Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тамыздың 14-інен 26-сына дейін жаңбыр тоқтаусыз жауды, үйден шыққаным жоқ, шығайын десем, салқын тиіп тағы безгегім ұстай ма деп қорықтым. Жаңбырдың ашылуын күтіп отырайын десем, азық-түлік азаюға айналды. Амалым болмай екі рет аңға шығып қайттым. Әуелгі шыққан күні бір ешкі атып алдым, келесі күні, 26-сы күні, бір үлкен тасбақа таптым, бұл мен үшін ұлан-асыр той болды. Ол кезде мен төмендегідей тамақтанатынмын: таңертеңгілік – бір түп жүзім, түсте – ешкінің немесе тасбақаның қуырған еті, менің сорыма сорпа дайындайтын, жеміс қайнататын ыдыс болмады, кешкілік жейтінім – тасбақаның жұмыртқасы.

Жаңбырдан қашып үңгірде отырған жиырма екі күнде күніне екі-үш сағаттан үңгірді кеңейтемін деп қаза бастадым. Қорғанның сыртына шығар есік қаққанша қаза бердім. Басқышсыз да кіріп шығатындай есік жасадым. Есікті қайдан жасасам деп ойландым, себебі бұрын үйімнің жан-жағы бітеу болса, енді төбеден түспей-ақ сырт жақтан келуге жол аштым. Бірақ бұл аралда қорқатын ешнәрсе жоқ. Себебі әлі күнге дейін ешкіден ірі бір хайуанды көрген емеспін.

Қыркүйектің 30-ы. Бүгін менің аралға келгеніме жыл толды. Бағандағы кертішті санасам, бұл жерді мекендегеніме үш жүз алпыс бес күн болған екен. Бұл күндерді құдайға құлшылық етуге арнадым.

Жыл бойы жексенбінің қай күні екеніне зер салып қарамаппын. Себебі бұрыннан діндар емес едім, әуелгі кезде жексенбіні ұзын кертішпен бағанаға белгілеп жүрсем де, артынан олай болмады, сөйтіп, жексенбінің қай күні екенін білмей, есептен жаңылып қалдым. Жазғандарым бойынша белгілеген күндер арқылы аралға келгеніме бір жыл толғанын білгеннен кейін, жылды жеті-жетіге бөлдім, әрбір жетінші күнді жексенбіге айналдырдым. Бірақ артынан байқағаным, бір-екі күнді жазбай тастап кетіппін.

Қолдағы сия таусылуға жақындады, енді үнемдеуге тура келді, сондықтан күнде жазуды қойып, тек анда-санда болған тосын оқиғаларды ғана жазатын болдым.

Мен жаңбырлы маусым мен құрғақшылық кезеңдердің айырмашылығын көңілге түйдім. Жылдың жаңбырлы маусымы құрғақшылық кезеңдерімен алмасып тұрады екен, сондықтан табиғаттың мұндай сыйына күні бұрын қамдануға болады екен деген ойға келдім. Бірақ бұл тәжірибем оңайлықпен іске аспады, менің сөз еткелі отырғаным – осының бір жайсыз көрінісі. Менің үйімнің маңайында өскен күріш пен арпаны көріп, құдайдың құдіретімен көктеген екен деп таңдай қаққанымды жоғарыда біраз әңгімеледім. Ұмытпасам, отыз сабақтай күріш және жиырма сабақтай арпа қаулап шықты. Жаңбырдан кейін күн оңтүстікке ауған кезде, енді нағыз егінге қолайлы мезгіл деп ойладым.

Ағаш күрекпен жерді қопсытып, екіге бөліп, бір жағына арпа, екінші жағына күріш отырғыздым. Дәндерді себердің алдында тұқымды түгел сеппейін деп ойладым, себебі бұл жерлерде егінді қай мезгілден бастап егетінін білмеймін. Сондықтан үштің екі бөлігін септім де, дәннің қалғанын алып қалдым.

Дәндерді үнемдегенім дұрыс болыпты, еккен дәннің біреуі көктемей, сол күйінше қалды. Себебі мен жаңбырлы уақыттан соң, құрғақшылық басталып, жер кеуіп кеткеннен кейін еккен екенмін, шықпай қалуының мәнісі осы. Ал енді жаңбыр жауа бастаған кезде, жаңадан сепкендерім көктей бастады, мұны соңынан білдім.

Әуелгі еккендерім құрғақшылықтан көктемей қалған соң, енді дымқыл тартқан жаңа жер іздедім. Қостың жанынан кішкене жерді қопсытып, дәндердің қалдығын тағы септім. Бұл ақпан айының іші еді. Наурыз бен сәуірдің қалың жауыны жердің ындынын қандырды. Сепкен тұқымым қаулап өсе бастады, өте бітік шықты. Біріншіден, қолдағы бар тұқым аз, оның үстіне аз тұқымның жартысы себілген соң, түсімі жартымсыз болды, не бары жинаған дәнім жарты пектен1 асқан жоқ. Бірақ мен ендігі тәжірибелі диқаншы болып алдым. Егін егуге қай уақыттың қолайлы екенін және жылына бір емес, екі рет егін салуға болатындығын да біліп алдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий