Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Аялдаған тұста зәкірді түсіріп, екі күн тұрдым, өйткені жел тұрып, ілгері жүру мүмкін болмай қалды (жел оңтүстік пен солтүстіктің аралығынан, жоғарыда көрсетілген ағысқа қарсы соқты), биік асау толқындар жартастарды ұрғылап жатты, жиекте ұзақ аялдаудың өзі үрей туғызды, жиекті тастап ашық теңізге қарай жылжысаң, манағы айтқан ағысқа тап боласың, ол бұдан қатты қауіп туғызар еді.

Іңір қараңғылығында жел басылып, теңіз бетіне тыныштық орнады, мен де алға жылжуға ниеттендім. Менің бастан кешкендерім тәжірибесіз, сақтықты білмейтін жиһанкезге сабақ болары анық. Әлгі айналыс жерге тіреліп, жағаға жақындап қалғанда қатты ағыс тартып, қайығымды айналдыра жөнелді, иірімінің күштілігі сондай, диірменнің тасындай айналады. Шарасыз қалған мен қайықты ортаға қарай бұрмай, шет жағалап жүре бердім. Сол бойы бірте-бірте алыстатып әкете берді, қарсы ағыс менің сол жағымда қалды. Жел тұрса да, оның әсері болмады, әйтпегенде ескектің күшімен қайықты бұрып ағысты кесіп өтуге менің шамам келіп тұр. Мені ағыс әрі қарай ығыстырып әкетті. Өмірмен қоштасып, ендігі тірліктен күдер үздім: бұл ағыс екінші ағысқа қосылатынын сездім, менің шын ажалым енді жеткен шығар деп ойладым. Қайықты бұрудың еш амалын таппадым. Өлім көз алдыма келіп, жел жоқ, теңіз беті тыныш, суға батып кетемін деп емес, аштан өлемін деп қорықтым. Жағадан бір үлкен тасбақа олжалап, қайығыма салып алғанмын. Бір құмыра ауыз суым бар. Бұл азық қай күнге дейін жетпек, қара жердің қарасын көрмей, тентек теңіздің қойнында қалған мендей адасқан сорлыға бұл азық қанша күнге қорек болады.

Мен қайғылы деген жағдайдың, құдайдың қалауы болса, одан да қайғылы боларын сол кезде түсіндім. Енді мен жан баласы тіршілік етпейтін, шөл басқан өз аралымды жер жұмағы деп ойладым және сол жұмаққа оралуды армандадым. Мен оған бар ынтаммен қолымды созып: “О, жанға жайлы шөл далам! Енді маған сені көру жоқ! Мен бір бақытсыз бейбақпын, ендігі күнім не болар?” дедім. Жалғыздығым үшін, құдайға тіл тигізген қайырсыздығым үшін өзімді айыптадым. Тіршілігі жоқ сол аралға апарып тастайтын құдірет қазір менен нені қаласа, соны берер едім. Иә, адам баласы деген сондаймыз: қолайсыз жағдайға душар болмай, жайлылықтың мәнін білмейміз, қолда барға қанағат тұтпай, қолдан шығып кеткен соң өкінеміз. Жанға жайлы аралымнан (қатты күйзелгенде жанға жайлы болып тұр) мұхитқа алты мильдей жер алыстап, енді көрмеймін-ау деп қоштасқандағы күйзелісімді көрсеңіздер, оны айтып жеткізу мүмкін емес. Бірақ жаным қысылғанда мен де қарап қалмадым, бар күшіммен ескекті есіп, ағысқа қарсы, яғни солтүстікке қарай қайықты бұра бердім. Күн төбеден ауа бергенде менің бақытыма қарай жел тұрды. Кішкене өз-өзіме келейін дедім. Желдің күшейіп, қатты соққанын көргендегі менің қуанғанымды көрсеңіздер. Бұл кезде қанша екенін құдай білсін, аралдан көп жер алыстап кеткен едім. Егер сол кезде тұман көтеріліп яки күннің көзін бұлт басқанда құритын едім: құбылнама да жоқ еді, сондықтан арал көзден таса болғанда, қалай қарай жол тартуды білмеген болар едім. Бірақ менің қуанышыма орай күн ашық болды. Қатты ағыстан құтылу үшін тездетіп діңгектерді орнатып, желкенді көтердім де, солтүстікке қарай қайықты бұрдым.

Желдің ығына қарай қайықты бұра бергенде, ағысты қақ жарып кесіп өте шықтым, бұл кезде ағыс бәсеңдей бастаған секілді. Ағыс иірімденбей, біртіндеп тына бастады. Ойлағаным дұрыс болып, ағыс расымен бәсеңдейін деген сияқты, себебі қатты ағыс болса, су лай болар еді. Күншығыс тұстан көптеген жартастар көрінді (мұны алыстан байқауға болады, өйткені жиекке соғылған толқындар көбіктеніп көрінеді), бұл жартастар ағысты екіге бөліп жібереді, сол кезде ең басты ағыс оңтүстікке қарай бет түзеп, жартасты жағаны солтүстік пен батыс жаққа қалдырып, иірім жасап, солтүстік-батысқа қарай қатты ағып жатты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий