Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Енді құмыраларымды қалай күйдіруге болады деген ой мазалады. Қышшылар ыдысты пешке салып қалай күйдіретінін көрген емеспін, сондықтан ол туралы ешбір хабарым жоқ-ты, ыдыстың сыртын қорғасынмен сырлайды екен дегенді де есіткенім жоқ, егер білген болсам менен аздап қорғасын да табылатын еді. Ыссы күлді шошайтып үйіп, бес-алты құмыраны қоламтаның үстіне қойдым, бұдан кейін от жақтым. Күршектерім әбден күйгенше отты лаулатып үсті-үстіне жаға бердім. Құмыраларымды бес-алты сағаттай отта ұстадым, абырой болғанда, сынған жоқ, жарылған жоқ, қатая түсті. Бір кезде құмырамның әр жері көбіктенуге айналғанын байқадым, бірақ бүлінген жоқ. Бұл көбіктеніп еріген сазға араласқан құм еді, егер мен отты сол күйінде бәсеңдетпей жаға берсем, шыны болып қалар ма еді, қайтер еді. Мұны көрдім де, бірте-бірте оттың күшін азайта бердім, құмыраның қызарғаны кетіп, күңгірт тарта бастады. Бірақ отты өшірмедім, таң атқанша күзеттім, сол күні таңертең менде сырт пішіні керемет болмағанмен, мықты күйдірілген төрт қыш құмыра пайда болды, әрине, менің жағдайымда мұнан артықты тілеу күпірлік болар еді.

Осы тәжірибеден кейін қыш ыдысқа мұқтаж болғаным жоқ. Ыдыстарымның сырт пішіні керемет емес, бірақ бұған таңдануға болмас. Балалардың балшықпен ойнағаны немесе қамыр илеу білмейтін әйелдердің нан пісіргеніндей, мен де ыдыстарымды олақтықпен жасадым ғой.

Көптен бері армандаған ыдысты саз балшықтан илеп, су өтпейтін және отқа төзімді етіп шығарғандағы қуанышым қойныма сыймады, ыдысқа мұқтаждық көрген тап мен секілді адам жер бетінде жоқ шығар деп ойлаймын. Біреуіне су құйсам, екіншісіне ет пісірсем деп құмыраларым суып, қолға тигенше асықтым. Тамақ дайындағанымда да қиыншылық көргенім жоқ, бәрі ойдағыдай болды: салар ұным болмаса да, ешкінің етінен дәмді қылып сорпа істедім. Ендігі ойым – диірмен жасау. Бидайды үгіп, дәлірек айтсам, тарту үшін осындай құрал керек болды. Диірменді жасау былай тұрсын, жасаймын деп ойлаудың өзі ауыр. Қалай жасаймын, тастан түйін түйген шебер де емеспін, оның үстіне құралдарым да жоқ. Дән салып түйер іші қуыс әрі қатты тас іздеп біраз сандалдым, қапелімде ондай тас табыла қоя ма, әрі іздеп, бері іздеп уақыт өткіздім. Аралда тас дегенің жетеді, таудай жартастар да көп, бірақ қажетіңе жарамаған соң, оның көптігінен не пайда, бірақ менде қашап шығаратын құралдар болса, қажетіме де жаратар едім. Жардың тастары шыны тас емес, құм араласқан үгілмелі, егер мұндай тасқа дән салсаң, тартқан ұның топыраққа былғанып, жеуге жарамай қалады. Бұл ойдан ешнәрсе шықпасын білген соң, келіні тастан емес, қатты ағаштан ойып жасауды мақұл көрдім, ондай ағаш оңай табылды. Бір жуан ағашты таңдап алдым да, басқа түрге енгенше ортасын қашап үңги бердім, бұдан кейін Бразилиялықтардың қайық істегендері сияқты бейнет шегіп, әрең дегенде ішін күйдіріп тереңдеттім. Сөйтіп, келіні де жасап бітірдім. Келсап жону келі жасаудан қиын емес, мұны да бір қатты ағаштан жасап шығардым. Сөйттім де, келі мен келсапты келесі егінге дейін сайлап, ұн тартуға әзірлеп қойдым.

Ендігі шаруа – ұнның кебегін айыратын елек жасау, мұнсыз нан пісіру мүмкін емес, мұны іске асыру қиын болды, неден бастарымды, қалай кірісерімді білмей дал болдым. Тиісті нәрселер болса елек жасап шығару аса қиынға соқпас еді, бірақ ол нәрселер менде жоқ. Кенеп көйлегімнің дал-дұлы шығып, жеңінен басқа бүтін жері қалмады, ешкінің жүні болғанымен оны иіруді, я тоқуды білмедім, біле қойған күнде де иіретін ұршық, тоқитын өрмек тағы жоқ. Енді мұны қалай істеймін деп басым қатты. Кемеден алған мүліктердің арасында мойынға салатын бірнеше тоқылған орамалдар бар екені есіме түсті. Осы орамалдардан ұн илейтін үш елек жасадым, орамалдар кішілеу екен, дегенмен қажетіме жарады. Бұларды бірнеше жыл пайдаландым, бұдан кейін електі қалай істегенім туралы тиісті жерінде тағы бір әңгімелеп өтермін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий