Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өкінішке қарай, бұл әрекеттен бас тартуға тура келді. Алды-артын бағдарламай, шамам келе ме, келмей ме,

ойланбай іске кіріскенім үшін қатты күйіндім, бірақ болар нәрсе болған соң, өкіндің не, өкінбедің не, одан келер пайда жоқ.

Бұл іске қызу кіріскенімде аралды мекендегеніме төрт жыл толды. Бұл күндерді де сол бұрынғыша құдайға құлшылық етумен өткіздім. Құдай кітабын зейін салып оқығаннан бастап, жарылқаушының жәрдемімен әр нәрсені жаңаша қабылдай бастадым. Менің пайымым өзгерді, маған тіршілік әрі жақын, әрі жат болып көрінді. Тіршілікке деген сезімім де, үмітім де оянбады. Одан біржола үміт үзген адаммын. Мен енді тіршілікке Авраамның бір бай адамға: “Екеуміздің арамызда асу бермес ұлы өткел бар” дегенін айтар едім.

Шынында да, мен тіршіліктің күйбеңінен қол үзген адаммын, тәнімнің қалауы, шаңырақтың шырғалаңы жоқ менде. Ешнәрсе туралы армандай алмадым, қолымда бар нәрселерге қанағаттандым. Сондықтан мені аралдың қожасы, патшасы немесе әміршісі десеңіздер де болады. Менің бақталасым да, бәсекелесім де жоқ, менің билігіммен ешкім таласпайды, мен оны ешкіммен бөліскенім де жоқ. Кемені де жүкпен толтырар едім, бірақ маған оның керегі жоқ, қалағанымша егін ектім. Менде тасбақа деген көп еді, анда-санда біреуін сойып жесем де қанағаттанам. Ағаш дегенің жетіп артылады, мен одан кеме тоқтайтын әжептәуір айлақ салар едім, жүзім десеңіз де менің айлағыма сән берерліктей бұл жеміс түрі көп болғандықтан көздің жауын алады..

Қара жер берген өнімнің бәрін пайдаландым. Тамағым тоқ, көңілім қалағанның бәрін таптым. Егер мен құс біткенді қырып тастасам немесе егінді егуге дәнді түгелдей дерлік сепсем, жиналған дәндерім шіріп кетер еді, құстардың да еті бұзылып, лақтырып тастар едім я шыбын-шіркейге жем болар еді, кесіп үйген ағаштарым да шіріндіге айналар еді, мен оны тек отынға пайдаланар едім, ал отын тек тамақ пісіру үшін ғана болмаса, басқалай қажеттілік тудырмады.

Ойларымды таразылай келіп табиғат аясында ұзақ болғандағы тәжірибемнен түйгенім: тірліктегі дәулет біздің қажеттілігімізді өтегенше ғана құнды, біз мол байлыққа кенелсек те, тек өзімізге қажетті мөлшерде ғана пайдалана аламыз. Нағыз сараң, ашкөз дегеннің өзі менің орнымда болса, дертінен айығып, қолда барына қанағат дер еді. Тағы да қайталап айтамын, қолымда жоқ кейбір ұсақ-түйектер болмаса, маған ештеңенің керегі жоқ, басқа нәрсені тілемеймін де, шамалы ақшамның бар екенін жоғарыда айтып өткенмін, күмісі бар, алтыны бар, бәрін қосып есептегенде – отыз фунт стерлингтің шамасы. Оларды қайда жұмсарымды да білмедім, іске аспас жарамсыз шіріген нәрседей. Бұл ақшаларды мен ұн тартатын қол диірменге я темекі тартатын мүштікке қуана айырбастар едім. Бұл ақшаларды мен бір шөкім шалқанның, бір уыс сәбіздің я бұршақтың тұқымына, бір бөтелке сияға да бере салар едім. Бұл ақшалардан көрген пайдам жоқ, тек сол бойы тат басып жатыр. Тіпті бір қап гауһар тасым болса да сол қалпы жатар еді, өйткені маған оның да керегі жоқ.

Менің бүгінгі тіршілігім, денімнің саулығы, жан дүнием – бұрынғы күндеріммен салыстырғанда көңіл жұбанарлық. Тамақтанар алдында елсіз қу мекенде азық тауып берген құдайдың мырзалығына ризашылығымды білдіремін. Мен енді өз тұрмысымның жақсылығын көбірек сезіп, ішімнен қуанатын болдым. Мен мұны барға қанағат етпейтін, құдайдың бергеніне шүкір қылмайтын бақытсыз адамдар үшін айтып отырмын. Біздің мұқтаждықтарымыздың дені барға қанағат қылмаған соң пайда болатын сияқты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий