Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Нәтижесіз жұмысқа бар күшімді салып, жан-тәніммен кірістім, ары әуреленіп, бері әуреленіп үш-төрт апта уақыт жібердім. Әлімнің келмесіне көзім жеткен соң қайық өз салмағымен төңкеріліп түспес пе екен деп ойлап, қайықтың бір жақ шетіндегі құмды аршып қаза бастадым, төңкерілсе шұңқырға емес, өзім көздеген орынға қарай жылжыту үшін әр жерден сырғауыл ағаштарды орнаттым.

Даярлық жұмыстарды аяқтаған соң да қайықты аудармақ түгілі жылжытуға да шамам келмеді, нәтижесіз іс әбден қалжыратты. Бірақ қайықпен теңізге шығу туралы ойым артпаса, бәсеңдеген жоқ. Көп оймен әуре болып, қайықты бәрібір жасап шығарамын деп шештім. Қайықты жасауға қиналғаным жоқ, бар ықыласыммен кірістім. Құралдарым да жеткілікті, зәңгілермен я үндістермен салыстыра қарағанда әлдеқайда көп, сапасы да жақсы. Бірақ жабайылармен салыстырғанда өз тұрмысымның төмен екенін ескермеппін. Мен жалғызбын, жалғыз адам қайықты сүйреп суға түсіре алмайды. Мысалы, мен орманға барып қайық жасауға қолайлы бір жуан ағаш тапсам, оны әрең дегенде кесіп, жан-жағын жонып қайық жасасам, содан қашап немесе күйдіріп ішін қуыстап ойып, қысқасы, қайық жасап шығарсам, бірақ оны сүйреп теңізге түсіре алмай сол жасаған жерінде тастап кетсем, ол қайықтан маған келер пайда қандай? Әрине, егер өз жағдайыммен есептескен адам болсам, қайық жасамас бұрын оны теңізге қалай түсіремін деп өзімнен-өзім сұраған болар едім. Бірақ бар ойым жай ғана серуендеу болған соң, бұл мәселеге бас ауыртқаным жоқ, қырық бес сажын жерден қайықты суға сүйреп әкелуден, қайыққа мініп

теңізде қырық бес миль жер жүзу оңай екені анық еді.

Есі дұрыс адамның ақылынан алжып қалғаны сияқты, тура осы іске келгенде мен де ақымақ болдым. Әлімнің келер-келмесіне қарамай, тек ойлаумен жүрдім. Қайықты жасап-ақ шығарармын, бірақ оны теңізге қалай түсіремін деген ойға ерік бердім: “Әуелі жасап алайын, жеткізудің бір амалы болар” дедім іштей.

Бұлай деуім, әрине, дұрыс емес, бірақ қиялым алыстарға шақыра берді, іске де кірісіп кеттім. Орасан жуан бір қарағайды кесіп құлаттым. Ондай ағаш Иерусалим шіркеуін салған кезде Сүлеймен пайғамбарда да болмаған шығар деп ойлаймын. Кесіп құлатқан ағашымның жуандығы бес фут, он дюйм, ұзындығы жиырма екі футқа жақын, бас жағы жіңішке, тарамданып өскен бұтақтары бар. Бұл ағашты құлатудың өзіне көп күш жұмсадым. Түбін жиырма күнде, бұтағын және бас жағын он төрт күнде әрең кестім. Қайық жасаймын деп сыртын айға жуық жондым. Ішін қашап оюдың өзіне үш ай уақыт кетті. Қайықтың ішін от жағып қуыстағаным жоқ, қашаумен қашап үңгідім. Маңдай терімді көп төккен соң қайығым ойдағыдай болып шықты, ішіне жиырма бес кісі молынан сыяды, олай болса, менің барлық жүгімді де көтереді.

Өз ісіме өзім таңғалдым: тұтас бір ағаштан мұндай үлкен қайықтың жасалғанын көрген емеспін. Әрине, мұны жасап шығарудың өзі оңай болған жоқ. Қайық жасалды, енді оны сүйреп теңізге түсіру ғана қалды.

Теңізге түсіремін деп қанша азаптансам да, бұл ойымнан еш нәтиже шығара алмадым. Қайық тұрған жерден теңіздің жағасы жүз метрден қашық емес. Бұл жердегі алғашқы қиындық – алдым не тегіс, не ылди емес, өр; бірақ бұдан қорыққаным жоқ, алдымдағы өрдің топырағын күреп, ылди жасауға кірістім. Осыншама қиналғаным еске түссе, денем түршігіп, жүрегім айниды (бірақ бостандыққа жету жолында кім жанын аяп қалады). Әлгі айтқандай ылди жасадым, бірақ ісім алға баспады, қайықты жылжытпақ түгілі, орнынан қозғай да алмадым.

Қайықты теңізге сүйреп шығара алмасымды білген соң, теңіз жағасы мен қайық арасының шамасын өлшедім. Мұндағы ойым арық қазып, қайыққа су жеткізу еді. Іске енді кіріспек болғанда арықтың ені мен тереңдігі қандай болу керек, арықты жалғыз адам қанша уақытта қазып бітіреді деген ой түсті? Шамалап есептесем, бұл жұмыстың аяғына жету үшің он, не он екі жыл уақыт керек екен. Бұл жердің жағалауы өте биік, ал арықты тереңдігін кем дегенде жиырма футтай қазу керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий