Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

─ Оның оған шамасы жетпейтініне мың доллар бәс тігейін. Міне ақша.

─ Сөйтті де сәкіге жуандығы болон шұжығындай алтын құм салулы қапшықты тастай салды.

Бұл шақыруға ешкім үн қата қойған жоқ. Бәрі Торнтонның сөзін бос даңғаза деп қабылдаған еді. Торнтон жүзінің нарттай қызарып кеткенін аңдады: әлгіндей сөздің аузынан қалай шығып кеткенін өзі де білмей қалған екен. Бэк мың қадақ жүк тиеген шананы тарта ала ма? Жарты тонна ғой! Бұл салмақ Торнтонның жағасын ұстата жаздады. Өзі Бэктің күшіне қатты сенетін еді де, ол кез келген жүкті тарта береді деп ойлайтын. Бірақ осыны бірде-бір рет тексеріп көрмепті, енді ондаған адам жан-жағынан төніп, үн-түнсіз күтіп түр! Оның үстіне өзінде де, Ганс пен Питте де мың доллар жоқ-тын.

─ Далада әрқайсысы елу фунттан келетін менің жиырма қап ұн тиеген шаналарым тұр, -деп сөзін жалғастырды Меттьюсон ожарлана нығызданып. - Демек, енді тоқтау деген болмайды.

Торнтон үндемеді. Не дерін білмеген де еді. Ол ойын жинақтай алмай тұрған адамша абдырап, жанындағы кісілерге алма-кезек тұнжырай көз сүзеді. Кенет оның назары кезінде өзіне жолдас болған жергілікті дәулеттілердің бірі Джим О Брайеннің жүзіне аялдай қалды. Сол итермеледі ме, Торнтонның басына бұрын келмеген бір ой орала кетті.

─ Маған мың доллар қарыз бере аласың ба? - деп сұрады ол сыбырға жақын үнмен.

─ Әрине, - деп жауап қатты О Брайен; сөйтіп сөре үстіндегі Меттюсонның дорбасының қасына екінші бір алтын құм салынған қомақты қалта дүре ете түсті. - Әйткенмен, Джон, сенің итіңнің мұндай істі атқара алатынына көзім жетпейді.

Тамашадан құр қалмау үшін "Эльдорадода" отырған жанның бірі қалмай далаға шықты. Карта үстелдерінде де ешкім қалған жоқ, кімнің ұтқанын көру үшін һәм өздері де бәстесуге бола ойыншылар да тысқа ақтарылған. Киімдері аң терісінен тігілген жүздеген адам жартылай шеңбер жасап, шаналарды анадайдан қоршап иін тіреседі. Мың қадақ ұн тиелген Мэттьюсонның шаналары да қақаған аязда екі сағаттан бері тұр (сынап бағанасы нөлден төмен алпыс градусты көрсетеді), табандары әбден тапталған қарға сіресіп қалған. Тартыс құмарлар Бэк шаналарды жылжыта алмайды деген бекем сеніммен бәсті біреуге қарсы екеу деп, әркелкі тігуді ұсынды. Күрделі дау туған: "шананы қозғау" деген сөз қалай түсініледі? О Брайен оны Торнтонның шана табанына қатқан мұзды қағып босатуға құқы болады да, Бэк одан соң орнынан қозғайды деп ұққан. Мэттьюсон болса бес шарты бойынша Бэк шананы қатқан табанды жерден жұлқып шығарып тартсын деп талап қойды. Таластың көпшілік куәгерлері дауды Мэттьюсонның пайдасына шешті де, Бэкке қарсы тігілген бәс бірдің ара-қатынасына үшке дейін өсті.

Алайда бәсті өздері көтеріп алуға тілек білдірушілер табыла қоймады: Бэк мұндай ерлік жасайды дегенге ешкім сенбеді. Торнтонның нар тәуекелге бел буғаны да түсінікті болған. Оның өзі де осынау шаналар мен қарға аунап жатқан жегімдегі он итті көріп бұл батырлықтың мүмкіндігіне күмәндана түскен. Мэттьюсон шаттанып жүр.

─ Біреуге қарсы үшеу! - деп айқайлайды ол. - Тағы да мың тігемін, Торнтон! Қол алысамыз ба, қалай?

Торнтонның жүзінен жанын қинаған қауіп табы аңғарылып-ақ тұрды, алайда оны ешбір есепке қаратпайтын һәм айқас дүбірінен өзге ештеңені естіртпейтін атойлаған арын мен діттеген нәрсеге жеткізбей тынбайтын жойқын желік билеген еді. Ол Ганс пен Питті шақырып алды. Бұлардың әмияндары өте жұқа болатын, үшеуі зорға дегенде тірнектеп екі жүз доллар шығарған. Соңғы кездері жолдары болмай жүрген олардың барлық қаражаты осы екі жүз доллар ғана-тын. Әйтсе де сол ақшаны ешбір іркілместен Мэттьюсонның алты жүз долларына қарсы тікті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий