Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Міне, енді ағаш кесуге кірістім. Бір ескергенім, есеп-қисаптың негізгі және шығар көзі – ақылда екен, сондықтан ақылмен кесіп-пішіп, өлшеп байқап алса, кімге болса да аз уақытта қандай өнерді болсын меңгеруге болады. Мен өмірімде қолыма құрал ұстап көрген адам емеспін, бірақ тер төгіп, ықылас, зейініммен кіріскен соң әр істі меңгере бастадым, үйренгенім өз алдына, егер тиісті құралдарым болғанда қандай іс болсын аяқтауға да дайын едім. Қолымда керекті құралдарым болмаса да, жалғыз балтаның өзімен көп нәрсе тындырдым, мұндай әдіспен ешкім тура мен сияқты тер төгіп көрмеген болар. Мысалы, маған тақтай керек болған жағдайда ағашты кестім де, бұтағын шауып, қабығын аршып, балтамен екі жағын жона бердім, “бұл жарамайды” деп лақтыра салмадым, содан кейін жондым да сүргіледім. Әрине, менің қолымдағы бар құралмен қандай жуан ағаш болса да, одан тек жалғыз тақтай ғана жасай аласың, бір тақтайды жасаудың өзі менің көп уақытымды, маңдай терімді алды. Менің уақытым мен еңбегімнің құны жоқ қой – қайда жұмсасам да бәрібір емес пе?

Сонымен, ең әуелгі ісім орындық, үстел жасаудан басталды. Орындық жасауға кемеден әкелген қысқа тақтайларды пайдаландым. Жоғарыда айтып өткен әдіспен үңгірдің қабырғасына бірінің үстіне бірін қағып текшелер жасау үшін бірнеше ұзын тақтайлар жонып, құрал-саймандарымды, шеге, темір-терсек, ұсақ-түйек заттарымды жинадым. Киім-кешек, мылтық, басқа да нәрселерімді ілу үшін, үңгірдің қабырғасына ағаштан жіңішке қазықтар қақтым.

Менің үңгірімді көрген адам керекті заттарды жинайтын қойма деп ойлар еді, іші мұнтаздай, жайнап тұр, қарасаң көңіл көтеріледі және бәрі де игілікке тұтынатын заттар. Осы ісімді әбден аяқтап болғаннан кейін ғана күнделік жазуға кірістім. Күнделікті істеген ісімнің бәрін күнделігіме жазып отырдым. Әуелгі кезде күндегі күйбеңнен қолым босамады. Оның үстіне басым қаралы, көңілім жаралы болып жабырқап жүрдім, күнделік жазғаным өзіме оң әсерін тигізді. Мысалы, қыркүйектің 30-ы күні былай жазыппын: “Мен жағаға жетіп өлімнен құтылдым, мен жұтқан теңіздің ащы суы жүрегімді айнытып, лоқсыдым. Есімді жиған соң ажалдан құтқарған жаратушыға алғысымды айтып, жалбарынудың орнына, аузыма не түссе соны айтып, теңізді жағалап жүре бердім. Өз басымды өзім ұрып, өз бетімді өзім жырттым, әлім біткенше “құрыдым, біттім” деп айқайлай бердім, себебі жыртқыш аңдарға жем боламын деген де үрей болды. Мұнан соң да көпке дейін (кемеге барып заттарды тасып әкелген соң) күнде төбенің басына шығып, кеме көрінер деген үмітпен теңізге қарап көз талдырдым. Әлденеше рет алыстан ағарып желкен көрінгендей болады, үміттеніп күтумен жүремін. Қарай-қарай көзім талған соң, жер бауырлап жата қаламын да еңіреп жылаймын, ақымақтықпен өзімді-өзім жасытқаным болмаса, еңірегеннен не шықсын.

Қатыгез дүниенің барлық ауыртпалығына төтеп беремін деп жат ойлардан арылып, өзімді өзім жұбатқандай болып баспана салып, үстел, орындық, тағы басқа да көңілге алдамшы керектілерді ыңғайлаған соң, қысқасын айтсам, тіршілік қылуға жағдай туғызғаннан кейін күнделік жазуға кірістім. Күнделіктегі оқиғалар кітаптың өткен тарауында айтылса да, жазғандарымды тағы да баян етейін. Күнделікті сия таусылғанша жаза бердім, сия таусылған соң күнделік жазу да доғарылды.КҮНДЕЛІК1659 жыл, қыркүйектің 30-ы. Сұрапыл дауылдың кезінде кеме апатқа ұшырап, мені, бақытсыз Робинзон Крузоны, осы үрейлі аралға тағдыр айдап әкелді. Бұл аралды мен “Үмітсіз Арал” деп атадым. Менің сапарластарымның бәрі де суға батып кетті, мен өлім аузынан аман қалдым.

Сол күні кешке дейін қатыгез тағдырыма өкпе айтып, еңіреумен болдым: ішерге тамағым, киерге киімім, тіршілік қылуға қажетті құралдар да болмады, жасырынар жер таппай, көзіме қан толып өлімнен басқа ешнәрсені көрмедім. Жыртқыштар талайды, жабайыларға жем боламын я аштан өлемін дегеннен басқа ой болмады. Түнде жыртқыш аңдардан қорқып, ағаштың басында түнедім. Түнімен жаңбыр жауып тұрса да, қатты қалжырағандықтан ес білмей ұйықтадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий