Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бидай пісіп-жеткенше тағы бір пайдалы істің көзін таптым. Жаңбыр басылып, күн ашылған соң – бұл қараша айы еді – саяжайыма келдім. Бәрі өз орнында екен, саяжайға келмегеніме бірнеше айдың жүзі болыпты. Жерге көміп қос жасаған қос қабат шыбықтарымның бұтақтары көктеп, жапырақ жайыпты; егер ұш жағын кесіп тегістесе, кәдімгі тал сықылды болып өсер еді. Тал деген осылай көктеп, жапырақ жаятын. Мұның нендей ағаш екенін білмедім, саяжайымның гүлденіп, құлпырып тұрғанына қуанып, бір жасап қалдым. Бәрі бірдей өссін деп ағаштардың бас жағын қиып, тегістедім.

Үш жылдың ішінде көрген көзің сенбестей кәдімгідей қаулап өсті. Қоршаған орнымның айналасы жиырма бес метрге жақын болса да, ағаштар бұтақ жайып әлгі жерді тегіс жапты және күн ыстықта қалың көлеңке болды. Мұндай кереметке куә болған соң, ағаштарды кесіп апарып қорғанымның айналасына отырғызсам қайтер еді деген ой туды. Солай істедім де. Қорғаннан сегіз метрдей аулағырақ екі қатарға айналдыра ағаштар отырғыздым. Көп ұзамай ағаштарым тамыр жайып көктеп, әдемі шарбақ болып шықты, бұл шарбақ әуелгіде мені күннің көзінен қорғайтын көлеңке, соңынан қорған болды, бұл туралы реті келгенде айтып беремін.

Менің байқауымша, бұл аралда жыл Еуропадағыдай жылы немесе суық деп бөлінбейді, тек төменде көрсетілгендей жаңбырлы, жаңбырсыз маусымдарға бөлінеді:1 Пек – шамамен тоғыз литр.

Жаңбыр: күн тас төбеде тұрады.Қуаңшылық: күн солтүстікке қарай ауысады.Жаңбыр: күн тас төбеде тұрады.Қуаңшылық: күн оңтүстікке қарай ауысады.Ақпанның ортасы мен сәуірдің ортасы аралығында.Сәуірдің ортасы мен тамыздың ортасында.Тамыздың ортасы мен қазанның ортасында.Қазанның ортасы мен ақпан-ның ортасында.Жаңбырлы маусымның ұзаққа созылуы немесе қысқа болуы желге байланысты, бірақ жалпы жоғарыда бөліп көрсеткенім дұрыс. Жаңбыр жауып тұрғанда далада жүрудің зиян екенін тәжірибе жүзінде білген соң, жаңбыр жауардың алдында күні бұрын азық-түлікті молайтып алудың қамына кіріспек болдым, жаңбырлы маусымда тіпті үйден шықпай отырған уақыттарым да болды.

Бұл уақыттарда мен жұмысты үйде отырып істедім. Менің шаруашылығыма керекті нәрселердің көбі әлі жетіспейді. Оны табу үшін көп тер төгу керек. Мысалы, себет тоқимын деп біраз әурелендім, бірақ тапқан шыбықтарым сына беріп ешнәрсе өндіре алмадым. Бала күнімде себет тоқитын бір көршіміз бар еді, тоқығанын қызық көріп қасына барып қалай тоқитынын қызықтап отырушы едім, енді, міне, өзім үшін де пайдаға асты. Қандай бала болса да көргенін ұмытпайды ғой, мен де ұмытпаппын. Әлгі көршімізге себетін тоқысып кей-кейде көмектесетінмін. Себет тоқу маған қиындық тудырған жоқ, бірақ істі бастауға керекті құралдар жоқ. Бір күні қазық жасаған ағаштардың бұтағынан кесіп себет тоқуға болмас па екен деген ой түсті. Меніңше, ол ағаштардың бұтағы солқылдақ, игенде бірден сынып кетпейтін болу керек, соны байқап көргім келді. Келесі күні саяжайыма бардым, келген бойда әлгі ағаштың бірнеше жіңішке бұталарын кесіп алып иіп ем, ойлағанымдай болды. Екінші келгенімде балта алып келіп, бұталарды қалағанымша кестім, іздеп азаптанатын емес, ондай ағаштар алапта өте көп еді. Кескендерімді қорғанымның қасына тасыдым да, кептіру үшін төгіп тастадым, кепкеннен кейін тасып үңгірге кіргіздім. Жаңбырлы маусым басталған соң жұмысқа кірістім, құм таситын және басқа заттар салатын көптеген себеттер тоқыдым. Базарда сатылатын себеттердей әдемі болмаса да, өз қажетімді өтеуге толық жарайтын еді. Содан бастап тоқылған себеттерімнің саны кеміген жоқ, тозғанын тастап, жаңалап отырдым. Тоқылған себеттерді дән салатын қапшық орнына пайдаландым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий