Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мен күніне екі мильден артық жүргенім жоқ, егер тікелей жүрдім деп есептесем, тағы да бір жаңа нәрселерге куә боламын ба деген үмітпен айналамды түгел шолып, түнеуге ғана келуші едім. Түнеген жерде көбінесе ағаштың басына шығып ұйықтайтынмын, кейде қолайлы жер кездессе, қандай жыртқыш аң болса да, ұйықтап жатқанымда жолай алмайтындай етіп, айналасын мықтап қоршап түнеп жүрдім. Теңіз жағасына жеткен соң аралдың ең қолайсыз жерінен орын тепкеніме көзім жетіп, көңілім сенді. Жыл жарым уақытта аралдың өзім тұрған тұсынан олжалағаным не бары үш тасбақа, ал енді бұл жерде тасбақа көп, қанша ауласаң да жетеді. Құстың да түрлісі табылады, көпшілігі мен көрген құстардай емес, еті де дәмді. Ата берсем, құс біткеннің бәрін қыратын түрім бар, бірақ көп атуға оқ-дәрімді қимадым. Құстың орнына ешкі атсам, ол маған пайдалы, себебі бір жағынан ешкінің еті мол әрі дәмді және оқ-дәрі көп кетпейді. Бұл жерде мен тұрған маңмен салыстырғанда ешкі де көп, бірақ оларға жақын келу өте қиын, себебі жазық жер, олар

алыстан байқап, бет-бетіне безе жөнеледі.

Аралдың бұл жақ жағалауы мен тұрған жағалаудан көрер көзге әлдеқайда әдемі екеніне көзім жетті, әрі көңілді, солай бола тұрса да, тұрақтаған жерден басқа орынға қоныс аударғым келмеді. Ескі ұямда жыл жарым тұрсам да әбден үйреніп алдым, ал енді бұл маңай қызғылықты болып көрінсе де жат көрініп, үйіме қайтуға асықтым. Он екі мильдей өрлеп шығысқа қарай жүрген соң, енді үйге қайтқым келді. Жүріп өткен жеріме қайта айналып келгенімде белгілі болсын деп, сырықтай бір ұзын ағашты жерге көмдім, өйткені екінші рет бұл жерге басқа жақтан келмекші болдым, сөйтіп, аралды зерттеу жұмысын толық аяқтамақшымын.

Адасып кетпеспін деген оймен келген жолыммен емес, басқа жолмен қайтқым келді. Бірақ жаңылысқан екенмін. Жағадан екі-үш миль ұзаған соң, үлкен бір аңғарға келіп киліктім, аңғардың жан-жағын қоршаған биік шыңның айналасы қаптаған қалың ағаш, маңдай алдымды бағдарлап тура жүру мүмкін емес. Күнді бетке алайын десем, күннің де көзі көрінбеді.

Адасуға тағы бір себеп – тұман, үш күн бойы жол іздеймін деп адасып, беталды қаңғырдым. Теңіз жағасына шығып, сырық шаншып кеткен жеріме амалсыз қайта оралдым, сол жерден бұрынғы жолыммен үйге қайттым. Асықпай аяңдап, әр жерге бір тоқтап, демімді басумен болдым, күн ыстық, тезірек жүруге шамам жоқ, оның үстіне мылтық, балта, оқ-дәрі секілді жүктерім тағы бар.

Алдымды жүгіре өтіп ешкінің лағы кесіп кетті, ит қосып ем, итім көп ұзамай лақты алды. Мен де жүгіріп келіп лақты итімнен ажыраттым. Ешкі асырап тұқымын көбейтуді көптен бері ойлап жүргесін, лақты үйге алып кеткім келді, оқ-дәрі таусылған кезде өзімді азықпен қамдап қойсам деген ойым бар еді. Мойнына арқан байлап лақты әрең жетелеп, саябақтағы қосыма әкелдім. Лақты керменің ішіне кіргіздім де, үйге қайтуға асықтым, үйді көрмегелі айдан астам уақыт өтті.

Бұл сапар жанға жайлы болса да, өз үйіме жетуге асығып, үйге келіп даяр тұрған төсек үстіне құлағанда жанымның жай тапқанын сездім, мұндай рахат сезімін суреттеуге тіл жетпейді. Баспанасыз, дала кезіп қатты шаршағанымнан болса керек, өз үйімнің қадіріне жеттім: қажет дегенімнің бәрі бар, тап-тұйнақтай, көңілді, сондықтан аралдан мүлдем кеткенше үйден ұзап шықпасқа ұйғардым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий