Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бэк осы екі еркек пен бір әйелге мүлде үміт артуға болмайтынын іштей әлдебір түйсік арқылы жақсы түсінді. Қолдарынан түк келмейтін белардың күндер өте келе ештеңе үйрене алмайтыны айқындалып-ақ қалған. Бәрін қалай болса солай істейді, тәртіп пен ережені сақтамайды. Кештің жарымы о ғып, бұ ғып шатыр тігуге, жарты таң жолға жиналуға кетеді, ал шананы ешбір ойсыз, қолапайсыз тиейтіндері сонша, күні бойы тоқтап, жүкті қайта-қайта туырлауға тура келеді. Қайсыбір күндері он миль де жүріп үлгермейді, кейде тіпті орнынан да жылжи алмай қалатын кездері болады. Әдетте Солтүстіктегі жолаушылар: иттерге қанша азық қорын алу керек, бір күнде орташа қанша жол жүру қажет деген сияқты нәрселердің бәрін есептеп алушы еді, ал бұларда бұның бірі де ескерілмеген-ді.

Әуел бастан-ақ Хэл мен Чарльзге жолда иттерге азықтың жетпейтіні белгілі болған. Бірақ өздері бұған қарамастан оларды шамадан тыс артық тамақтандырып, қысылшаң күндерді қолдан апатты жақындата түскендерін білген жоқ. Жол жүріп үйренген басқалар сияқты ашқұрсақтық пен азға қанағаттанып дағдыланбаған жана иттер сұмдық қомағай еді. Ал жергілікті иттердің сылбыр қозғалуын әдеттегі қорек мөлшерінің аздығынан деп ойлаған Хэл оларға азықты екі есе көбейтті. Оның үстіне Мерседес те көздеріне жас үйіріліп, даусы дірілдей түсіп, иттерге тамақты көбірек беруді өтінеді одан. Ал Хэл көнбеген кезде иттерді оңашада қаптан ұрлаған балықпен өзі жарылқап тастайды. Бірақ Бэк пен оның жолдастары тамақтан бұрын демалысқа зәру еді. Және оларды өздері сүйреп келе жатқан жүктің ауырлығы да қатты діңкелеткен.

Бұл да аз екен, артынша бұған аштық келіп қосылды. Күндердің бір күні Хэл жолдың ширегіне жетпей ит азығының тең жартысы желініп қойғанын, ал бұл жақта оны алтынға да сатып ала алмайтындарын жайып салды. Сөйтті де иттерге күндіз беретін тамақ мөлшерін бірден азайтып, есесіне жылдамырақ жүруді ұйғарды. Әпкесі мен жездесі оған келісті. Бірақ бұдан ештеңе шықпаған: өйткені жүк шамадан тыс көп, ал адамдар тәжірибесіз. Иттерге тамақты аз беру тым оңай болғанмен оларды тез жүргізу бәрібір қолдарынан келмеді, себебі қожайындардың салбөк-селігінен таңертең жолға кеш шығады, сөйтіп көп уақыт босқа кетеді. Яки бұл адамдар иттерді ширата алмады, ал өздері жинақталуды білмейді.

Алғашқы болып Даб құлаған. Ұрлығы үшін ылғи қолға түсіп таяқ жейтін бейбақ бір жағынан өте еңбекқор да еді. Шығып кеткен жауырыны орнына салынбай, жағдайы бірте-бірте мүшкілдей берді де, ақыры оны Хэл үлкен кольтімен атып тастады. Солтүстікке басқа жақтан әкелінген иттерді жергілікті төбеттермен бірдей қарап тамақтан көбірек қағып жіберсе, аштан өлетінін мұндағылардың бәрі біледі. Ал Хэл сол мардымсыз тамақтың өзін жартылай қысқартып тастағаннан кейін Бэкпен бірге жегілген алты иттің бәрі бірдей ажал құшатыны анық еді. Алдымен ньюфаундленд, оның соңын ала пойнтердің үшеуі де өліп тынды.

Бұл уақыт аралығында әлгі үш жолаушы оңтүстіктерге тән баяғы жұмсақтық пен сыпайылықтан мүлде айырылған. Арктикадағы саяхаттың енді көңіл шалқытар өсері жоқ. Шындық өте қатал болып шықты. Мерседес иттерді аяп жылауды қойды — бұдан былай ол тек өзін ғана мүсіркеп егілетін болған және барлық уақыты күйеуімен, інісімен ұрысуға кететін. Шындығында, бұлар бір-бірімен салғыласудан ешқашан жалыққан да емес: қайсысының болмасын сіркесі су көтермей тұрады. Ерік-жігер, ақыл, қайрат дегеннің бәрінен бұлар айырылған ба дейсін. Осы екі еркек пен жалғыз әйел Ұлы Солтүстік Соқпағының жұртты қатал жағдайларда мейірімділікке баулып, еңбекте шындай түсетін ғажайып қасиетін бойларына мүлде сіңіре алмады. Бэктің жаңа қожайындарына титтей де төзімділік бұйырмаған еді. Суықтан сүмірейген олардың ауырмайтын жері де жоқ: бұлшық еттері де, сүйектері де, тіпті, жүректері де сыздайды. Есесіне таңертеңнен кешке дейін бір-біріне тілдерін безеп, ұрсысады да жатады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий