Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сәуірдің 28-і және 29-ы. Осы екі күндегі жұмысым бар құралдарды қайрап, өткірлеу болды. Дұрыс үйлестіріп құрғандықтан, қайрақ жақсы жұмыс істеді.

Сәуірдің 30-ы. Кептірілген наным таусылуға айналды. Кепкен нан салған қаптарымның бәрін түгендедім де, енді күніне біреуден артық жемеуді ұйғардым.

Мамырдың 1-і. Бүгін таңертең судың кейін қайтқан кезінде теңіз жаққа қарап едім, жағалауда бөшке сықылды бір ірі нәрсе қарайып көзіме түсті. Жақын келіп қарасам, кішілеу бір бөшке. Қасында кеменің бір-екі сынық тақтайлары жатыр. Бұларды дауыл жағаға шығарып тастаған болу керек. Кеме шөккен жерге көзім түсіп еді, қалған бөлігі көтеріліп, су бетіне шығайын депті. Бөшкенің іші толған мылтықтың дәрісі, бірақ су тиіп, тас болып қатып қалыпты. Жағадан аулағырақ жерге апардым да, өзім кеменің қирандысы көрінген жерге қарай бет алдым. Жақын келіп көргенім – кеме қызық орналасқан. Тұмсық жағы құмға батып кеткен, қазір көтеріліп алты футтай жоғары шығыпты, ал енді (оның құйрығы әлдеқашан мен кемеге соңғы рет барған кезімде – алдыңғы жағынан бөлініп қалған еді) күл-талқаны шығып қирап, алдыңғы жағынан бөлініп қалған, құйрығы аударылып қырынан түскен қалпы жатыр. Бұрын кемеге ширек мильдей жер қалғанда су басталатын, сондықтан мен жүзіп жететінмін, қазір айналасын құм басып төбе болып қалыпты. Әуелгіде таңғалсам да, артынан жер сілкінгеннен пайда болғанын білдім. Жер сілкінген кезде кеме бұрынғысынан да шөгіп қалғанда қалдықтарын толқын сүйреп жағаға шығарып тастапты.

Кемеге алаң болып жүргенде, қонысымды ауыстыруды ұмытып кетіппін. Кеменің іші құм басып бітеліп қалған, кіру үшін күнұзақ әурелендім. Кіре алмағаныма қайғырғаным жоқ, өйткені мен қайғыру дегенді әлдеқашан ұмытқан адаммын. Бір пайдама жарар дедім де, қолыма іліккенін бөлшектеп таси бердім.

Мамырдың 3-і. Бүгін арамен жұмыс жасадым. Орта діңгегі ұстап тұрған кеменің жүк тиейтін артқы жағын аралауға кірістім, тақтайларын сыдырып алып, жоғары шығып жатқан бөлігін құмнан аршыдым. Көп ойланбай, су көтерілген соң үйге қайттым.

Мамырдың 4-і. Балық ауладым, бірақ жеуге татырлық бір балық та ұстай алмадым. Қармағымды ешнәрсе қаппай, ішім пысып, енді кетемін деп отырғанымда қармағыма кішкене балық ілікті. Қармағым қолдан жасалған, қармақбауын арқанның тарқалып түтеленген кендірінен ескенмін. Ілгешегімнің тілі жоқ болатын, сонда да осы қармақпен көп балық ұстап, тамақ асырадым. Тұздап, күннің көзіне іліп кептірдім де, пісіріп жей бердім.

Мамырдың 5-і. Кемеге барып тағы біраз нәрсемен шұғылдандым. Екінші бөлігін кесіп алдым. Палубадан үш үлкен қайың тақтайды сыдырып алдым да, су көтерілген кезде итеріп жағаға шығардым. Мамырдың 6-сы. Кемеде болдым. Бірсыпыра темір-терсек және бірнеше бұрандама алдым. Жұмысқа жан-тәніммен берілген соң, әбден сілем қатып келдім, әбден шаршап келген соң, азаптанбай кемеге баруды қойсам қайтеді деп те ойладым.

Мамырдың 7-сі. Кемеге тағы бардым, бірақ бұл сапар іс істейін деп барғаным жоқ. Себебі бимстерді кесіп бітіргенмін, ал палуба өз салмағымен екіге бөлініп, трюмге кіретін жол ашылыпты, трюмді қарайын деп едім, бірақ құм мен су ернеуіне дейін лық толыпты.

Мамырдың 8-і. Темір сүйменмен кеме палубасының барлық тақтайын қопарып алғым келді, өйткені палуба құмнан әбден тазарған. Екі тақтайды қопарып алып, су бетімен қалқытып жағаға шығардым. Ертең тағы керек болар деп, сүйменді сол күні кемеге тастап кеттім.

Мамырдың 9-ы. Кемеде болдым. Бірнеше тақтайды қопарып алып, трюмге түстім. Сүйменмен әр жерін сұққылап, бес-алты бөшке таптым. Бәрін де сүйменмен қопарып, жоғарыға шығардым, бірақ аузын аша алмадым. Түрткілеп жүріп бірнеше құйылған қорғасын да таптым, шамалы көтердім, бірақ алып шығаруға шамам келмеді.

Мамырдың 10-ынан 14-іне дейін. Кемеде болдым. Бірнеше бөлек-бөлек ағаш, тақтайлар алдым және екі-үш центнер темір-терсек жинадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий