Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ер азбай, ел азса — айдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азса — зор бәйтеректің құлағаны, — деп бастады Бұқар жырау қазақ елінің ұлы шежіресінің бір тармағын. — Бәйтерегің құласа — ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса немен толар есесі? Ер бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді.

— Тәуекел сұлтан Абдолла ханнан қашқан бетімен, — деді ол сөзін жалғап, — Талас өзенінің бойындағы Дулат еліне келген. Мұнда Есім сұлтанның шешесі, Шағайдың өзіне ермей қалған бәйбішесі Балғайым Бикенің аулы бар еді. Содан кейін Тәуекел қайын жұрты Қараспандағы Қыпшаққа барды. Одан Сарайшыққа сапар шекті. Мұнда әмеңгерлік дәстүрімен, Хақназардан айрылса да, әлі де болса толықсып отырған Ақторғынды тоқалдыққа алды. Ақыры, адуынды Балғайым Бикенің ықпалы жүретін Жетісудың теріскей өңіріндегі Ұлы жүздің рулары мен Ноғайлы, Қыпшақ, Қоңырат билерінің қолдауы арқылы арада үш жыл өткенде Үлкен Орда тағына хан боп көтерілді.

— Қазақ елі Тәуекелдің өткен күнәсін кешіріп, Үлкен Орда төңірегіне шоғырлана бастады, — деді Бұқар жырау. — Өйткені оған басын қосар ер керек еді. Ойпатты тасқын басқанда, не орманды өрт алғанда қасқыр мен қоян, бұғы мен жолбарыс апаттан құтылмақ боп бірге қашады. Қазақ елі ол кезде осындай жағдайда еді. Жан-жағынан қаптаған жаудан құтылудың жолы — тағы да тек бас бірлігі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір ердің соңынан еру қажет болатын. Ондай адам Абдолла жағындағы әкесі Шағайдан бөлінген бақ-дәулетке қарамаған ер азамат Тәуекел. Осылай деп бекзадалар халықты ұғындырған. Осылай деп бүкіл туған-туысы, аға-інілері де дәріптейді. Жалғыз қауіп Шағай болса, о да жақында дүние салған.

Бұл кезде, әрине, Бұхар ханы Абдолла да текке қарап жатпады.

Бұхарға қарсы көтерілген еңбекші жұртты қанға бояп, басты. Хандығының оңтүстігіндегі Бадахшанды, батысындағы Қорасан, Гилян, Хорезмді өзіне біржолата бағындырып алды. Шығыс Түркістанға аттанып, Қашқар мен Жаркентті аямай шауып, көп мал-мүліктерін олжаланды. Енді алдында Сырдың орта және аяқ шеніндегі қалаларды бағындыру ғана қалды.

Осы екі арада Абдолла хан мен оның баласы Әбді-Мумин арасында бір хандықты екіге бөлген араздық қаулап кетті. Абдолла хан болған күннен бастап, Әбді-Мумин бүкіл Балхыны меңгеріп келген. Оған енді бұл билік аз көрінді, бүкіл хандықты билегісі келді.

Сөйтіп Бұхара хандығының күші екіге бөлінді.

Осы жағдай енді қазақ хандығының күшеюіне, Түркістан саясатына тікелей қатынасуына көп көмек берді.

Сөйткенмен де қазақ даласының халі қиындай бастады. Қытай боғдыханы айдап салған Жоңғар әскері қазақ ауылдарын шабуды үдетті. Сан түрлі жауыздық әдіс қолданып, қытай саясаткерлері көшпелі халықтардың арасына от жағып, біріне-бірін айдап салып, олардың шұрайлы жерлерін өзіне ала берді. Өзара айқаспен қалжырауға айналған бұл халықтар қытайдың тәртіпке қойылған әскерлеріне ұзақ қарсылық білдіре алмады. Қытай айдаһары созыла жылжып, қазақ жеріне түсті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий