Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

кейбір ұсақ-түйек нәрселерді айтқаным жоқ, әрине, бағалы дейтін де құнды нәрселер емес, дегенмен бұлардың зияны да болған жоқ. Мысалы, капитанның және оның көмекшісінің каюталарынан сия, қаламұш, қағаз және үшеу ме, төртеу ме құбылнама, аспан әлемін зерттейтін бірнеше құрал, дүрбі, географиялық карталар, навигация кітабын тауып алғанмын. Бәрін жинап, бір қажетіме жарар деп сандықтың түбіне тастағанмын. Өз жүгімнің арасынан үш Інжіл кітабын таптым (бұларды тауармен бірге Англиядан алдырып, жолға шығарда өз заттарымның арасына орап қойғанмын). Бұлардан басқа португал тілінде жазылған бірнеше кітабым да бар еді, оның үшеуі иманшарт сықылды дұғалық еді. Кемеде екі мысық және бір ит болды (бұл хайуанаттардың тарихын кейінірек айтармын). Мысықты салға отырғызғанымда, ит өзі сумен артымнан қалмай жағаға жүзіп шықты. Ол маған көп жылға дейін жолдас болды, көп көмектесті. Ол мен үшін бәрін жасады, мен оған адам сияқты қарадым. Ол менімен әңгімелессе екен дедім, бірақ тағдыр оған мұндайды жазбапты. Кемеден қағаз, қарындаш, сия алғанымды да айтып едім сіздерге, мен оларды шамам келгенше үнемдеп жұмсадым. Не істегенімді, не ойлағанымды түгел жазып отырдым; бірақ қағаз бітіп, сия таусылғаннан кейін, мен де жазуды доғардым. Себебі сияны қалай жасауды және оның орнына нені пайдалануды білмедім.

Маған сиядан өзге де көптеген нәрселердің керек екенін білдім. Менде күрек, қалақ, қайла секілді жер қазатын заттар; ине-жіп, ішкі киімдер де жоқ болып шықты, бірақ мен оларға мұқтаж емес едім.

Құрал-саймандарымның кемдігінен істеген ісімнің қай-қайсысы да ауыр тиді және ұзаққа созылды. Қорғанды салып бітіруге жылға жақын уақыт кетті. Орманға барып, жуан-жуан сырғауыл кесу, оның бұтағын шауып қазық істеу, дайын қазықтарды шатырға тасу – міне, бұл шаруалар қыруар уақытты алды. Қазықтар өте ауыр, біреуден артық көтере алмайсың, кей-кейде бір қазықты жонып, ұштап, үйге әкелудің өзіне екі күн уақыт кетті және үшінші күн дегенде барып жерге қағу керек болды. Қазықты әуелгі кезде ағаш тоқпақпен қағып жүрдім, артынан кемеден әкелген темір сүймен есіме түсіп, соны пайдаландым, бірақ одан пайда көргенім жоқ, жұмыстың ауыры, ең қиыны қазық қағу еді, әбден шаршатты. Десек те бұл күйбең тірлік жалықтырмады, бәрібір жападан-жалғыз бейтарап, бұйығы өмірімді қалай өткізер едім, қорғанымды тұрғызып болған соң азық іздеп, күнде аралды кезгеннен басқа жұмыстың да күрделі түрі көрінбеді. Солай бола тұрса да бастан кешкендерімді саралап және көрген-білгенімді тұжырымдап жаза бастадым, мақсатым – адамдарға ақыл айту емес, көрген қорлығымды, шеккен бейнетімді аз сөзбен айтып жеткізсем, өз көңілімді өзім жұбатсам деймін. Уайым-қайғым ауыр болса да, сәулелі ішкі ойларым қалың қайғымды жеңе бастады. Шамам келгенше жамандыққа жақсылықты қарсы қойып, өзімді-өзім бұйырған тағдыр ісіне көндіргім келді. Көрген жамандығымды да, жақсылығымды да саралап, екеуін қатар

қойып жаза бердім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий