Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мерседестің көзі сәл тайып кетсе болды, енді Чарльз бен Хэлдің өзі өзара тәжікелесе кетеді. Бұлардың әрқайсысы жұмыстың қомақты бөлігін өздері атқарып жүргеніне бек сенімді еді әрі осыны сәт сайын еске алып отырудан бір жалықпайды. Ал Мерседес болса біресе күйеуінің, біресе інісінің сөзін сөйлейді, — сөйтіп отбасының ұшы-қиырсыз дау-дамайы басталады. Мәселен, Чарльздің немесе Хэл екеуінің қайсысы отқа жағатын бұта әкелуге тиіс деген тартыс туады да, бас жоқ, аяқ жоқ, осыдан мың миль жерде жатқан барлық туған-туыс, әке-шеше, немере бауыр-қарындас, тіпті, о дүниедегі адамдар түгел ауызға ілігеді. Кейде тіпті Хэлдің нағашы ағайы жазған пьесасы отын шабу мәселесіне қалай кіріп кеткенін өздері де байқамай қалады. Артынша бұған жауап ретінде Чарльздің саяси сенімі қыстырылады. Және Чарльздің апайының ұзын тілі мен Юкондағы от жағудың қандай байланысы бар — бұл осы тақырыпқа орай үстін-үстін түсінік беретін, сөйтіп күйеуінің өзге де туыстарының жағымсыз жақтарын қопара жөнелетін жалғыз Мерседестің өзіне ғана аян жайт еді. Әйткенмен, от жағылмайды, жатар алдындағы тамақ даярланбайды, иттер аш қалады.

Мерседестің қыржиып-тыржиып, болмасқа дауыс көтеріп, долданып шыға келуі көбінде оның таза әйелдік мінезінен туындап жатады. Ол сұлу еді, нәзік еді, оған еркектер әрдайым серілерше қызмет ететін. Ал күйеуі мен інісінің оған деген қазіргі қатынасын ешбір серілік мінез деп атай алмайсың! Мерседес ылғи өзінің әйелдік дәрменсіздігіне жүгініп дағдыланған. Бұл Чарльз бен Хэлге ұнамайды. Бірақ ол өз жынысының басты артықшылығы деп санайтын ұғымының бәрін қызғыштай қорғап жанындағыларды жалықтырып біткен. Ол шаршаған еді, ол өзін сырқатпын деп сезінген еді, сондықтан да енді иттерді аяуды қойып, шанаға шоқайып отырып алатын болған. Алайда осынау "әлсіз де нәзік" жаратылыстың өзі ғана жүз жиырма фунт еді. Ал әлсіреген әрі аш иттерге бұл да әжептәуір жүк біршама салмақ болатын. Мерседес сөйтіп күні бойы — иттер қалжырап, мұрттай ұшып құлағанша шанадан түспейді. Чарьлз бен Хэл оған: иттерге сәл жеңіл болсын. сен біраз шаңғымен жүрші деп өтінеді, жалынады, бірақ оны тыңдап жатқан Мерседес жоқ, алдымен екі өрнекті сабап-сабап алып, сосын Құдайды қарғауға кіріседі. Еркектер ақыры оны шанадан түсірді, бірақ ол сол бойда-ақ бұдан былай бір адым да жаяу жүрмейтінін айтып, қыңыр балаша жорта ақсап жолға отыра кетті. Еркектер ілгері озған, ал анау орнынан табжылмайды. Үш миль өткеннен кейін олар қайта оралып, жүктің бір бөлігін түсіріп, әйелді күштеп шанаға қайта отырғызуға мәжбүр болды.

Өз бастарымен әлек болған бұл үшеуі біртіндеп иттерді ойлауды естен шығара бастаған. Хэл шынығудың қажетті нәрсе екенін білетін, бірақ ол өзінің бұл ілімін өзгелерге қолдануға бейім. Бастапқыда әпкесі мен жездесіне жасап көріп сәтсіздікке ұшырағаннан кейін онысын таяқ арқылы иттердің бойына сіңіруге күш салған. Бұлар Бес Саусаққа жеткен мезгілде иттердің азық қоры түгесілді де, әлдебір кемиек үндіс кемпір Хэлдің белдігіне ұзын аңшы пышағымен бірге сән берген кольтқа бірнеше қадақ қатқан жылқы терісін айырбастауға келісті. Осы маңайдағы бір малшының бұдан бір жыл бұрын аштан өлген атының терісі әйтеуір аз да болса ас орнына талғажау етуге жарайтын бірдеңе еді. Өзі қаңылтырдай қатып қалған. Иттер зорға дегенде бір кесегін жұтып, әлден уақытта асқазандарына бірдеменің қатты батып ауыртқанын сезіп еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий