Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді ор қазғым келді. Ешкінің көп жайылатын жеріне терең етіп үш ор қаздым да, бетіне талдар тастап, үстіне жапырақ жауып қойдым, айналасына күріш пен арпаның дәндерін тастадым. Көп кешікпей-ақ ешкілер тек арпа мен күріштің басын жеп, орды айналшықтап жүретін іздеріне куә болдым. Енді мен еліктіру үшін басқаша тор құра бастадым, сонда да жемді жеп кетіп, өздері сау қалып жүрді. Әрине, бұл мен үшін ауыр болды. Бірақ сонда да құлазымай, ордың бетін басқалай жасырдым (бастан-аяқ баяндап оқырманды жалықтырғым келмейді). Келесі күні ордың біреуіне бір үлкен теке, екіншісіне үш лақ түсіпті, лақтың екеуі – ұрғашы, біреуі – еркек. Әлгі текені шығарып қоя бердім, өйткені оны не үшін пайдаланарымды білмедім. Өзі жабайы, ашушаң екен, тірілей қолға түсіру мүмкін емес, маңына жолатпайды (орға түсуге қорықтым), ұрып өлтірейін десем, қолымда ешнәрсе жоқ, ордың бетін ашқаным сол еді, қарғып шықты да, зыта жөнелді. Бірақ ол кезде аштық деген арыстанды да алып жығарын қайдан білейін. Егер сол кезде текеге нәр татырмай, үш-төрт күн орда ұстап, артынан шөп, су бергенімде, лақтан да жуас боларын қайдан білейін! Бабын таба білсе, ешкі деген асырауға көнгіш, қолға үйретуге болатын мал екен.

Қайталап айтамын, дәл сол кезде мен мұны білген жоқпын. Текені бетімен жібердім де, лақтар түскен орға келдім, бірінен соң бірін сүйреп шығарып, арқанға матап байластырдым да, үйге әрең әкелдім.

Ұзақ уақыт лақтарды қолдан тамақтандырып үйрете алмадым. Бергенімді жемеді, бірақ пісіп-жетілмеген арпа мен күріштің сабақтарын алдарына бірнеше рет тастап едім, аздап үйрене бастады. Енді ешкіні өсіріп көбейткім келді, оқ-дәрі біткен кезде өзімді етпен қамтамасыз етудің жалғыз амалы осы болды. Ең әуелі оларды жабайы ешкілерге қоспауым керек, әйтпесе олар өсе келе бәрібір орманға қашып кетеді. Бұған қарсы қолданатын бір ғана тәсіл – шығып кете алмайтындай, қазығын мықты қылып қора жасау.

Қора жасау жалғыз адамның қолы үшін оңай шаруа емес. Бірақ қажеттілік соған мәжбүрлеп тұр. Сондықтан кешіктірмей-ақ қора салуға қолайлы орын іздеуге кірістім, менің ешкілерім үшін шөбі, суы қашық емес және көлеңкелі жер керек.

Мұндай жер көп іздеттірмей-ақ табылды: бұл кең тоғай немесе біздің батыс аймақтарында саванна1 деп атайтындай: екі-үш жерде ағып жатқан бұлағы қылаң беріп, суы мөлдір, таза, бір жағында мол көлеңкесін төккен бір шоқ биік ағаштар тұр. Бірақ мұндай қоршаулардың қалай тұрғызылатынын кім біледі, менің тұрғызған қоршауымды көргендер күлетін шығар: бастапқы жоспарым бойынша тоғайды түгелімен қоршап шықпақшы болғам, тоғайдың айналасы екі мильден артық болмаса кем емес.

Менің ақымақтығым екі миль жерді қоршағанымда емес: екі миль не, он миль не, қоршап шығу қолымнан келеді, уақыт та жеткілікті. Бірақ айналасын бітегеніммен көлемі сондай үлкен қоршауда ешкі бақтың не, оларды аралға жамыратып жібердің не, айырмасын ескермегенімде, бұларды қалай бақсаң да сол жабайы қалпында қалар еді және оңайлықпен ұстатпас еді.

Жоспарымды өзгертер осы ой менің басыма жеткенше елу метрдей қазып тастаған едім. Енді ұзындығын – жүз елу, енін жүз метр шамасындай етіп тоғайдың бір бұрышын бөлу; бұл әзірше менің бар малыма жайылым бола алады, ешкі басы көбейген кезде жайылымға жаңадан жер қарап, өрісін кеңейтермін деген шешімге келдім.

Бұл жан-жақты ойластырылған шешім еді, мен белсене іске кірісіп кеттім. Бірінші учаскені үш ай дегенде қоршап бітірдім, мұнан кейін лақтың үшеуін де кіргіздім, өзіме әбден үйрету үшін босатпайын деп аяқтарын тұсап, маңайымнан шығармай жүрдім. Үнемі келіп қарап тұрамын және келген сайын арпаның немесе күріштің сабақтарын әкеліп, дағдылансын деп қолыммен жегіземін. Қоршауым тұрғызылып болған соң тұсауларын шешіп, еркіне жібердім, әбден үйренгендері ғой, кетер кезімде жем дәметіп, маңырап соңымнан қалмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий