Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

жерді қоныс қылуды ойға да алмай кетіп қалған шығар.

Мендегі жалғыз-ақ қауіп – анда-санда келіп-кетіп жүргенде оларға ұшырасып қалмасам деген ой болды. Бірақ бұл жерге өз еріктерімен емес, оларды теңіз арқылы жел айдап келген шығар, жел басылғанша бірер күн түнеп, елдеріне қайтқан болар деп те ойладым.

Егер жағдай осылай болса, олар осы аралға аяқ басар болса, бас сауғалар орынды сайлауым керек деп түйдім.

Мен енді өзімнің үңгірімді кеңейтіп, есікті сыртқы жағынан шығара бастағаныма өкіне бастадым. Енді үңгірдің сыртқа шығатын есігін іште қалдыру үшін үйімнің жанынан тағы бір қорған тұрғызуды ойладым. Қабырғаларын көтеріп қорған тұрғызудың қажеті жоқ, себебі көп жыл бұрын үйді айналдыра еккен ағаштарым биіктеп, өзінен-өзі қорғанға айналып кеткен, ендігі міндет – солардың ара-арасынан қазықтар қағып нығайту және осылай істедім де. Енді менің қамалым екі қабаттан тұрды. Үйдің ішкі жағын қалыңдығын он футқа жақындатып топырақ үйіп бекіткенім туралы оқырмандарым біледі. Бұл шаруа үңгірді кеңейтіп жатқанда аяқталған, үңгірді қазғанда алынған топырақты қорғанның ішкі жағының түбіне төгіп таптай бергенмін. Қорғанымның сыртқы жағын жоғарыда суреттеп бергенмін, екі қатар болып тізілген ағаштар арасына қазықтар қағылған, қуыс қалған жерлер арқандардың үзіктері, кескен ағаштардың қалдықтары, тағы да басқа қолға түскен нәрселермен толтырылған. Мушкеттің ұңғысын тығып қою үшін жардың жеті жерінде өте тар, кісінің қолы әрең сыятын етіп тесік қалдырғанмын. Сол жеті тесіктің жетеуіне де қауіпті кезде дайын тұрсын деп сирақтар қадап, мушкеттердің аузын сыртқа қаратып орналастырдым (кемеден жеті мушкет алғанымды да бір әңгімемде сіздерге айтқанмын). Қиналған сәтте жетеуін де қас қағымда іске қосар жайым бар. Бұл қорғанды нығайту үшін ұзақ айлар ауыр еңбек еттім, қорғаным әбден ойдағыдай болғанша келер қауіп жоқ деп жайбарақаттыққа салынбадым. Менің бар шаруам тек осымен ғана шектелген жоқ.

Қорғанның сыртына талға ұқсас ағаш еккен едім, ол ағаштар қаулап өсті. Жаңылмасам, отырғызылған ағаштарымның саны жиырма бес мың түптен кем емес деп ойлаймын. Үйдің сыртқы қабырғасы мен алдыңғы беттегі ағаштардың арасын кәдімгідей ашық қалдырдым, егер менің қорғаныма жау келсе, алыстан байқаудың реті жоқ және олар ағаш түбіне жасырынып бекіне алмайтын болсын дегенім еді.

Екі жылдан кейін менің үйімнің алдында кішігірім тоғай пайда болып, бес-алты жыл өткен соң ит тұмсығы өтпес ну орманға айналды. Қалың ағаштардың ар жағында адам баласының үйі бар деп ешкім де ойламас еді. Қорғаныма кіріп-шығу үшін мен екі басқышты пайдаландым, біреуін қабырғаның төмендеу жеріне сүйеп, екіншісін оның үстіне қойдым, осы екі басқыш тұрғанда маған тірі жан жуи алмас еді. Айталық, жүректі біреу тау жақтан келіп менің қорғаныма енгісі келді делік, бәрібір ол қорғанға ене алмайды, тіпті енбей тұрып омақаса құлап кетеді. Бақытсыздыққа ұшырамау үшін ақыл жеткен шаруаның бәрін істедім, бар ықыласымды салдым, оқырмандар соңынан куә болар (ол кезде қорқыныштың әсерімен істеген істерімнің бәрі де, қоршауымды мықтағанымның да аса пайдасы болмайды).

Қара басыма қара түн орнай қалса деп қауіптенгеніммен, өзімнің ұсақ шаруаларымды да ұмытқаным жоқ. Сол бұрынғыша ешкілерімді бақтым. Ешкілерім – жесем ет, ішсем сүт, кисем киім болды, осының арқасында аңға шығуды қойдым, оқ-дәрім бүтін қалды, күш-қайратым мен уақытымды үнемдедім. Мұның қаншалықты пайдалы екенін түсіндірмесе де болар, сондықтан қолда бардан ажырап, қайтадан жаңа іс бастағым келмеді.

Тығырықтан шығып, ешкілерімді аман сақтаудың, меніңше, екі түрлі жолы бар: кешкілік ешкілерді үңгірге қамау (ол үшін жаңа үңгір қазуға тура келер еді) немесе көзге түспейтін таса жерден бір-бірінен аулақ екі-үш қора соғып, түнге қарай сонда қамау; мұның пайдасы, егер әлдеқалай жағдаймен ешкілер қырылып қалса, тірі қалғандарын баптап, өсіріп күнелтуіме болады. Ақырында соңғысына тоқталдым, көп еңбекті тілесе де, соңғысына көңілім ауды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий