Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мұндағы көрпелеріңнің өзі тұтас бір мейманханаға жетеді ғой! — деді Хэл мен Чарльзге жәрдемдесіп жүргендердің бірі қулана күліп. Ал сөздің шындығын айтсақ, осы көрпелердің жартысының өзі көп. Бұларды сатып жібергендерің дұрыс. Шатырды тастаңдар, ыдыстарды да біраз ықшамдап алғандарың жөн — бұларды жолда кім жуады? Құдай сақтасын, не ойлағансыңдар өзі? Немене, осында Пульман вагондарымен шайқалып жүрмекші ме едіңдер?

Осылайша тәжірибелі адамдардың нұсқауы бойынша артық заттың бәрі аяусыз лақтырылды. Мерседес, тіпті, өзінің жол қапшығындағы нәрсенің бәрін жерге төгіп, әжеттік заттардың бір бөлігін тастай бастағанда жылап жіберді. Сосын көзінен жасы тоқтаусыз төгілген ол әрбір тасталған зат үшін жеке-жеке және еңіреген. Екі қолымен тізесін қапсыра құшақтай отырып, өстіп біраз жылап алған соң, ақыр аяғында кейбір заттарды өзі аяусыз лақтыруға кіріскен. Бұдан кейін өз қабындағы заттарды шашып бітірген соң серіктерінің мүліктеріне жаудай тиген-ді.

Осындай әрекеттен соң шаналарда жүктің жартысы ғана қалған еді, бірақ әлі де өздеріне жетерлік дүние баршылық-ты. Кешкісін Чарльз бен Хэл ит сатып алуға барды да, олардың алтауын әкелді — бәрі де жергілікті емес, сырттан жеткізілген екен. Енді он төрт ит жегілді — алтауы Перроның алғашқы жегімінен қалған, одан соң рекордтық сапар алдында сатып алынған Тик пен Купа және алтауы жаңадан қосылғандар. Алайда осы сырттан жаңа қосылғандар бұрын үйретілді деген аты болмаса, көбі тәжірибесіз, күш жағынан әлжуаздау көрінді. Бұлардың арасында тықыр терілі үш пойнтер мен бір ньюфаундленд бар-тын, ал екі ит тұқымы белгісіз дүрегейлер еді. Расында, жаңадан алынғандардың мүлде ысылмағандығы байқалды. Бэк те, басқа иттер де оларды жақтыра қойған жоқ. Бэк оларға тыйым салынатын нәрселерді бірден көрсеткен, бірақ атқарылуға тиісті істі үйрете алмай-ақ қор болды. Оларға жүк тартатын иттердің жұмысы ұнағанды жоқ-ты. Пойнтерлеер мен ньюфаундлендтер ұнжырғалары түсіп, жабайы Сібірдің жағдайы мен өздеріне деген дөрекі қылықтардан мұқалып-ақ қалған екен. Ал бұрынғы екі аула иті тіптен жатып алып сүйек кеміруден өзгені білмейтін тірі өлік секілді.

Міне, осындай жаңадан қосылғандар ештеңеге жарамаса, ал екі жарым мың миль жерді демалмай өткен ескі жегім әбден қалжыраса — не жақсылық күтуге болады! Алайда көңілдері тоқ Хэл мен Чарльз өз-өздеріне сенімді еді. Енді қалайша, істерінің бәрі ойдағыдай — жегімдегі он төрт ит ойыншық па! Бұлар жұрттың Доусон асуы арқылы аттанғанын, одан көп өтпей қайта оралғанын көрген және сол жолаушылардың бірде-бірінде мұншама ит болып па еді!

Ал Арктикадағы жиһанкездердің бір шанаға он төрт ит жекпеуінің қисынды себебі де жоқ емес-ті: мұншама иттің азығын бір шанаға сыйғызу мүмкін емес қой. Бірақ Хэл мен Чарльз мұны білмейтін. Олар бәрін қағаз бетіне қарындашпен есептеді: бәленше ит, иттің түгенше азығы, жолдасы осынша күн, — барлығы... Қарындаш қағаз бетінде ойқастап жүр, ал күйеуінің иығының тұсынан қарап тұрған Мерседес шікірейе бас изеді — бәрі де қарапайым әрі түсінікті нәрселер.

Келесі күні таң аяғында Бэк Скагуэя көшесімен ұзын-сонар ит тобын бастап бара жатты. Өзі де, өзге иттер де ешбір серек қимыл таныта қоймады. Олар жолға шаршап, зорға шыққан еді. Бэк Тұзды Су мен Доусонның арасындағы жолды төрт мәрте өтіп үлгерген, енді әбден қалжырап, сіңірі шыққан өзін осынша ауыр сапарға тағы салуы оны қатты ызаландырған. Бұл бұған да, басқа иттерге де ұнамады. Жаңа иттерде зәре жоқ, ал ескі, кәнігілері мына қожайындарға мүлде сенбеген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий