Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

ЖАМАНДЫҚТағдыр мені құлазыған тіршілігі жоқ аралға айдап келді.Мен тіршіліктен аластатылған адаммын, мен қайғы жамылып қана өмір сүремін.Мен адамзат баласынан, адамдар қоғамынан аластатылған диуанамын.Менде киер киім жоқ.Жабайылар мен жыртқыштардың шабуылынан қорғансызбын.Мен жалғыз қалдым, тіл қатысар маңайымда жан баласы болған жоқ және мені жұбататын да ешкім болмадыЖАҚСЫЛЫҚБірақ мен жолдастарым секілді ажал құшпадым.Есесіне мен біздің эки-паждан да ажыратылдым, ажал маған ғана жетпеді, мені өлімнен құтқарған күш енді осы қиын сәттен де құтқарар.Бірақ тіршілігі жоқ маң далада аштан өлмедім.Бірақ мен киім киюді қажет етпейтін өте ыстық аймақтамын.Бірақ мен мекендеген аралда адамдар өмір сүр-мейді, бұл жерде Африка жағалауындағыдай бірде-бір жыртқыш аң көрмедім. Егер сол жағалауда қалсам, көрер күнім не болар еді.Бірақ құдайдың құдіретімен біздің кеме жағаға жақын жерде апатқа ұшырады, мен тек күнделікті тұтынатын қажетті нәрселерімді ғана емес, өмірімнің соңына дейін өзімді-өзім асырау үшін азық болатын көп нәрсеге ие болдым. Бұл жазбаларыма куә болғаныңыздай, адам баласы қандай ауыр жағдайға душар болса да, жамандығы басым болса да, есесіне жақсылығы болғаны үшін де шүкіршілік етуі керек екен. Адамзат тәжірибесі көрсеткендей тіршіліктегі бақытсыздықтың, қайғының да бір өнегесі болары анық.

Осылай өз-өзіммен кеңесіп, қаратүнек ойлардан серпіліп, басыма түскен жағдайға көндіге бастадым. Бұрын мен кеме көрініп қалмас па екен деген үмітпен сәт сайын теңізге қарайлаушы едім: енді үміттен күдер үзіп, өз тіршілігімді жеңілдетудің қамына кірістім.

Мен өзімнің тұрғызған үйімнің қандай екенін жоғарыда баяндап берген едім. Үйім – айналасын қазықтармен бекіткен, таудың етегіне тігілген шатыр. Менің шатырымды дуал деуге болады, себебі сырт жағына қалыңдығы аршын жарымдай топырақ үйдім. Біршама уақыт өткеннен кейін (жаңылмасам, жыл жарымнан соң) үйген балшықтың үстіне сырғауыл ағаштарды әкеліп бірінің бастарын біріне түйістіріп тұрғыздым, үстін бұтамен, үлкен жапырақтармен қалың етіп жаптым. Сонымен, үйімнің төбесі пайда болды, енді жаңбырдан да қорықпайтын болдым, себебі бұл аралда жылдың кейбір мезгілінде жаңбыр толассыз жауып тұрады. Барлық мүлкімді шатыр сыртындағы өзім қазған үңгір мен дуалға тасыдым деп бір сөзімде айтқан едім. Әуелгі кезде заттардың бәрін бір жерге қалай болса солай үйе салып, үйдің іші тарылып кетті, айналар жер жоқ. Сондықтан үңгірді кеңейту қиындық туғызған жоқ, таудың топырағы жұмсақ, қазуға оңай. Жыртқыш аңдардан келер қауіптің жоқтығына көзім жеткен соң үңгірді кеңейтуге кірістім. Қаншалықты кеңейтетінімді іске кіріспес бұрын есептеп алған болатынмын, оңға қарай кеулеп қаздым да, бүйірлеп апарып, сыртқа шығар тағы бір

есік жасадым.

Бұл тек жасырын есік қана болған жоқ, еркін кіріп-шығып жүруіме де көп мүмкіндік берді, заттарымды қояр орын да едәуір кеңейді.

Бұл жұмысты аяқтаған соң, өзіме ең қажетті деген заттарды реттеуге кірістім, ең алдымен орындық пен үстел жасадым: әйтпесе бұл жерге орналасқалы отырып тамақ та іше алмадым, жазу да жаза алмадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий