Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үйге келген соң бір аптаға дейін тысқа шықпадым, тынығып жаттым да қойдым, әрине, қол қусырып қарап отырғаным жоқ, тотыма тор жасаумен уақыт оздырдым, тотым қолға үйреніп, қасымнан ұзамайтын болды. Кермеге қамап кеткен лақ есіме түсті де, жедел солай қарай тарттым. Лақ байғұс сол қалдырып кеткен жерімде, өйткені шарбақтан шыға алмайды, әбден ашығып қалыпты. Қолыма түскен жапырақты, ағаштың бұталарын алдына тастадым. Жеп болған соң әуелгідей арқанмен жетектейін деп едім, ашыққаннан әбден жуасыған, жетектемей-ақ артымнан ере берді. Оған әр мезгіл тамақты өзім бердім. Ол асырауға көніп, менің маңайымнан кетпейтін болды, сөйтіп, ол да менің отбасымның бір мүшесіне айналды. Күзгі жаңбыр тағы басталды, қыркүйектің 30-ы күні менің аралға келгеніме екі жыл толды, өзімнің екі жылдық тойымды бүгін салтанатпен тағы тойладым. Қырсық шалған аралдан әйтеуір

бір күні құтылармын деген үмітім қазір де үзілген жоқ.

Қыркүйектің 30-ы күні үйден шыққаным жоқ, күні бойы отырып, құдайға құлшылық қылдым, жалғыз қалып, жапа шеккенімде көз жасымды көріп, мені есіркегені үшін құдайға ризашылық білдірім, егер құдай рақымшылық қылмаса, қалған өмірімде қайғы-қасіреттен көз ашпас едім.

Қазіргі тұрмысым қаншалықты ауыр болса да, осы тұрмыстың ауыр азабын тартсам да, күнәға батып, ес білмей өткізген бұрынғы өмірімнен артықшылығын енді сездім. Мінез-құлқым өзгерді: шаттықты да, қайғыны да мен енді басқаша қабылдадым, менің әр нәрсеге тілегім де, қызығушылығым да бұрынғыдай емес, күн өткен сайын бәсеңдей берді, рақаттың да, бейнеттің де әсерін сезбедім. Қапас аралда жүргеніме екі жыл толып, үшінші жылға аяқ басқанда менің жан дүнием күйзеліп, құлазумен күндерім өтіп жатты. Ұсақ-түйек әңгіменің бәрін тізіп оқырманды жалықтырғым келмейді, сондықтан екінші жылғы тұрмыс-тіршілігімді алғашқы жылдағыдай тізбелеп суреттеп беруге талпынбадым. Десем де, бұл жылы қол қусырып отырмадым. Бос уақытымды күнделікті жұмыстарға сәйкестеп бөлдім: бірінші – құдайға құлшылық ету, діни кітаптарды оқу, бұған күніге үш мезгіл уақыт бөлдім. Екінші – аң аулау, жауынсыз күндері азаннан аңға шығып, үш сағаттай уақытымды арнап жүрдім. Үшіншісі – атып алған аңдардың немесе құстардың терісін сыпырып, жүнін жұлып, етін кептіру, тамақ пісіру, уақытымның дені осыларға жұмсалды. Бұл жерде бір айта кетейін дегенім, күн көтеріліп төбеге келгенде қимылдауға шамам келмейді, түскілік кездегі күннің аптабынан теңіздегі су қайнағандай, күн ауып, көлеңке ұзарған соң ғана жұмысқа кірісуге болады. Осының салдарынан кешкілік аңға шығып, ертеңгісін жұмыс қылған кездерім де болды. Уақыттың тапшылығынан істеген ісім өнбеді және ауыр болды. Керекті құралдар мен көмек берер жанның болмауынан, епсіздігімнен көп уақытым зая кетті. Мысалы, қажеттілік тудырған ұзын тақтай істеймін деп қырық екі күн азаптандым, егер тиісті құралдарым болса, бұлай болмаған болар еді. Екі шебер адам жарты күннің ішінде бір ағаштан алты тақта жасап шығарады, ал менің қырық екі күн азаптанғанда жонып шығарғаным – жалғыз-ақ тақта.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий