Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің ендігі ойым – жабайылардан және жыртқыш аңдардан сақтану, баспананы қалай тұрғызуым керек, міне, ойым осы болды. Үңгір қазсам ба немесе шатыр істеп, айналасын мықтап бекітсем бе? Ойлай-ойлай екеуін де қарастырып көргім келді. Атқарған жұмыстарымды, тұрғызған үйімді сіздерге суреттеп берсем артық болмас деп ойлаймын. Жағадағы шатыр тігіп орналасқан жерім тіршілікке өте қолайсыз, себебі теңіздің жағасы әрі ойпаң, айналасы саз, жаңбыр жауса батпақ болады. Жақын жерде ішетін ауыз суы жоқ, сондықтан тірлік етуге қолайлы бір орын тауып

алуым керек болды.

Ал тіршілік кешетін жерім мына жағдайларға сәйкес болуы керек. Біріншіден, үйім батпағы жоқ жерге, тұщы суға жақын болу керек; екіншіден, көлеңкелі жерде; үшіншіден, екі аяқты және төрт аяқты жыртқыштардан қауіпсіз; төртіншіден, теңіз жақ беті ашық болуы керек, себебі құдай сәтін салып көзіме кеме көрінсе, бұл азаптан құтыламын деген үмітім бар.

Аралды шарлап жүріп қонысыма жайлы болады-ау деген бір жерді таптым. Айналасы зәулім ағаш, ортасы алаңқай, бір жақ тұсы тіп-тік биік төбе, ол жерден тірі жан келіп түсе алмайды. Тереңдігі біршама бір қуыс бар, бірақ ешқандай үңгір көрінбейді. Бұл жерді көңілім қалады, әрі таса, әрі көлеңке, осы жерді тұрақ еткім келді. Алаңның ұзыны екі жүз ярд, бір жақ етегі төбеге, төбенің мүйісі иректеліп теңіздің жағасына барып тіреледі, алаңқай төбенің оңтүстігі мен батыс бөлігінің аралығында. Күнұзақ күннің көзі түспей, үнемі көлеңке болады да тұрады.

Айналасы жиырма, іші он метрдің шамасындай етіп ең әуелі дөңгелетіп үй салатын жердің орнын сыздым, содан соң сызықтың үстін ашық қалдырып, нықтап екі қатар қазық қақтым, алдын ала қазықтарды өткірлеп ұштап алғанмын. Үйімнің биіктігі бес жарым футқа жақындады. Жуан-жуан ағаштарды кесе-көлденең ішкі жағына орнатып, қазықтың ашық қалған араларын төбесіне жеткенше арқанмен ұстаттым. Тұрғызған қорғаным көңілдегідей болды, аң түгілі адам да бұзып кіре алатын емес, әрине, бұл оңайлықпен біткен жоқ, көп уақыт оздырып, біраз тер төгуге тура келді, әсіресе қиын болғаны – орманға барып ағаш кесу, кесілген ағашты тасу, оны жерге бекітіп қағу. Ашылып-жабылатын есік жасамай, басқышпен түсіп, басқышпен шығатын еттім, ішке енген кезде басқышты өзіммен бірге ала кіремін. Сонымен салған жайым келісті болып шықты, мықтап-ақ бекіндім, еш нәрсеге алаңдамай, қауіпсіз тыныш жатып ұйықтайтын болдым, басыма қиындық орнамаса мұндай қорғанды салу түсіме де кірмес еді.

Қауіпсіз болуым үшін мұншама тер төкпесе де болады екен, мұны да артынан білдім.

Бейнеттеніп, бірталай азаппен жағалаудағы азық-түлік, қару-жарақ, басқа да мүлкімді қорғанға таси бастадым. Жауын-шашыннан, ыстықтан қорғану үшін бірінің үстін біріне жанамалап, екі қабат шатыр тіктім де, үстін желкенмен, кемеден әкелген брезент кенеппен жаптым. Жататын орнымды да сайладым, капитан көмекшісінің тоқымалы тор кереуетін орнатып, соның үстіне ұйықтайтын болдым. Дымқылданса тез шіритін заттардың бәрін тасып, шатырға кіргіздім. Заттарды тасып болған соң, ашық жерлерін мықтап бітедім де, кішкене ғана есік қалдырып, кіргенде де, шыққанда да басқыш арқылы түсіп-мініп жүрдім. Қорған жұмыстарын аяқтаған соң таудан үңгір қазуға кірістім. Қазып шығарған тастар мен топырақты қорғанның ішіне төсеп, шұңқыр жерлерді тегістедім, топырақ төселгесін еден екі сүйемдей жоғары көтерілді. Қазған үңгірім шатырдың сыртқы жағында, үңгір қазғаным жөн болыпты, мұны мен қойма есебінде пайдаландым. Бұл жұмыстардың аяғына жету үшін біраз уақытым кетіп, бірталай тер төктім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий