Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Олжалаған аңдарымның терісін кептіріп, әспеттеп алып қойғаным туралы алдыңғы әңгімелерімде баяндадым. Теріні күннің көзіне кептіргенім бекер екен, көбі қатты кеуіп қаудырап қалды, дегенмен ішінара жақсы кепкендері де табылды. Ең алдымен жүнін сыртқа қайырып өзіме тымақ тіктім. Тымағым көңілден шыққан соң, жейде, шалбар тігуге кірістім. Жейдені кең етіп, шалбарды шолақ етіп тіктім, мұны бойыма жылу болсын деп емес, күннен қорғайды деп ойладым, тіккендерім түкке тұрмады; ағаш шабуға да шорқақтау едім, тігіншілігім одан да нашар болып шықты. Тіккен киімдерім былай көрер көзге қолайсыз демесек те, жаңбырлы күндері өте қолайлы болды, жаңбырдың суы терінің сыртқы ұзын жүндерінен сорғалап төмен қарай ағып, денеме су өтпей, құрғақ болып жүрдім.

Тымақ, жейде, шалбарды тігіп болған соң, біраз уақытым қолшатыр тігуге кетті, бұл жақтың жаңбырлы маусымында қолшатыр маған өте қажет болды. Қолшатырды қалай тігетінін Бразилияда жүргенде көргенмін. Бразилияда қолшатырсыз жүретіндер өте сирек ұшырасады, себебі күн ыстық, күннің көзін көлегейлемей жүру мүмкін емес: ал қазіргі менің тұрған жерім одан да ыстық, неге десеңіз экваторға жақын. Маған ыссы күндерде де, жаңбырлы күндерде де далаға шығуға тура келді, сондықтан қолшатыр маған өте керек еді. Қолшатыр жасаймын деп біраз әурелендім. Екі-үш рет бүлдіріп алып, пішкен қиындыларды лақтырып тастадым. Қолшатырды жасағандағы қиналғаным, ыңғайлы ашып-жабылатын ету. Өне бойы ашылып тұратын қолшатыр тігу қиындық тудырған жоқ, бірақ ондай қолшатырды ылғи төбеңе көтеріп жүруге тура келеді, ол маған қолайсыздық тудырар еді. Мұның да бір ретін тауып, ашылып-жабылатындай етіп тіктім. Қолшатырды жүнін сыртқа қайтарып ешкінің терісінен тіктім: жаңбырдың суы үйдің төбесіндегі шатырынан құйылғандай қолшатырды айналып тайғанай берді. Күн көзінен қорғаныш, жауынсыз ыстық күндерде де қолшатырымды төбеме көтеріп жүре беретін болдым, бір жағынан көлеңке, қажеті болмаған кезде бүктеп қолтығыма қысып аламын.

Осылай мен өз аралымда құдайға құлшылық етіп тыныш және жайбарақат тіршілік кешумен күндерімді артта қалдырдым. Құлшылық қылған сайын қайғы-мұңым азайып, өмірім ажарланғандай болды, егер мен адамдар арасында өмір сүрсем, қандай да бір қиындықтар туа қалса, ішкі ойымды адам баласымен бөлісер едім, бірақ дұғаларым мен аяттарымды бағыштап құдаймен тілдескенім адамдар арасында өткізген көңілді күндерімнен артық болды ма дедім өз-өзіммен күбірлеп. Келіп жеткен бесінші жылым, жаңылмасам, ешбір маңызды оқиғаларсыз өте шықты. Тіршілігім сол бұрынғыдай – жайбарақат, тыныш қалпында өтіп жатты; тұрған жерім – сол бұрынғы ескі мекенім, істейтін істерім де сол бұрынғыдай – аң аулау, діни кітаптарды оқу, егін егу, ору, жүзім жинау – күн сайын қолыма мылтық алып саяхатқа шығуды есепке алмасақ – менің басты жұмысым қайық жасау болды. Бұл жолы тек қайықты жасап қана қойғаным жоқ, оны теңізге түсірдім, оны теңізге түсіруім былай болды: жарты мильдей жер арық қазып, арықты қайыққа дейін жеткіздім, міне, сол арықпен жылжытып қайықты теңізге түсірдім. Менің алғашқы жасаған қайығым өте зор болып, оны теңізге түсіре алам ба, жоқ па деп күн ілгері ойламай, ақымақтығымнан оны тұрған жерінде қалдырып кеткенім оқырмандарға мәлім. Бұл жолы ондай қайық істегенім жоқ. Бұл қайықтың тұрған жерінің алыстығы теңіз жағасынан жарты мильдің шамасындай еді, өйткені одан жақынырақ жерден қолайлы ағаш табылмады, бірақ мен оның салмағын, мөлшерін өзімше өлшеп жасадым және оны теңізге түсіре алатыныма күн ілгері көзім жетті. Осы қайықты жасауға екі жылдан артық уақыт кетті, аянып қалғаным жоқ, бар қуатымды жұмсадым, себебі теңізге түсіп сапар шегуге ынтызар болдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий