Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біздің кеме жүз жиырма тонна шамасында жүк көтеруге арналған. Кемеде капитанды, мені және юнганы есептемегенде, алты зеңбірек пен экипаждың он төрт адамы болатын. Өзімізбен бірге ауыр жүк болған жоқ, көбінесе зәңгілермен айырбас жасау үшін қайшы, пышақ, балта, айна, шыны, алқа басқа да ұсақ, арзан заттар тиеп алдық.

Қыркүйектің бірі күні кемеге міндім деп айтып едім, дәл сол күні жүріп те кеттік. Солтүстік ендіктің 10 немесе 12 градусына жеткен кезде Африка құрлығына қарай бұрылу үшін, әуелі Бразилияны жағалап, солтүстікке қарай жол тарттық, өйткені ол кезде кемелердің жүрер жолы да осы бағытта болатын. Әулие Августин мүйісіне жеткенше, күннің ыстығы болмаса, ауа райы өте қолайлы болды. Әулие Августин мүйісіне жеткен соң жағаны тастап, ашық теңізге қарай бұрылдық. Көп уақыт өтпей-ақ құрлықтан ұзап кеттік. Келе жатқан бағытымыз Фернандо де Норонха аралы, яғни оңтүстік пен шығыстың аралығы. Фернандо аралы оң жағымызда қалды. Он екі күн жүргеннен кейін экватордан өтіп 7°22, солтүстік ендікке шықтық, осы арада сұрапыл дауыл соқты. Бұл дауыл емес, құйын еді, артымыздан да, алдымыздан да айнала соғып, әбден естен тандырды. Жел әуелі солтүстік пен шығыстан, мұнан кейін оңтүстік пен шығыстан соқты, бағыттап жүруге ерік бермеді, он екі күн бойы желге қарсы жүре алмадық. Осы он екі күн бойы сағат сайын, минөт сайын ажал келді деп ойладым, бірақ біздің арамызда тірі қаламын деген ой бір адамда да болған жоқ. Біздің қорқынышымыз дауыл ғана болған жоқ: бір теңізші безгектен, екі теңізші палубаны су шайып теңізге кетіп өлді. Он екі күн дегенде дауыл бәсеңдеп, капитан тұрған жерімізді байқастай бастады, солтүстік ендіктен 12 градус шамасында тұр екенбіз, бірақ бізді Әулие Августин мүйісінен батысқа қарай

22 градус ықтырып алып кеткенін білдік. Тұрған жеріміз Бразилияның солтүстік жағалауынан қашық емес және сол өлкелерге белгілі Ориноко өзеніне таяумыз. “Енді қай бағытқа жол тартамыз?”– деп капитан менен кеңес сұрады. Кемеге су кіре бастады, алыс жол жүруге келмейді, енді кейін қарай, Бразилия жағалауына жылжығанымыз жөн болар дегенді айтты. Бұл пікірді мен қолдамадым. Америка жағалауларының картасын қарағаннан кейін былай деп шештім: Кариб аралына жеткенше алдымызда ел жоқ екен, олай болса көмек күтер де жер жоқ, сондықтан бағытты Барбадосқа қарай бұру керек, біздің есебімізше ол жерге екі жетіде жетуге болады. Мексика шығанағының ағысына түспес үшін тура жолдан бағытты аз ғана бұру керек. Африка жағалауына қарай жүзу туралы сөз қозғап та керек емес, өйткені аялдап, кемені

жөндеп, құрамды жасақтап алмай болмайды.

Содан кейін батысқа, солтүстік пен батыстың аралығына қарай бұрылдық. Себебі ағылшындарға қарайтын аралдардың біріне жетіп көмек сұрамақпыз. Бірақ тағдырдың қалауы басқаша болды. Солтүстік ендіктің 12°18, таман жақындағанда тағы да сұрапыл дауылға тап болдық. Бұл да сол бастапқы дауылдай батысқа қарай ығыстырып алып кетті, бет алған бағытымыз қиян шетте қалды, сауда жолынан алыстап кеттік, енді дауылдан аман қалсақ та, елге ораламыз деген үмітіміз үзілді, өйткені бұл жерде жабайыларға жем боламыз деп ойладық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий