Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Басымнан кешкендерімді егжей-тегжей сіздерге баяндап берейін. Бразилияда төрт жыл тұрып, тұрмысым түзеліп, жергілікті халықтың тілін үйреніп алғаным өз алдына, мен көршілес плантаторлармен және бізге жақын қала Сан-Сальвадордан келген көпестермен де танысып алдым. Олармен жолыққан сайын баяғы Гвинеяға екі рет барған сапарым туралы, зәңгілерді алтын мен пілдің сүйегі түгіл, алқа, пышақ, қайшы, балта, шыны сияқты түкке тұрмайтын нәрселерге айырбастап, Бразилияға әкеліп, қара жұмысқа салуға болатыны туралы әңгімелеп беруші едім.

Олар менің әңгімемді ықылас қоя тыңдайтын, әсіресе зәңгілерді сатып алуға болады дегенді әңгімелегенімде ерекше зейін қоятын. Бірақ ол кезде зәңгілерді сатып алуға шек қойылатын, оларды сатып алу үшін испан немесе португал корольдерінен рұқсат керек еді, сондықтан құлдар кез келген жерден табыла бермейтін, құны да қымбат болатын.

Күндердің күнінде топ адам бас қостық, жоғарыда айтылған мәселе төңірегінде менің таныс плантаторларым мен көпестер қызу әңгімеге көшті. Кешегі әңгімеден кейін ойланған үшеуі ертеңіне маған құпия ұсыныспен келгендерін айтты. Содан кейін айтылған сөз осы арада қалсын деді де, әрі қарай өздерінің мен сияқты плантацияға иелік ететіндерін, оларға да құл, жұмысшы күші керек екенін тілге тиек етті. Сол себепті Гвинеядан зәңгілер сатып алуға аттану үшін кеме дайындайтындарын айтты. Құлдарды сатып алу қиындық туғызады және оларды Бразилияға алып келген соң ашық сатуға тыйым болғандықтан, олар тек бір рет қана сол мақсатпен жол жүріп, құлдарды жасырын тиеп әкеліп, содан соң ғана әрқайсысы өз плантацияларына бөліп алғылары келеді екен. Мен бұл сапарда кеме приказчигі қызметін атқарамын ба, Гвинеяда зәңгілерді сатып алу жауапкершілігінде боламын ба, – мәселе соған тірелді. Құл сатып алуға қарабақырың да кетпейді, бізбен бірдей бөлісесің деді олар.

Егер бұл ұсыныс жекеменшік плантациясы жоқ біреуге айтылса, қызығарлық нәрсе деуге болар еді. Бірақ жеке плантацияға иелік ететін мен үшін бұл ұсыныс қолайлы емес-ті: бастаған ісім үш-төрт жыл жалғасын тапса, оның үстіне Англиядағы алашақ ақшаға ие болсам, оған үстеме аз ғана қаражат қосылса, онда мендегі қаражат төрт-бес мың фунт стерлингке жетіп және әрі қарай да өсімін табар еді; сондықтан алдағы сапар туралы ойлау мен секілді адам үшін ағаттық болары айдан анық болатын.

Адам баласы бүкіл ғұмырында кешуге тиісті қиыншылық тақсыреті әу бастан менің маңдайыма жазылып қойғандай. Әкемнің айтқанына көнбей, өз үйімнен қашқанда мәнсіз нәрселерге қалай үйірсек болсам, бұл жолы да осы ұсынысқа дәл солай қарсы келе алмадым. Мен плантаторларға “Гвинеяға қуана барамын, бірақ мен келгенше плантацияма көз болсаңдар, егер мен оралмай қалсам, менің қазіргі айтқан өтінішім бойынша иелік етсеңдер” деп жауап бердім. Олар маған бірауыздан уәде берді, жазбаша келісімшарт жасалды, мен де өз тарапымнан егер қаза болып кетсем, плантация мен мүлкім қысылғанда қол ұшын берген португал капитанына тапсырылсын, бірақ менің мүлкімнің тең жартысы ғана бөліп беріліп, қалғаны Англияға жөнелтілсін деген ескертпесі бар өсиет қағаз жаздым.

Қысқасы, мүлкім мен плантациямның сақталуы үшін сөз жүзіндегі барлық мүмкіндікті қарастырдым. Өз пайдам үшін ақылға салып, алды-артымды ойласам, нені істеуім және істемеуім керек екенін білсем, өзім бастаған істі нәтижесіз қалдырмаған болар едім, көп қиындықты басымнан өткере тұрып, теңізге қайта түспеген болар едім.

Бірақ мені үнемі бір тосын күш еліктірді де тұрды, сондықтан ақылдың емес, қиялдың жетегіне ере беріппін. Міне, кеме де дайын болды, керекті тауарлар тиелді және осының бәрі де сапар шегушілердің өзара ризашылығымен болды. 1659 жылы қыркүйек айының бірі күні, жайсыз уақытта келіп кемеге міндім. Сегіз жыл бұрын ата-анамнан қашып Гулльге келген күндей – ата-анама қарсы келіп, өз тағдырымды өзім ақымақтықпен шешкен күндей, – бұл да мен үшін сәтсіз күн болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий