өзім жұбаттым. Дегенмен де теңіз ағысын, жағалауды қарап қайту үшін соңғы рет қайықпен саяхатқа шығарда биігіне шыққан төбені көріп қайтқым келді. Шыдап тұра алмай, жағаны бойлап солай қарай жаяулап тартып кеттім. Егер біздің Англияда жүргіншілер үстінде мендей киімі бар біреуді көрсе, қорыққандарынан естерінен танып шалқасынан түсер еді немесе ішек-сілесі қатқанша күлер еді; Йоркширді дәл осы күйіммен араласам, олар түгіл өзім де өзіме еріксіз күлер едім. Енді сіздерге күлкі тудырар өзімнің сырт пішінімді айтып беруге рұқсат етіңіздер.

Менің басымда күн түспеу үшін, ал жаңбыр жауғанда мойныма су кірмеу үшін, арт жағын салбыратып желкемді жапқан, алды қайырылып екі жағы иыққа түскен, пішімі өте келіссіз, төбесі шошақ, ешкінің терісінен тіккен қоқиған қара тымағым бар. Қапырық мекенде үстіңдегі киімнен өткен жаңбырдан залалды нәрсе жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий