Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл жерде бір айта кетерім: менің жаңа қайығым әуелгі мақсатты жүзеге асыруға келмейтін болды, себебі көлемі тым шағын, сондықтан ондай қайықпен менің аралымнан қырық мильдей жердегі құрлыққа жетудің де мүмкіндігі жоқ. Енді бұл арманмен қоштасуға тура келді. Менің ендігі ойым – теңізді жағалап, аралды айналып шығу. Бір кездерде теңіздің қарсы жақ жиегіне барып қайтқанмын (бұл жөнінде айтып өткенмін). Менің бұл саяхатым қызығушылығымды арттырып, аралдың жағалауын түгел шарлап шықсам деген ойға бастап еді. Қайығым іске жараған соң, жатсам да, тұрсам да ендігі ойым осы сапарға аттану болды.

Мақсатыма жету үшін қайыққа кішкене діңгек пен желкен орнаттым, бұған кемеден тасыған желкен де жеткілікті еді.

Қайық дайын болғаннан кейін оны жүргізіп көрдім, байқағаным, желкен қайықты қозғауға толық дайын екен. Енді қайықтың алдыңғы жағына да, артқы жағына да азық-түлік, оқ-дәрі, тағы басқа керекті заттар салу үшін бір-бірден жәшік орнаттым, ішіндегі нәрселерге су тимейтіндей етіп үстін мықтап қымтадым, қайықтың түп жағын жонып, мылтық қояр қуыс жасадым, дымқыл өтпесін деп үстін ашылып-жабылатын қақпақпен жауып қойдым. Бұдан кейін көлеңке болсын деп қайықтың арт жағына керіп тұрып қолшатыр қададым.

Сонымен, теңізге саяхат жасай бастадым, бірақ жағадан алыстап кетпедім, әлі ашық теңізге шыққаным жоқ. Міне, енді кішкене патшалығымның шет-шегімен танысу үшін саяхаттауға бет алдым. Әзірлік жұмысы біткеннен кейін қол астымдағы жерді шарлап қайтуға жүрмекші болдым. Сапарға қамдандым, азық-түліктен бастап киім-кешек, тағы да басқа заттарды түгел алдым. Жиырма бөлектей арпаның ұнынан пісірген нан, бір күрешке қуырған күріш, бір бөтелке ром және ешкінің жарты еті, оқ-дәрі, киер киімнен алғаным – екі шинель, біреуін астыма төсеп, біреуін үстіме жамылармын дедім.

Қарашаның алтысы күні, яғни менің патша болып таққа отырғаныма я тұтқынға түскеніме бес жыл толып, алтыншы жылға аяқ басқанымда деуге болатын шығар, сапарға аттандым. Өзім ойлағанымнан едәуір жер ұзап кетіппін. Оған себеп, тура жүрудің реті келмей, едәуір жер айналып жүргендігімнен болды; мен мекендеген арал онша үлкен емес еді, бірақ күншығыс жақ жиегіне жете бергенде біріне-бірі жалғасып созылып жатқан көп жартастарға кездестім, бұлардың бірсыпырасы судың астында, бірсыпырасы шошайып су бетіне шығып тұр; тастардың тұрған жерінен теңіздің жағасы алты мильдей және тастардың ар жағында бір жарым мильдің шамасында су тайыз, түбі көрініп тұр десе де болады, қайықпен жүруге келмейді, қайырлап қалады. Міне, осындай кедергілер төтелеп жүруге кедергі болып, көп жүруге тура келді.

Осыдан кейін сол жерден кері қайтқым келді, себебі айналып жүргенде теңіздің ортасына қарай шығып кетуге тура келер еді, егер теңіздің ортасына қарай шығып кетсем, қайта оралуымның өзі екіталай болатындай көрінді. Осындай ойға келдім де, зәкірді суға лақтырып, қайықты тежедім (кемеден алған сынықтардан зәкір боларлық бір нәрсе жасағанмын), содан кейін мылтығымды қолыма алып, жиекке шықтым. Биік бір төбенің басына шығып, айналма жердің аумағына көз жүгірттім. Әрі-бері көз жіберіп қарадым да, қайтуды кейінге қалдырып, ілгері қарай жылжуға тәуекел еттім.

Әлгі биік төбенің басына шығып тұрғанымда, күншығысқа қарай бет алып, сол айналма жерге тіреліп жатқан қатты ағысты байқадым. Мұны көріп мына ағыс менің жолыма қауіп келтірмесе болар еді деген ой түсті. Егер мен бұл ағысқа тап болсам, ығыстырып теңізге алып шығады; егер теңізге бұрып жіберсе, – аралға жету қиындап кетеді. Осының бәрін күн ілгері зерделеп алмағанда, сөзсіз солай болатын еді. Аралдың екінші жағынан жағаға жетіп, оған келіп тіреліп жатқан қатты қарсы ағыстың бар екенін де байқадым. Енді маған бірінші ағысты кесіп өтіп, екінші ағысқа жету керек болды. Осы бағытпен жүрсем, екінші ағыс мені жиектен бір-ақ шығарады екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий