Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ойым оң болды. Азырақ жүрген соң алдымнан бір кішкене қуыс көрінді, ағыс салды сол қуысқа жылжытып алып келді. Ағыстың ортасынан шықпайын деп барымша есіп келемін. Бірақ әлгі қуыстың шыға берісінің қандай екенін білмегендіктен салым суға кетіп, тағы бір пәлеге ұшырай жаздадым, егер бұл жолы да бір нәрсеге ұшырар болсам, қапаланғанымнан есімді жия алмай қалушы едім. Ойда жоқ жерде салымның бір жағы қайырлап, қисая бастады. Енді сәл осылай аялдағанда, жүк салмағымен бір жағына ауып, сырғып суға түсіп кететін еді. Бар күшімді жиып қисайған жағын қолыммен тірей қалдым, бірақ қанша тырысқаныммен салды орнынан қозғай алмадым. Сол бойы судың көтерілуін күтіп, қозғалмастан жарты сағаттай тұрдым. Екі иығым ұйып қалды, жарты сағат өткеннен кейін арт жақтан соққан толқын қисайған жағын көтеріп жіберді, сал түзеліп қалпына келді. Сол кезде ескекті жерге тіреп, салды кейін итеріп, ағыстың арнасына қарай бұрдым, мұнан кейін көп кешікпей-ақ әлгі қуысқа келіп кірдім, қуыстың екі жағы биік екен. Сәл аялдап тоқтауға қай жері қолайлы екен деген оймен айналама көз жібердім: теңізден қашықтап кеткім келмейді, әйтеуір бір кеме болса да көзге түсер деп үміттендім, сол себепті жағаға жақын орналасайын деп ойладым.

Жиектің оң жағын бойлаған кішкене өзекшеге көзім түсіп, соған қарай бұрылдым. Қатты ағысты әрең дегенде кесіп өтіп, әбден мехнат шегіп, көз жеткен өзекке келіп кірдім. Бойымды тағы да үрей биледі, жеткен жерім тік жар, егер салдың тұмсығы я бір бүйірі екпінімен келіп жарға соғылса, салым аударылып, бар жүгімді суға кетірер түрім бар, сондықтан судың көтерілуін күтуге тура келді. Тайыз да болса жиектің тегіс жеріне қарай жылжыдым, мұным су көтерілсе, әлгі жердің суы тереңдеп, салды жылжытуға жеңіл болады ғой деген ой еді, айтқанымдай-ақ болды, су көтеріліп тайыз жерді басқан сайын ескекті жерге тіреп, бірте-бірте ілгері жылжи бердім, сөйтіп, әйтеуір құрлыққа шықтым.

Менің ендігі ойым – маңайды байқап, қауіп-қатерсіз қоныс болатын қолайлы орын табу. Қайда тұрғанымды, қайдан келгенімді әлі білмеймін; тұрғаным жердің шеті ме, арал ма, бұл жерде ел бар ма, жоқ па, жыртқыш аңдар бар ма, жоқ па, мен үшін жұмбақ. Солтүстігімде биіктігі таудай бір үлкен төбе көрінді. Мылтықты оқтап алдым да, бірсыпыра оқ-дәріні қалтаға салып, солай қарай жүріп кеттім, төбенің өзі өте биік екен, өрмелеп әрең дегенде басына шығып, айналама көз жібердім: тұрған жерім арал, айналасын теңіз қоршаған, бірнеше жартастар және бір-екі кішкене аралдар болмаса, жер көрінбеді. Көзімнің жеткені: бұл жерде тіршілік белгісі байқалмайды, шын мәнінде тіршілік жоқ-ау деп түйдім. Мүмкін, жыртқыш аңдар бар шығар, бірақ әзірге көзіме бірі түспеді. Құс деген қисапсыз көп, бірақ мен білетін құстарға ұқсамайды, бір-екеуін атып алғанымда етінің жеуге жарамды-жарамсыз екенін де білмедім. Төбеден түсіп келе жатып ағаш басында отырған бір үлкен құсты атып алдым. Бұл дүние жаратылғалы шыққан мылтықтың алғашқы даусы болса керек, көтеріліп ұшқан құстың көптігінен күннің көзі көрінбей, аспанды бұлт басқандай болды, құстардың даусы әр түрлі, бірақ мен естіп жүрген құстардың даусына келмейді. Атып алған құсым қанаты, жүні, тұмсығы – бәрі қаршығаға ұқсайды, бірақ

тырнақтары қысқа. Еті сасық екен, жеуге жарамады.

Салға қайта келіп, қарекетіме кірісіп, жүктерді жағаға жеткізе бастадым, кешке дейін жүк тасумен болдым. Түнге қарай қайда, қалай орналасарымды білмедім. Жерге жата кетейін десем – аңдардан қорқамын. Қорқуым бекер екен, артынан барып бұл мекенде мен қорқатын ештеңенің жоқ екенін білдім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий