Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үстімде белуардан келетін қысқа қамзол, шалбарым шолақ, тіземді жаппайды, бұлар да ешкінің терісінен істелген, кәрі ешкінің ұзын жүндері бар жері шалбарыма түсіпті, жүні жалбырап балтырымды жартылай жауып тұр. Шұлық, башмақ дегендер менде атымен жоқ. Олардың орнына қалай атасам екен…. тіпті қалай атарымды да білмеймін… қысқа етік сияқты, шұлық дегенге де келеді, арт жағынан қайырылған, енді түрі нағыз жабайылардың киетіні дегенге келеді.

Күртешемнің сыртынан жүні сылып алынған, ешкінің терісінен істелген белдік будым; белдіктің доғасы кішілеу екі қайыстан жасалған, соған іліп тартамын да, айналдырып әкеліп екінші жақ бүйірімнен қыстырып қоямын. Белбеудің бір жағына ілмек тіктім, әрине, қанжар мен қылыш салып жүруге емес, балта мен ара қыстырып алу үшін. Иықтан төмен тартқан түймешекті былғары белбеу бар: ол белдіктен жіңішкелеу. Бұл белбеуде оқ-дәрі салу үшін сол жақ қолтықтың астына келтіріп тіккен екі қалта бар: біріншісіне оқ-дәрі, екіншісіне бытыра салу үшін. Арқама себет іліп алдым, иығымда мылтық, төбеме көтергенім – дағарадай қолшатыр; қолшатыр – мылтықтан кейінгі жан сақтайтын ең керекті жабдықтарымның бірі. Экваторға өте жақын тұрсақ та, мен күннен қорғанбай жүре бердім, сондықтан түріме қарап мулат деуге болатын шығар. Бір кезде сақалымды өсіріп қоя берген едім, қайшы мен ұстара пайда болғасын оны қысқартып, мұсылмандардың жоғарғы еріндеріне қоятын ұзын мұртының формасына ұқсас қылып қана қалдырдым, – мұндай мұрттарды Салехадағы түріктерден көргенмін, ал мароккалықтар мұрт қоймайды; олардың ұзын болатындығы сондай, – әрине, оған бас киімді іліп қоя алмассың, – бірақ Англиядағы балаларды қорқытуға жарап қалар еді. Мен мұны жай айтып отырғаным ғой, әйтпесе аралда менің бетіме я түріме қарайтын кім бар дейсің, сондықтан олардың қандай пішінде болатындығы бәрібір емес пе? Осымен сақалым туралы әңгімені доғарайын.

Жоғарыда баяндағанымдай, бес-алты күнді құраған жаңа сапарға аттандым. Әуелі жағаны бойлап теңіз ағысын, содан кейін жағаны байқау үшін соңғы рет қайықпен саяхатқа шығарда биігіне шыққан төбеге қарай жүрдім, қайығым болмағасын, әлгі айтылған төбеге төте жолмен тарттым. Төбенің басына шығып, жартастарға (қайықпен келгенде) көз салсам, теңіз беті жайбарақат: я толқын жоқ, я ағыс жоқ, көрдім де таңғалдым.

Мен бұл жұмбақтың шешімін таба алмай, ұзақ уақыт телміріп теңізден көзімді алмадым. Бұл ағыстың батыстан тасыған судың өзен құйылысына келіп түскенінен болатынына көзім жетті. Сондықтан әлгі ағыс жел Батыстан немесе Оңтүстіктен соқса да, жағаға біресе жақындап, біресе алыстап жатады екен. Расымен де осылай ма, әлі де байқап көрмек болып, кешке дейін сол арада кідіріп, төбенің басына тағы шығып қарадым, ағысты бірден байқадым, бұл ағыс менің қайығымды теңізге алып кеткен жерден біршама қашық, ол бір жарым миль шамасындай тұста көрінеді, “мұның да қаупі анда-санда екен ғой” дедім, расымен де, тек су көтерілген кезде ғана қауіпті екен.

Осы жайларға куә болған соң, қайықты аралдың өзім тұрған жағына жеткізуге еш кедергі жоқ екен деген қорытындыға келдім: оны жеткізу үшін ағыстың жағадан қашықтағанын күтсе болғаны. Бірақ бұл жоспарды іске асыруға дайындық үстінде өткен жолғы қауіп-қатер есіме түсіп, жүрегім қобалжып, бойымды қорқыныш биледі. Қайықты аралдың екінші жағына жеткізу туралы ойдан арылып, басқаша шешімге келдім, – ол дұрыс шешім болды, бірақ біраз әбігері бар: қайта қайық жасау, яғни аралдың екі жағында екі қайыққа ие болу.

Бұл мекенде менің екі тұрағымның бар екендігі оқырмандарға мәлім. Сыртқы жағын қос қабаттап соққан, ішкі жағында шатыры және азық-түлік қоятын сарайы (үңгірі) бар, тау қойнауындағы шағын қорған; бірнеше бөлмелер жасап, үңгірдің ішін кәдімгідей кеңейттім. Үңгірдің үлкен бөлмесінде (жоғарыда айтылған іштен тесіп сыртқа шыққан) өз туындыларым – үлкен күрешкелерім және он бес-он алты шұңғыл себеттерім бар, біреуі де бос тұрған жоқ, бәрі азық-түлікке толы; дені – ұн, жарма күйінде үгітіп салғанмын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий