Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дегенмен осы ұйқы мені кәдімгідей сергітті. Бойым жеңілдеп, көңілім көтеріліп ояндым, бойымда бір шаттық бар секілді. Бұрынғыдай емес, әлденіп, күш-қуат та кіре бастаған, тәбетім де ашылып, қарным ашып, тамақтанғым келді. Сол күні безгек ұстаған жоқ, сол күннен бастап тәуір болуға айналдым. Бұл жиырма тоғызыншы маусым еді.

Айдың 30-ы мен үшін сәтті күн болды. Мылтық асып алып, аңға шықтым, үйден ұзап кете қоймадым. Сыртқы пішімі үйрекке келетін теңізде жүзетін бір-екі құс атып алдым да, үйге қарай аяңдадым. Бірақ ол күні құс етін жегенім жоқ, себебі тасбақаның жұмыртқасына тәбетім ашылды. Жатар алдында тағы да өзім дайындаған емді қолдандым (ромға салған темекі жапырағының суы, жапырағын аузыма салғаным жоқ және темекі түтінін де иіскемедім.) Келесі, шілденің 1-і күні аяқ асты безгегім ұстады, бірақ қатты болған жоқ, денемді мұздатып, қалтырадым.

Шілденің 2-сі. Темекіні тағы іштім, тек ішіп қана қойғаным жоқ, иіскеп, аузыма салып шайнадым.

Шілденің 4-і. Ертеңгісін қолыма Інжілді алып, ондағы өсиеттерге аса зейін қойып, зор ықыласпен оқи бастадым. Сол күннен бастап ертеңгісін, кешкісін белгілі тарауын емес, кез келген жерін жеткен жеріме шейін әбден шаршағанша үзбей оқи беретін болдым. “Басыңа қиыншылық түскенде мені есіңе ал, мен сені пәле-жаладан құтқарам, маған құлшылық ететін боласың” деген сөзді енді бұрынғыдай емес, басқаша қабылдай бастадым, бастапқы кезде жалбарынсам болды, құдай жарылқайды деп ойлаушы едім. Тек емін-еркін жүргендігім болмаса, бұл арал түсінген адамға нағыз абақты. Інжіл сөздерін енді мүлде басқа мағынада ұғындым: өткен күнім есіме түссе, жүрегім мұздап, зәрем ұшып, өзімнен-өзім үрейленетін болдым, жан дүниемді мазалаған ауыр күнәларымды кешіре гөр деп жалбарынатын болдым. Менің ауыр күнәларыммен салыстырғанда, менің жалғыздығымның құны қанша? Мен енді жалғыздықтан арашала деп құдайға құлшылық етуді де қойдым, тіпті ойлаған да жоқпын, себебі бұл түкке тұрғысыз болып көрінді. Бұлай айтуымның себебі – жеке бастың қайғы-қасіретінен арылу емес, ауыр күнәдан арылу, жан дүниеге тыныштық әкелерін оқырманға айтқым келеді.

Бұл ойларымды сіздермен кейінірек бөлісермін, қазір өз күнделігіме қайта оралайын.

Сол кезден бастап кейбір сәттерде көңілімнің құлазығаны болмаса, ендігі өз-өзіме келе бастаған сияқтымын. Інжілді үнемі оқуым мен құдайға құлшылық етуімнің әсері болса керек, жаратқанды басқаша танып, өзіме жат болып келген дүние сырын танып білдім. Сауығып, күш-қуатым артқан соң қажетті керек-жарақтарды жиыстыра бастадым, енді тұрмысыма қолайлы жағдай жасауды көздедім.

Шілденің 4-інен 14-іне дейін. Көбінесе қолыма мылтық алып, тоғай аралап жүрдім, бірақ әбден әлденіп алғанша үйден көп ұзап кеткенім жоқ. Науқасым әбден жүдетті, құр сүлдерім қалды. Өзімді-өзім темекімен емдеген безгекке қарсы ойлап тапқан менің емім осы кезге дейін еш жерде қолданылып көрмеген шығар, өз тәжірибемнен өткізсем де, безгекті осы әдіспен емдеуге болады деп сіздерге ұсыныс жасағым келмейді, расымен аурудың бетін қайтарған – темекі, бірақ темекінің пайдасы болғанымен, зияны да тимей қалмады, қол-аяғым құрысып, тұла бойым қалтырап ұзақ уақытқа дейін есеңгіреп жүрдім. Шыбын жанымды көзіме көрсеткен дерт – әсіресе найзағайлы, дауылды қатты жауынның астында қалуға болмайтындығын ескертті, ал жаңбыр маусымы кезінде, яғни қыркүйек пен қазан айларындағы жауын-шашынның денсаулыққа зияны жоқ екен.

Қырсық шалған аралда қалғаныма он айдан астам уақыт өтті. Менен бұрын бұл жерге адам баласының ізі түспегеніне көзім әбден жетті, енді бұл қапастан құтыламын деген үміт жібі үзілді. Бұл маңайдың қауіпсіз екеніне көзім жеткен соң, аралды шарлап, өзім бұрын-соңды көрмеген аңдар мен өсімдіктердің түрлерін білгім келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий