Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бэктің махаббаты көбінесе үнсіз сүю түрінде көрінеді. Торнтон өзін сипағанда немесе мұнымен сөйлескенде шаттықтан есі шыққанымен мұндай мейірім белгілеріне тіленген де емес. Скит керісінше Торнтонның қолының астына тұмсығын сұғып, өзін сипағанша танауын тіреп тұрып алса немесе қожайынға сүйкенетін әдеті бар Нигу дәу басын оның тізесіне қойса, Бэк тек алыстан жақсы көрумен қанағаттанады. Ол Торнтонды құдды зерттегендей, жүзіне тіктене қарап, оның аяғының астында сағаттап та жата алады. Ол қожайынының жүзіндегі әрбір өзгерісті, қалт еткен әрбір көңіл күйі табын жіті бақылайды. Ал кейде оның қимылын сырттау тұстан бақылап, иесінің бір бүйірінен немесе артқы жағынан қарап жатады. Адам мен иттің арасында осындай жіті жақындық орнап, мұндайда Бэктің көзқарасын бірінші болып аңдайтын Торнтон басын бұрып, оған үн-түнсіз қарап қалады. Сөйтіп бір-бірінің көздеріндегі жарқылдаған сезімді оқиды.

Бэк Торнтон өзін құтқарғаннан кейін ол едәуір көрінбей кетсе қатты алаңдайтын әдет тапқан Торнтон шатырдан шыққан сәттен бастап қайта оралғанша тобст оның ізінен қалмайтын еді. Мұнда, Сібірде Бэктің иелері бірнеше мәрте алмасқаннан кейін тұрақты қожайындар болмайды екен деп ұйғарған бұл баяғы Перро мен Франсуаның, кейінірек, шотландтықтың кетіп қалғанындай Торнтон да жоғалып кете ме деп қорқатын. Осы үрей, тіпті, түсінде де қыр соңынан қалмай, жиі оянып кететін Бэк түнгі суыққа да қарамастан баспасынан шығып шатырға барып, кіреберісте қожайынның деміне ұзақ құлақ түретін еді.

Алайда, Джон Торнтонға ғажайып сүйіспеншілігі Бэкті жұмсарта түсіп, өркениетті ықпалын тигізуге тиісті болғанымен, бойындағы Сібір оятқан жабайы бабаларына деген құштарлығы бәсеңсіген жоқ. Үй жағдайында өскен бұған иесіне адалдық қасиеті тән еді, бірақ сонымен бірге бойында тағы хайуандардың қатыгездігі мен зұлымдығы бұғып жататын. Бұл енді күн сәулетті Оңтүстіктің жылдар бойы қолға үйренген ит буындарының ұрпағы емес-ті, жоқ, бұл жабайы орманнан Джон Торнтонның алауына келген алғашқы қауымдық аң болатын. Осынау кісіге деген зор сүйіспеншілігі Бэкке одан азық ұрлауға мұрсат бермейтін, бірақ бұл оны кез келген басқа адамдардан, әрбір өзге станнан ұялмастан-ақ жымқыра салады және ол істі өзінің айуандық айлакерлігінің арқасында жымын білдірместен атқарады.

Тұмсығы мен денесінде көптеген ит азуларының ізі қалған ол кейінгі айқастарда да сол баяғы кәрлілігінен таймай, қазір бұрынғыға қарағанда тіптен әккілене түскен. Скит пен Ниг бейбітшілік сүйгіш, мейірімді иттер болатын, бұл олармен таласқан жоқ, - оның үстіне бұлар Джон Торнтонның иттері ғой. Ал егер мұнда бөтен бір ит келе қалса, ол тұқымы мен күш-қуат деңгейіне қарамастан бірден Бэктің басымдығын мойындауы тиіс, әйтпесе оған қатерлі дұшпанмен жан беріп, жан алысатын қанды шайқасқа түсуге тура келеді. Ал Бэктің аямайтыны анық. Сойыл мен ауыздың заңдылығын жақсы игеріп алған ол ешкімге ешқашан да есе жіберіп көрген емес.

Мұны Шпицтен, азуын полициялық және пошта таситын иттерден үйренген. Ол тең орта дегеннің болмайтынын білген - не сен ұтасың, не сені жеңеді, ал жауды аяу - әлсіздіктің белгісі. Жабайы жаратылыс иелері мейірім дегенді мойындамайды. Оны қорқақтық деп қабылдайды. Аяушылықтың артында ажал тұрады. Өлтір, әйтпесе өзің өлесің, же немесе сені жалмайды - тағы дәуірдің қағидасы осындай. Замана тереңінен өзіне дейін жеткен осы заңдылыққа Бэк те бағынды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий