Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бірнеше күн өткеннен соң, өз-өзіме келіп үйден далаға шыға бастадым, адам ізіне куә болып қайтқан күннен бастап, үш тәулікке дейін қамалдан шықпақ түгіл сығалап та қарағаным жоқ, тіпті ашығып та қалдым: үйде азық-түлік сақтамай-тынмын, үш тәулік өтіп, төртінші тәулікке аяқ басқанда бір күлше арпа наны мен судан басқа ішіп-жер түк қалмады. Менің жаныма батқаны – үш күнге дейін ешкілердің сауылмай қалғаны, бұрын күнде кешкісін сауып тұратын едім: малға обал болды-ау, суалып кете ме деп те қорықтым. Қорыққаным расқа шығып, ешкімнің көбі ауырып, сүт шықпай қалды.

Өзімнің ізім екеніне сеніп, өз көлеңкемнен өзім қорыққаныма көзім жетіп, енді еркін жүріп, саяжайға барып ешкілерімді сауа бастадым. Сіздер менің қорыққанымнан аяғымды әрең басып, өне бойымды үрей билеп, жан-жағыма алақтап қарағанымды, бір нәрсе сытыр етсе, маңдайына себетті лақтыра салып, тұра қашуға оңтайланып келе жатқан қалпыма куә болсаңыздар ғой, – мынау бір ар-ұяты қысып, қайда тығыларын білмей жүрген қылмыскер немесе бір нәрседен үрейі ұшқан адам ғой деп ойлар едіңіздер (солай болғаны да рас).

Екі-үш күн үрейленгенімнен есім шығып, үйге кіріп-шығып қана жүрдім, бірақ күдіктенетіндей ешнәрсе байқалмады, үрейім де басылды. Қорқынышты туғызған өзім ғой деп ойлап, оныма көз жеткізе бастадым: бірақ көңілімде күдік қалмасын деген ниетпен жағаға тағы барып, көрген ізімді табаныммен өлшегім келді: егер екі іздің екеуі де менің табаныма сәйкес келсе, онда мен өз-өзімнен үрейленіп жүргенім. Жұмбақ ізді көргенде аңғарғаным, біріншіден, мен сол кезде қайықтан түсіп үйге оралар жолда, жиектің бұл жағымен жүретін тіпті жөнім жоқ еді, келгенім де жоқ, екіншіден, ізді табаныммен өлшегенімде менің табаным одан әлдеқайда ықшам болып шықты. Қорқыныштың тұманы көз алдыма қайта үйірілді, безгегі ұстаған адамдай тұла бойым қалтырады, неше түрлі ойлар санамды жаулап алды. Менің аралыма адамның келгеніне көзім жетіп, үйге қайттым. Бұрын білмей жүрсем, бұл жерде адамдар бар екен, бір күні жайбарақат жатқанымда баса-көктеп келіп, тұтқындап алып кетсе не істемекпін деп ойладым. Бірақ бұл қауіптен құтылудың еш амалын таппадым.

Қорқыныштың тұзағына түскен адам не ойламайды, қандай шешімге келмейді десеңізші! Қорқыныш біздің ерік-жігерімізді билеп, ақылға келуге мұрша бермейді. Жабайылар ешкілерімді, менің егінімді көрсе, олжалы болу үшін олар аралға жиі келіп тұратын болады, ал егер олар менің үйім бар екенін білсе, сөз жоқ, іздеуге кіріседі және мені табады деп ойладым. Басыма келген алғашқы ой – аулаларды қиратып, ешкілерді еркіне қоя беру, егіндік жердің бетін топырақпен жауып, арпа мен күріштің масақтарын жұлу, дұшпандарым аралда тіршіліктің бар екенінен бейхабар болуы үшін саяжайды да құрту болды.

Бұл жоспар аралдың екінші жиегіне барып ізді зерттеп қайтқан күнгі түнде куә болғандарымның ізі суымаған, қызулық үстінде болған әсер-тін. Көрінген қатерден келер қатердің қаупі күштірек, болатын жамандық – болған жамандықтан мың есе ауыр. Сол сапарда маған қиын тигені – жанымды жұбатар ешнәрсе таба алмағаным, дұға оқысам да, жалбарынсам да өз-өзіме келе алмадым. Ешнәрседен жұбаныш таба алмадым, егер бұрынғыдай құдайға құлшылық қылсам, тағдырдың бұл тосын сыйын жеңіл көтерер едім және алдағы қауіпті де тайсалмай қарсы алған болар едім. Анталаған ауыр ой түні бойы кірпік ілдірмеді. Жаным қиналып, әбден қалжырадым, таң алдында көзім ілініп қатты ұйқыға кеттім, оянсам, бойым жеңілдеп, едәуір тынығып қалыппын. Енді санадағы есірік қиялдарды қуып, таразылай бастадым. Қорытындым мынау болды: менің аралымда түрлі өсімдіктер өседі және жер шетіне жақын, аралда адам бар деп ойлауым теріс, түпкілікті мекендеп қалып қойғандар тағы жоқ. Бірақ жабайылар қайықпен келуі де мүмкін: бұл жерге ағыспен я желдің күшімен жеткен шығар, қалай десек те, олар бұл араға келіп-кетіп жүре алады. Бірақ он бес жыл тіршілік еткен мен соңғы кезге дейін аралда тірі жанның бар екенін сезгенім жоқ, мүмкін, жабайылар келсе, келген де шығар, бұл

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий