Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Егін піскенше алуан түрлі істермен айналысуға тура келді: егінді қоршау, күзету, ору, жинау, бастыру (масақтарын уқалап, үрлеп ұшыру). Бұдан кейінгі нан жасауға қажетті нәрселер: ұн тартатын диірмен, ұн елейтін елек, тұз, ашытатын ашытқы, пісіретін пеш. Бірақ оқырмандар куә болар, мен бұлардың қажетінсіз-ақ әрекет еттім. Нанға ие болу – мен үшін ұлы мәртебе әрі жанның рақаты. Бірақ көп еңбек пен тер төгуді талап етті. Басқалай амал жоқ. Уақытымды тиісті жұмыстарға арнап қойғанмын, бірақ мен осы жұмыспен күніне бірнеше сағат айналыстым, себебі ұнды әбден молайтып алғанша ішіп-жеуге жұмсамаймын деп шештім, ал егінім піскенше ұн тартатын құралдар жасап шығармақшы болғанмын, оған дейін әлі алты ай уақытым бар. Егін егу үшін алдымен бұрынғыдан да көлемдірек жер жырту керек болды, себебі қолдағы тұқымым бір акрдан1 артығырақ жерге себуге жетеді. Жер қазбас бұрын қолайлы етіп күрек жасап алдым, оған бір апта уақытым кетті. Жаңадан жасаған күрегім оңтайлы болып шықпады, салмағы өзімді басып, жанды қинады. Амалым жоқ, осы күрекпен екі бөлек жер жыртып тұқым септім, жерім алыс емес, үйдің маңайы, айналасын шыбықтардан қазық қағып қоршадым. Қаққан қазықтарым жыл өтіп, қоршауға айналсын деген ойым еді. Жер жыртып тұқым себу және жыртқан жердің айналасын қоршауға үш айдан артық уақыт кетті, осы жұмысты бастағаннан жаңбыр жауып, көбінесе үйден шыға алмай отырдым.

Жаңбырлы күндерде үйден шыға алмай үнемі үңгірде отырдым, бірақ тек отырмадым, тағы да пайдалы іспен айналыстым. Жұмыс арасында тотыммен әңгіме-дүкен құрып, көңілімді көтердім. Тотым көп ұзамай-ақ менің атымды атайтын болды, мұнан кейін өз атын дауыстайтынды шығарды. “Тоты” деген – аралға келгелі өзге ауыздан естіген алғашқы сөзім. Бірақ Тотымен сөйлесу ермек емес, шаршап, жалғыздықтан жабырқағанда көңіл сергіту. Ендігі менің шұғылданар ең маңызды ісім – саз балшықтан ыдыс жасау, мұны көптен ойлап жүр едім. Себебі ыдыстың жоқтығынан тамақты іше алмай, әбден азабын тарттым, бірақ ыдысты қалай жасау керектігін білгенім жоқ. Саздың жақсысы табылса, жақсы құмыра жасауға болатынына сендім. Ал енді балшықты күн көзіне күйдіріп кептіру менің ойымда бар еді: кепкесін оның ішіне құрғақ заттарды салуға болады деп жобаладым. Ұн, дән және басқа заттарды салып қою үшін бірнеше құмыра жасап шығаруды ұйғардым.

Ебедейсіздігімнен, иін қандырып илеп, келістіріп жабыстыра алмағандығымнан, асығыстық етіп бірден күннің көзіне қойғандығымнан істелген ыдыстарымның бірсыпырасы өз салмағын көтере алмай езілгенін, кейбіреулерінің жарылып 1 Акр – 0,4 көлемнен артық. кеткенін, бірталайының кептіргеннен кейін де сынып түскенін оқырмандар көрсе, күлкіге қарық болар еді (күлмей аяушылық етулері де мүмкін). Саздан ыдыс илеуге кіріскеніме екі айдың жүзі болды, ақырында қолайлы балшық тауып, оны арқалап үйге әкеліп, жұмысқа кірісіп кеттім. Үлкендеу екі ыдыс жасадым, бұл екі ыдысты іші қуыс демесе, құмыра деуге келмейді, кедір-бұдыр, сырт пішіні тым келіссіз.

Күннің көзіне кептіріп, әбден кепкесін құмыраларды ақырындап көтердім де, үлкен себеттің ішіне салдым, бұл себеттерді әдейі соған арнап тоқып едім, себет пен құмыралардың арасындағы олқы қалған жерлерді күріштің және арпаның сабанымен толтырдым, бұл ыдыстарға ұн салып қоймақшымын.

Ірі ыдыстар үйлесімсіз болғанымен, ұсақ-түйек ыдыстарым тәуір болып шыға бастады: құмыра, тәрелке, шәугім, тағы да басқа ыдыстар күннің көзіне күйіп, әбден нығайып, тастай болып қатып қалды. Бірақ мен ыдыс жасаудағы негізгі мақсатымды сіздерге әлі айтқаным жоқ: маған су өтпейтін, отқа төзімді ыдыс керек. Мұндай ыдыс менің қолымнан әлі шыққан жоқ. Бір күні ет пісірмек болып от жақтым. Ет піскесін оттың көмірін сөндірмекші болып көсеумен ұрғылап жатыр едім, сынған құмыраның тастай болып қатып қалған бір сынығы табылды, түсі күйдірген кірпіш сықылды қып-қызыл. Көрген кезде қуанып кеттім, кішкене сынықтың өзі отқа түсіп осынша қатайғанда, тұтас ыдысты отқа салып күйдіруге болады екен дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий