Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы сәтте мүлде күтпеген жерден Джон Торнтон әлдебір хайуанның үніне ұқсас шыққан түсініксіз айқаймен сойыл ұстаған адамға тап берді. Хэл кескен ағаштың астында қалғандай болып мұрттай түсті. Мерседес шыңғырып жіберген. Чарльз осынау көрініске баяғы мұң ұйыған жанармен қараған. Бірақ тұрған жоқ, өйткені денесі зіл батпан болып сіресіп қалыпты.

Джон Торнтон өз-өзін зорға ұстап Бэктің үстінен төніп тұр. Бойын билеген ашу-ызадан сөйлей алар емес.

— Егер мынау итті тағы бір рет ұратын болсаң, мен сені өлтіремін! — деді ол ақыр аяғында ентігіп.

— Ит менікі, — деп қарсыласты орнынан көтеріліп, аузының қанын сүртіп тұрған Хэл. — Кәне жоғал, әйтпесе орныңда жайратамын сені. Біз Доусонға кетеміз!

Бірақ Бэк пен әлгінің арасында тұрып алған Торнтонның жоғалатын түрі мүлде байқалмады. Хэл белбеуінен өзінің ұзын аңшы пышағын жұлып алған. Мерседес біресе шыңғырып, біресе жылап, біресе күледі, қысқасы, әбден екіленіп алған. Торнтон Хэлді балтаның сабымен қолдан қағып жіберіп пышағын ұшырып түсірді. Жерден пышақты көтеруге ұмтылған Хэлдің қолына екінші мәрте соққы тиді. Одан соң Торнтон еңкейіп, пышақты өзі алды да, Бэктің жетек жібін қиып жіберді.

Хэлдің барлық жыны бу болып ұшып кетті. Оның үстіне өзінің қолына, анығында, иығына сұлай кеткен әпкесімен әуре болуға тура келген, және Бэктің енді қажеті жоқ — бәрібір өлгелі жатыр, шана тарта алмайды деп ұйғарған еді.

Арада әлденеше минут өткенде шаналар жағадан мұзға қарай түсіп келе жатты. Ұзап бара жатқан көліктің дүбірін естіген Бэк басын көтерген. Жегімнің басындағы мұның орнында Пайк орналасқан, Соллекс — ортада, ал олардың арасына Джо мен Тик жегіліпті. Бәрі де ақсап, сүріншектеп барады. Шанадағы жүктің үстіне Мерседес жайғасыпты, Хэл алдыда, жетек сырықтың түбінде бара жатыр. Арттан ілбіп Чарльз ілесіпті.

Бэк олардың соңдарынан қарай қалыпты, ал мұның жанына тізерлей отыра кеткен Торнтон өзінің қарулы қолдарымен мұның әлдебір сүйегі сынғаннан аман ба деп аялай сипалап, тексеруге кіріскен. Ол тек иттің оңбай таяқ жегенін және соншалықты азғанына көз жеткізді. Бұл кезде шаналар ширек мильдей алыстап кеткен еді. Адам мен ит мұз бетімен қыбырлап бара жатқан солар жаққа көз тіккен. Кенет бұлардың көз алдында шананың артқы жағы шұңқырға батқандай шоңқия кетті де, Хэл жармасқан сырықтың басы көкке көтерілді. Мерседестің зар қаққан үні естілген. Бұдан соң Бэк пен Торнтон Чарльздің кейін бұрылып, жағаға қарай жанталаса ұмтылғанын көрді. Бірақ сол сәтте олардың аяғы астындағы мұз аумағы түгелдей опырылды да, адамдар да, иттер де суға кетті. Әлгі орында орасан жылға пайда болған. Мұз бетіндегі жол қаусап қалды.

Джон Торнтон мен Бэк бір-бірінің көздеріне қараған.

— Әй, байғұсым-ай! — деді Джон Торнтон. Бэк оның қолынан жалап алды.

АДАМҒА ДЕГЕН МАХАББАТ

Желтоқсан айында Джон Торнтон аяғын үсітіп алғанда жолдастары оны тұраққа жақсылап жайғастырып, оңалғанша сонда қалдырды да, өздері өзеннің жоғары жағына ағаш даярлауға кеткен оны Доусон арқылы ағызды. Торнтон Бэкті құтқарып қалған кезінде аздап ақсап жүр еді де, күн жылына келе әбден айығып кетті. Ал Бэк көктемнің ұзақ күндерінде жағада жатып өзеннің ағысына самарқау қарап қойып, құстар әнін, көктем дүбірін тыңдаумен болды, сөйтіп біртіндеп күш ала бастаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий