Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мэттьюсонның он иті ағытылды да, шаналарға өз әбзелімен Бэк әкеліп жегілді. Төңіректе салтанат құрған құмарлық оған да көшкен, ол іштей Джон Торнтон үшін әлдебір өте маңызды әрекет атқару керектігін түйсінді. Жұрт осынау ғаламат хайуанатты көргенде шаршы топтың арасынан қайран қалушылардың күбірі естілген. Бэк тамаша қалыпта болатын - бір мысқал артық май жоқ, ал өзінің жүз елу қадақ салмағы жүзу елу фунт ерлік қуатына пара-пар еді. Қалың түгі болса жібектей құлпырады. Жалға ұқсайтын мойны мен иығындағы түк тыныш жүрген кезінде де сәл қимылдан-ақ асып-тасыған күш-қайратын айғақтап тікірейіп шыға келеді. Алпамсадай кеудесі мен тегеуірінді алдыңғы аяқтары бүкіл дене бітіміне сайма-сай, ал тығыз бұлшық еті тері астынан бұлт-бұлт ойнайды. Тақалып келіп сол бұлшық еттерді сипап көрген жұрт темірдей екен дескен. Бэкке қарсы тігілген бәс бірге қарсы екіге дейін төмендеді.

─ Мынауыңыз керемет, сэр! Нағыз құт иесі! - деп самбырлады Скукум - Бенча корольдері әулетінің арасынан біреу. – Сізгс бұл үшін сегіз жүз берейін - сынақ басталғанша, сэр, ескеріңіз! Қолыңызға сегіз жүзді ұстатамын да - мұны осы тұрған қалпында ала саламын.

Торнтон бас шайқады да, Бэкке тақалды.

─ Жоқ, былай тұрыңыз! - деп қарсылық білдірді Мэттьюсон. - Бұған еркіндік беріңіз, сонда ойын адал болады.

Тобыр тынши қалды, бәсті біреуге қарсы екеу тігуді ұсынып әлектенген жекелеген дауыстар ғана естіледі. Бәрі де Бэктің керемет ит екенін мойындайды, бірақ әрқайсысы елу қадақ тартатын жиырма қап ұн өте ауыр болып көрінгендіктен, көрермендер әмияндарын ашуға жүрексінеді.

Торнтон Бэктің жанына тізерлей отыра қалып, оны басынан қос қолдап құшақтап, бетіне төседі. Бүгін әдеттегідей ойнап, жұлқылап-сілкілемеді, жақын тартып боқтанған атауларды да қайталамады. Тек құлағына әлдене деп сыбырлаған.

─ Егер де мені жақсы көрсең, Бэк... Егер жақсы көрсең... - Міне, сыбырлаған сөзі осы еді. Сол кезде Бэк тағатсыздана қыңсылап жіберді.

Айналадағылар көріністі қызыға тамашалап тұр. Осынау тосын да, тылсым көрініс әлдебір рух шақыруға ұқсап кеткен. Торнтон орнынан көтерілген кезде Бэк оның қолын тістей алды да, иесінің жұдырығын аранына салып бірталай ұстап тұрып әрең дегенде ақырындап босатты. Бұл оның тілсіз жауабы болатын, ол қожайынына деген сүйіспеншілігін осылайша білдірді.

Торнтон анадай жерге шегініп барып тұрды.

─ Кәне, Бэк! - деп бұйырды ол.

Бэк жетек қайыстарын кере тартты, одан оны бірнеше дюймге қайта босатты. Бұл оның әдеттегі әдісі болатын.

─ Тарт! - Торнтонның даусы ширыққан үнсіздік арасынан саңқ етіп айрықша естілген.

Бэк оңға қарай ырғалды, одан, бейне, сүңгитіндей бүгілді, сырма жіптерін керді, кенет жұлқынып қалды да, өзінің жүз елу фунттық денесінің салмағын кілт тоқтата қойды. Шанадағы жүк дір ете түсіп, көлік табаны астынан әлдене қатты күтір етті.

─ Кәне! - деп тағы да айқай салды Торнтон.

Бэк бұл жолы солға жұлқынып, әлгі тәсілін және қайталады. Күтірлеген дыбыс сатыр-сұтырға ұласты да, шана ырғалып, сықырлаған табан бір бүйірге қарай бірнеше дюйм сырғанап кетті. Шана тұрған орнында қатырып тастаған мұздан босады.

Жұрт амалсыздан демдерін ішке тартқан.

─ Енді жөнел!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий