Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түні бойы көз ілмедім, үрейленгенім – адамның көзіме түспегені еді, сондықтан одан сайын қорықтым. Бұл – жай кездегі үрейден басқаша қорқыныш. Адам ізі айдалада қалса да қорқыныш үстіне қорқыныш үстеліп, берекем қашты. Бұл шайтанның ізі емес пе екен деген тағы бір ой келді, осы қисыным дұрыс сияқты. Расымен де, адам бейнесіндегі шайтаннан басқа бұл жерге кімнің аяғы жетеді? Адам болса, оны бұл жерге жеткізген қайық қайда? Оның басқан басқа іздері қайда? Адам бұл жерге қалай келе алады? Басқалай айтсақ, адам бейнесіндегі шайтан тек бір ғана мақсатпен, – шөл басқан менің аралыма ешкімнің көзіне түспей, ізін қалдыру үшін ғана келген деп ойласақ, – күлкілі болар еді. Егер менің дұшпаным адам баласы болса, мені қорқыту үшін бұдан өзге айла табар еді. Жоқ, шайтан мұншалықты ақымақ емес. Және менің аралдың осы жағында екенімді біле тұра, теңіздің жағасында, оның үстіне толқын бір-ақ рет соққанда шайып кететін құмға аяғының ізін не үшін қалдырып кетеді. Мұның бәрі менің ішкі ойым, әрине, біздің қарапайым ойымызбен шайтанның қулығын салыстыруға әсте келмес.

Жоғарыда айтқан болжамым бойынша өз ойымның бұрыс екеніне көзім жетті: бұл шайтанның ізі емес дегенге тоқтадым. Егер бұл адамдар болатын болса, – олармен ұшыраспағаныма қуандым: олар менің қайығымды көріп қойса, аралда адамдар бар екен деп тіміскілеп іздер еді. Үрейлі ойлар анталады: егер олар менің қайығымды расымен көріп қойса ше? Мысалы, бұл жерде адамдар мекендейді десек ше?.. Осылай болатын болса, олар тайпаларымен жамырап келіп, мені тауып алып, бірден бас салып жеп қоятын шығар… Мені таппағанның өзінде – алаңқайымды, жайылымымды көріп, егінімді таптап, ешкілерімді қуып жіберетін шығар; сонда маған аштан өлуден басқа жол да қалмайды ғой…

Қорыққанымнан құдайымды ұмытып кеттім, оның қиын сәтте мені жарылқағаны әп сәтте есімнен шықты; оған деген үмітім аяқасты жоғалды; маң далада болса да мен үшін азық тауып беріп, мені жарылқаған құдіреттің өзі де ендігі менің дәулетімді қорғап қала алмайтындай көрінді. Ал бұрын дәл осы игілікке жарылқаушының жомарттығының арқасында ғана қолым жетті, сол үшін өзімді оған қарыздармын деп сезінуші едім.

Адам тағдыры тұрлаусыз екен! Біздің құштарлығымызды арттырып тұратын тылсым күш те әр кез құбылып тұрады! Бүгін жақсы көріп тұрғанды ертең жек көресің; ертеңгі ат-тонымызды ала қашар нәрсеге бүгін ынтық боламыз, бүгін қол жетпеген нәрседен ертеңіне қашып әлекпіз. Міне, мен қарама-қайшылықтың құрсауында қалдым. Менің бақытсыздығым – адамдардан аластатылғаным, ұшы-қиыры жоқ теңізде жалғыз қалғандығым; маңдайыма мәңгі-бақи қасірет жазылып, тірі жандардың қатарында есепке алмай, өзім сияқты екі аяқтылармен тілдесуге зар қылған құдайдың қарғысына ұшыраған қылмыскер сияқтымын. Жаным аман қалғаннан кейін құдайдың құдіретімен өлгендер арасынан тіріліп келсем де, адам баласының жүзін көру мен үшін үлкен бақыт еді: менің аралыма түскен адамның ізі, тіпті көлеңкесін көрген сәттен ақылымнан адасатын шығармын деген ойдан берекетім қашты.

Ойдан ой туып, бір шешімге келе алмай, қорқыныштан аңырып тұрғанда: өз басыма өзім қайғы салып, осы оқиғаны ойдан тудырып алған жоқпын ба, қайығымды көріп кету үшін келіп-кеткендегі бұл өзімнің ізім шығар деген ой туды. Мысалы, мен үйге қайтқанда басқа жолмен кеткенмін десем, бірақ өткен жолы да осы жолмен жүргенім жоқ. Және бұл баяғыда болған, қазір мен өткен жолы емес, осы жолы жүрдім деп сенімді түрде айта алмаймын. Әрине, мен, иә , бұл менің ізім деп өз-өзімді сендіруге тырыстым және бұл болған оқиғада мен – өзі ойлап тапқан қорқынышты ертегіден өзі қорқып, енді өзі жасаған елесті өзі тексеріп отырған ақымақтың кейпіне еніп едім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий