Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Торнтонның бұйрығы тапанша оғынша саңқ етті. Бэк қайыстарын қатты керіп алға жұлқынды. Тұла бойын алапат күш кернеп түк астынан бұдырлана көрінген өрім-өрім бұлшық еті бұлт-бұлт ойнайды. Анай төсімен жер бауырлап, басын алға созған, ал аяқтары әбден тапталған қар бетіне қос-қатар біразда салып зыр қағады. Ырғалып, қалшыл қаққан шана орнынан жартылай жылжып та үлгерген. Кенет Бэк бір аяқтан сүрініп кетті де, шаршы топ арасынан әлдекім ah ұра опынып қалды. Бірақ шана ендігі әлгі орынға сіресуді доғарып, ойқастай қозғалып, алға қарай жұлқына жылжи бастады - алдымен жарты дюйм... одан бір... одан тағы екі дюйм... Қимыл біртіндеп қалыпқа келіп, шана ақыр аяғында екпінді түзеп жылдамдай түскен сәтте Бэк тесіліп ала жөнелген.

Осыдан бір минуттей бұрын ғана демдері бітіп қалғанын аңдамаған жұрт жеңілейе тыныстады. Ал Бэкті қақпайлаған Торнтон шана соңынан шаттана айқайлап жүгіріп барады. Ара-қашықтық алдын ала белгіленіп қойылған болатын, Бэк жүз ярд бітетін жерге тасталған бір арқа отынның тұсына жеткенде сүйсінген дауыстар естілді. Бэк Торнтоннын бұйрығы бойынша сол ағаштардан асып барып тоқтаған кезде әлгі дауыс гуілге ұласқан. Жұрттың бәрі, тіпті, Мэтьюсонның өзі де есі шыға еліріп жүр. Аспанға бөрік те, қолғап та атылды. Жиналғандар алдындағы адамның таныс-бейтаныстығына қарамастан бір-бірінің қолдарын қысысады, сөйтіп қуаныштың аяғы аласапыран у-шуға ұласып кетті. Ал Бэктің қарсы алдына тізерлеп отыра қалып маңдайына маңдайын тіреген Торнтон оны сілкілеп, жұлқылап қояды. Алдыға қарай шығып кеткендер оның Бэкке ұрсып отырғанын естіді. Ол оған аялап, рақаттана, сүйіспеншілікпен ұзақ ұрысқан еді.

─ Ғажап, сэр! Керемет! - деп міңгірледі король Скукум - Бенча. - Бұл үшін сізге мың доллар беремін, тұтас мың, сэр! Әлде бір мың екі жүз сұрайсыз ба?

Торнтон тұрды. Жанарын жас жуып кетіпті, ол жүзінен сорғалаған көз жасын жасыруға тырысқан жоқ.

─Жоқ, сэр, - деді ол король Скукум - Бенчаға. - Жоқ, ештеңе сұрамаймын. Кетіңіз кәне, сэр! Менің сізге беретін бар кеңесім осы.

Бэк Торнтонды қолдан тістей алды. Торнтон оны қайтадан сілкілей бастады. Бұларды қызыға тамашалаған қауым ұзаңқырай берді, осыдан кейін араға киліккен әлгіндей оспадар адамдар кездесе қоймады.

САРЫН ЖЕТТІ!

Бэк бес минуттің ішінде бір мың алты жүз доллар тауып берген соң Джон Торнтон әлдебір қарыздарын қайтарды да, аты дәл осынау өлкенің тарихындай аңызға айналған алтын аралас топырақты іздеу үшін жолдастарымен бірге шығысқа қарай бет түзеді. Алтынның соңына түсушілер көп еді, тапқандар некен-саяқ, ал іздеушілердің көпшілігі сол сапарынан оралмаған. Оны алғаш болып кімнің ашқаны да белгісіз еді. Талай қасіретке бастаған, ертегіге айналған топырақ төңірегінде жұмбақ көп. Тіпті, ең ежелгі аңыздардың өзінде ол туралы ештеңе айтылмайды. Жұрт тек сол орында қисайған, ескі лашық тұрғанын ғана біледі. Кейбір алтын іздеушілер өлер алдында құлағалы тұрған үй мен топырақты кездестіргенін айтып қарғанып, сөздерінің дәлелі ретінде бүкіл Сібірде теңдесі жоқ алтын кесектерін көрсеткен. Алайда тірілердің арасынан сол қазына қоймасынан әлдене тауып алудың сәті түскен ешкім болған емес, ал өлгендер өліп кетті. Джон Торнтон, Пит пен Ганс та өздерімен бірге Бэкті және тағы басқа бес-алты итті алып, өзге адамдар мен иттердің аяғы баспаған жерге жетуден үміттеніп, тың жолмен бағытты шығысқа қарай түзеген еді. Бұлар Юконмен жоғары қарай жетпіс миль жүрді, одан Стюарт өзені арқылы солға бұрылды, Стюарт тұтас құрылыққа дендей еніп, биік тау жоталарының айналасындағы бұлақтарға айналып ирелеңдей ағып жатқан Мэйо мен Мак ─ Квещеннің тұсынан өтті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий