Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әйткенмен, бұлар ежелгі көшпелі елдермен араласып, біртіндеп отырықшы жұртқа айнала бастаған. Сөйтіп Сібір жері ерте кезден-ақ ұлы Россияның бір бөлегіне айналды. Бертін келе орыс патшасы бұдан түсер пайданы бірден ұқты. Ұшы-қиыры жоқ Сібір жерін тек әскери күшпен билеудің қиындығын түсінген ақ патша, енді осынау бас кесер өжет қазақ жасақтарын өз саясатына жұмсауды ойлады. Осылар арқылы бүкіл Сібірді өз қолына алмақ болды. Енді оларды шекара күзету ісіне де пайдалануға кірісті.

Осы кезде, бүкіл Сібір жерінде Строган деген кісінің аты жер жарды. Бұл Сібір жерін ақ патша қанауға берген Строганов саудагердің есімі еді. Ол бүкіл Сібірдің шетіне сауда қалаларын, қоймаларын сала бастады. Сол қоймаларды және жан-жаққа жүргізе бастаған сауда керуендерін қорғауға Строганов тек казак-орыс жасақтарын пайдаланып қойған жоқ, көршілес қазақ ауылдарының көп жігіттерін де жалдады. Бұл қазақ жігіттері Сібір саудагерлеріне қазақ елінің жылқысын, қойын, жүн-терісін бірінші сатушылары болды. Әрине, орыс шекарасындағы саудагерлер қазақ елінің өлі затын тым арзан бағамен алды, бірақ бұл сауда-саттық дала жұртына тек Бұхар, Хиуа, Үргеніштерге ғана емес, өзімен шекаралас орыс еліне де өзінің артық малын, шикізатын сатуға мүмкіндік берді. Осындай сауда жолы арқылы, қазақ халқының орыс елімен алғашқы қарым-қатынас әрекеттері басталған.

Ал Жоңғар әскерінің қазақ жеріне енуі тек қазақ халқына ғана емес, онымен көршілес елдерге де қиын тиді. Сібір қалаларында суық желдің лебі сезілді. Қырғыздар тау арасына қашуға мәжбүр болды. Қарақалпақтар ығысып, қазақтың босқын ауылдарына қоныс берді. Жоңғарларды енді Ташкенттен бері қарай аттанар деп қауіптенген өзбектердің де берекесі күні бұрын кетті...

Әсіресе бұл жағдай Еділ бойындағы қалмақтарға қиын тиді. Еділ мен Жайық бойындағы қазақтардың жайылымын басып қалуды арман еткен қалмақтар, Жоңғар шабуылының алғашқы кезінде қазақтардың ойраттардан жеңілуін тілеген-ақ еді. Бірақ бұл үміттері ақталмады. Жоңғардан шегінген қазақтар малына жайылым іздеп, енді Еділ мен Жайық өзенінің бойына қарай беттеуге шықты. Ал Россия саясатшылары күншығыс-оңтүстік жағындағы қазақтың ұлы даласында болып жатқан уақиғаларды сырттай бақылаумен болды. Россияның бұл кездегі әрекеттері өзге кездегісінен тіпті басқаша келді. Оның әр қимылында енді сабырлылық, алыстың артын бағушылық байқалды.

Әрине, қазақ елінің басына қара түнек туған қилы кезеңде, күншығысынан Жоңғар әскері, күнбатысынан — Еділ бойындағы қалмақ нояндары, солтүстігінен башқұрт бекзадалары, оңтүстігінен Орта Азия хандары қазақ даласын борша-борша етіп бөліп алса — Россия секілді ұлы мемлекет өзінің қомақты үлесін, арыстан үлесін, өзгелерден әлдеқашан тартып әкеткен болар еді. Сөйтудің қазір де кезі келіп тұр. Сөз жоқ, Бірінші Петрден бұрынғы Россия патшаларының қайсысы болса да дәл осылай істер де еді. Ал, Бірінші Петр патшадан бастап Шығыс істеріндегі Россия саясаты басқаша құрыла бастаған. Бұл терең де және алысқа қол сермеген саясат еді. Оның көп шешімдері сонау төрт мұхиттың жағаларына бірдей қанат жайған өзге ұлы мемлекеттердің саясаттарымен қат-қабат келіп түйісіп жатқан. Сол себептен Россия, Азияның жүрегі — Орта Азиядағы әрекеттерін әзірге достық қарым-қатынас пен сауда-саттықты жөндеуге жұмсап, алдағы болашақ уақиғалардың табиғи шешімдерін күтуде еді.

Бірақ бұл саясат қазақ елін басып алуға шыққан жоңғар шабуылын тоқтатқан жоқ. Қазақ елі батысынан да, шығысынан да тікелей жәрдем ала алмады. Тек өз күшіне сенуге тура келді.

Бөгенбай батыр қатты толқу үстінде еді. Ол ауыл сыртына шығып, көп жүрді. Қазір, міне, төбе басында отыр. Ой-қиялы сан саққа жүгіріп, көз алдынан Жоңғар шабуылы басталғаннан бергі талай шайқастар елестеп өтті, әсіресе Шұно-Дабо ноянмен екеуінің арасындағы айқас есінен кетпеді.

... Құз басына біткен шынардай, мызғымас берік Бөгенбай атының басын кейін бұрып алды. Астындағы омырауы есіктей биік күрең айғыр, орағыта бұрылды да, тұяғының астындағы құмды ошақтай ойып, қайтадан шапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий