Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жер сілкінісі – көзге көрінбейтін, тікелей аспан құдіретінің күшімен болатын қаһарлы көрініс, мұндай қуатты күш жаратылыста жоқ шығар, жер сілкінгенде де мен қатты үрейленген жоқпын: сілкініс қалай аяқталды, қорқыныштың әсері де солай басылды. Құдайды да, құдайдың қаһарын да сезбедім, естен кетпес бейнетті күндерімді, апатқа ұшырағанымды да құдайдың кәрінен болды деп білгенім жоқ. Енді, міне, науқастанып өлім суреті көз алдыма келген сәтте, безгектің зардабынан денем қалжырап әлсіреген уақытта, ар-ұятым оянды: өткендерім ойыма түсіп, өзіме-өзім кейідім, мінез-құлқымның терістігінен құдайдың кәріне ұшырағанымды, менің істеріме тағдырдың тартқан сазайын

әділдік деп түсіндім.

Әсіресе науқастанғанымның екінші және үшінші күндері ауыр ойға шомып, денем қатты қызып, аласұрып жатқан кезімде күбірлеп дұға оқығандай болдым, бірақ оны дұға деуге де келмейтін. Менің күбірімде сенім де, тілек те жоқ еді, мұның бәрі қорқыныштың салдары. Есім ауып ойым шатаса берді, өйткені өзін-өзі әшкерелеу қиын нәрсе, маған төнген өлім қаупі ақылдан адастырды, денемді мұздатты, сандырақтап не айтып жатқанымды өзім де түсінгенім жоқ. “Е, құдайым, мен неге бақытсыз болдым! Мен ауырсам, арты өлім ғой, маған кім жәрдем етеді. Ендігі күнім не болмақшы?” дей бердім. Көзімнен аққан жасым сорғалап қойныма құйылды, мұның артынан тілім күрмеліп, көпке дейін тілге келе алмай жаттым.

Жан дүнием құлазығанда әкемнің айтқан сөзі есіме түсті, бұл туралы әңгіменің бас жағында айтып едім ғой, егер мен алған бетімнен қайтпасам, маған құдайдың рақымы түспейді, әкемнің өтінішін аяқасты еткеніме өкінемін, бірақ өкінгеніммен енді келіп-кетер ештеңе жоқ, қатемді түзетудің кеш екенін және білемін. Сүйікті әкемнің сәуегейлігіне енді куәмін, қысылған сәтте жанымда жан баласы жоқ. Жалғыздық азабын тартқаным, бақытсыздығымның бәрі құдайдың кәріне ұшырағаным деп білемін. Жаратқанның үніне құлақ асқанымда мұндай бақытсыздыққа душар болмас едім, өмірімнің соңына дейін шаттықта тірлік кешкен болар едім. Мен мұндай өмірді түсінгім келмеді. Ата-анамның айтқанына құлақ аспадым. Оларды ақымақтығымнан жылатып-еңіретіп, өз жөніме кеттім, сазайын енді тартып, қаратүнек ойларға қамалып, жылап жатырмын. Мен олардың көрсеткен көмегін, берген жәрдемін де аяқасты қылдым, егер қабыл еткен болсам, дұрыс жолмен жүрер едім, қадамым қайырлы болар еді, енді мен адам баласы төзбес қиыншылықтармен жалғыз күресуім керек. Жаратушы иеме “Мені есірке, жарылқа, әйтпесе құрдымға кетіп барамын” деп тіл қаттым. Егер мұны дұға деп есептеуге болатын болса, бұл менің көп жылдан кейін оқыған бірінші дұғам еді.

Енді тағы да күнделікке оралайын.

Маусымның 28-і. Таңертең тәуір болып басымды көтердім, ауруымның беті қайтқан сияқты. Түсімде көрген қорқыныштың әсері әлі басылар емес, ертеңгі күні де тағы қызу көтеріле ме деген қауіп болды, бойымда қуатым барында азық-түлік, басқа да күнделікті керектілерімді қасыма жақын қойғым келді. Ең әуелі ыдысқа су толтырып үстел үстіне қойдым, үстелді төсекке қарай тартып, қол созым жерге жақындаттым, суықты қайтару үшін, безгектің зәрін сындырайын деп су мен ром құйып, шайқап араластырдым. Бұдан кейін ешкінің бір кесек етін кесіп алып, көмірдің шоғына қақтап пісірдім, кесіп аузыма салдым да, қалғанын қасыма қойдым, көп жеуге тәбетім тартпады. Далада кішкене серуендегім келіп еді, бірақ буындарым босап, дірілдеп аяғымды баса алмадым. Безгек тағы да ұстайды-ау деген қорқыныштан және басқа да үрейден әбден қалжырадым. Кешкілікте шоққа көміп, тасбақаның үш жұмыртқасын пісіріп жедім.

Кешкі тамақтың алдында құдайға жалбарындым: жаңылмасам, өмірімде алғаш рет тамақ жер алдында шоқынғаным еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий