Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді менің қоршауымның сырт жағына келер болсақ, айналдыра қаққан қазық ағаштар тамырланып, орман болып өсіп кетті деп айтып едім ғой. Қоршауы ағаштардың тасасында қалған соң бұл жерде адам баласы тұрады деп ешкім ойламайды.

Қорғанымнан қашық емес, таудың етегінде, аралдың түкпіріне қарай екі егістік жерім бар. Ол жерлерде арпа, күріштен жылма-жыл жақсы өнім алып тұрдым. Егер маған егістік жерімнің көлемін кеңейту керек болса, маңайдағы жердің бәрі қолайлы.

Екінші тұрағым – орманда. Ол тұрағымды өте үлкен махаббатпен тұрғыздым: ішінде баспалдағы бар, айналдыра қолмен отырғызған ағаштардың бастарын үнемі қырқып, тегістеп тұрдым, сондықтан олар жан-жағына жайыла өсіп, төгіліп көлеңке болып тұрды. Қорғанның ішкі жағында жапырақ көлеңкесінің астында желкен секілді шатыр бар. Шатырдың ішіне ешкінің терісінен жасап өзіме төсек салып қойдым; төсектің үстінде – кемеден алған теңізшінің көрпесі мен шинелі. Түнде жатқанда үстіме жамылып жатам, себебі бұл жерде бірнеше күн түнеп жүрген кездерім болды.

Ал мына саяжайда ешкілерді қамайтын аулам бар. Бұны қоршау аса қиындық тудырды. Ешкілер қоршауымды бұзып кете ме деп қауіптендім, қаққан қазықтарым тамыр жайып, бұтақтары жайқала бастады, менің кермелерім көктеп, нағыз қорғанға айналды.

Жоғарыда айтқан еңбегімнің жемісі – менің ерінбей тер төккенімнен; қандай шаруаны атқарсам да, нәтижесінде бәрі өзімнің игілігім үшін еді.

Ал енді үй жануарларын асырап, тұқымын көбейту – менің күнелтуімнің негізгі көзі; қорамдағы ешкінің саны менің өміріме жетерліктей еді, ал енді тағы қырық жыл өмір сүремін десем, қорымда қорек етер ет, сүт, ірімшіктің мол болуы үшін – ешкілерімнің болуы, ал ешкіні ұстап тұру үшін, ауламның жайы дұрыс болуы керек еді.

Менің саяжайымның маңайында жүзім қаптап өсетіндіктен, оларды кептіріп сақтаушы едім. Оларды тек дәрі-дәрмек есебінде емес, дастарқаныма сән берер нәрлі, сіңімді, жан сергітер жеміс ретінде де пайдаландым.

Ормандағы саяжайым – менің ордам мен қайық қойып кеткен жердің маңайында. Сондықтан саяхатқа шыққан сайын саяжайыма келіп түнеймін. Қайығыма жиі барып, амандығына көз жеткізіп қайтушы едім. Кей кездерде жағада қайықпен жүзуші едім, бірақ жағадан ұзап көргенім жоқ, теңіздің қатты ағысы мен басқа да тосын жайлардан жүрегім шайлығып, тартынып қалғанмын. Енді мен өз тіршілігімнің жаңа кезеңі туралы баяндай кетпекпін.

Бір күні түс кезінде қайығымды көрмек болып теңіз жағалап келе жатыр едім, құмға түскен жалаңаяқ адамның ізін көрдім. Төбемнен жай түскендей болды, шайтан көргендей болдым деуге де болады. Мен тұра қалып тың тыңдадым, жан-жағыма қарадым, бірақ сезікті ешнәрсе көре де, ести де алмадым. Маңайымды бағдарламақ болып төбеге шықтым; одан төмен түстім, жиекті жағалап біресе ілгері, біресе кейін жүрдім, ешкім жоқ және басқа із де көрінбеді. Куә болғаным расымен адамның ізі ме әлде басқа нәрсе ме деген күмәнмен әлгі жерге тағы келдім, жаңылмаған екенмін, адамның ізі: өкшесі, табаны, башпайы – бәрі ап-анық. Ол адам бұл жерде қайдан пайда болды? Әрі ойлап, бері ойлап дал болдым. Біле алмай дағдардым. Қорыққаным сондай, үйіме құстай ұшып жеттім. Артыма қарай бердім, қарай бердім, әр қуыс, әр бұта, теңізде көпіршіген көбікке дейін көзіме адам болып елестеді. Көз алдыма неше түрлі нәрселер, жол бойы басыма не түрлі қисынсыз ой келгенін білсеңіз ғой. Өзімнің қамалыма (сол кезден үйімді қамал деп атағанмын) жете беріп, қоршауымның аржағынан қалай кіргенімді білмеймін. Басқыш арқылы немесе төбесінен секіріп түскенімді, сыртқы есіктен кіргенімді, өзім қазып жасаған жол арқылы үйіме қалай енгенімді екінші күні де есіме түсіре алмадым. Қорыққанда қоян да, түлкі де өздерінің ініне мен

сықылды бірден сүңгіп кете алмас еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий