Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бізге бөтен елдің жері керек емес деп жатыр жұртың. Бұхар, Самарқантты аламыз деп — халықтың қанын төгу қиянат, хан мен сұлтандардың бұл әділетсіз жорығын қостамауымыз керек. Алда-жалда Ташкент, Самарқанттағы хан сарайлары керек болса, сұлтандардың өзі барып соғыссын дейді халқың. Расында да, Тәуекел хан, сен жақсылыққа бастап отырған жоқсың. Соңыңнан жұрт ерсе, өз елін, өз жерін қорғаймын деп ерді. Ал сен... Бұл бүліншіліктің аяғы неге барып соғатынын білесің бе? Енді өзбек қалалары ғана өртеніп қоймайды, қазақ даласын да өрт алады!

Хан сұп-сұр боп кетті, бірақ сыр берген жоқ.

— Айтарың болса тағы айт!

— Қыс ұзаққа созылса мал қырылады, хан ием. Далада иін-тірескен шөпті шабудың орнына, ер азаматтарың соғысқа аттанғалы жатыр. Бұдан жұртыңа қандай пайда бар?

— Айт, айта түс, жырау!

Жиембет кілт тоқтады.

— Жоқ, мен болдым, — деді. — Сен бұйырсаң да хан ием, бұл сөзді айтып жүрген адамдардың атын мен саған естіртпеймін.

— Естіртіп қажеті жоқ, — деді Тәуекел езу тартып, қазір оларды өз көзіңмен көресің... Сөздерін өз құлағыңмен естисің...

— Сосын!?

— Олардың күмәндануы дұрыс па, төрелігін өзің айтасың...

Тәуекел есік алдындағы күзетшілерге ишарат етті. Сол сәтте есіктің ар жағынан шынжырдың шылдырлаған үні естілді.

Аздан кейін он шақты күзетші қоршаған екі батыр үйге кірді. Аяқ, қолдары кісендеулі. Жиембет жыраудың жүрегі ойнай жөнелді. Бұл атақты егіз жігіт Қияқ пен Тұяқ еді. Жақында ғана хан екеуін мың басы еткен. Тәуекел Ақ Орданың қалдығын жинап, қазақ хандығын қайта құрғанға дейін, екеуі де оған аянбай қызмет етіп келген. Тәуекел Қияқ батырға өмір бойы борышты да еді. Сөйткен қос батыр, міне, енді хан алдында айыпты боп, кісендеулі тұр.

Жорық алдында халық арасында сенімсіздік туғызып, әлгі сөзді айтып жүрген ерлерің, міне, мыналар, — деді Тәуекел, — «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген де, міне осы! Қан майданда қан төгілсе тек құлдардың ғана қаны төгіле ме? Айқаста ажал қарасың ба, төресің бе, таңдап жатпайды. Қан төгілмей хандық құруға болады дегенді кім айтқан?!

Жиембет бар сырды бірден ұқты. Еңгезердей күзетшілердің ортасында шоқтығы анағұрлым биік қос батыр тапжылмай тұр. Қол-аяқтары кісендеулі. Сонда да тәкаппар бастарын төмен иер емес. Осындай ұлы жорықтың алдында Қияқ пен Тұяқ секілді халықтың сүйікті батырларын біржолата құртып жіберуге Тәуекелдің де көңілі дауаламаған.

Хан ишарат етті. Күзетшілер үйден шығып кетті. Сонда ғана Тәуекел:

— Егер сендерді бұрыннан білмесем, сөздеріңнен Абдолланың алтын ақшасының сылдыры естіледі дер едім... — деді қос батырға ренжи қарап.

— Біздің мына ақылсыз бастарымызды бірден алдырып тастамағаныңызға рақмет, тақсыр хан, — деді Қияқ батыр. Оның даусынан мысқыл білінді.

— Басымыз алынбай қалады деп қорықпаңдар! — деді Тәуекел кекесін сөзге кекесін жауап қайтарып. — Әйтсе де, Абдоллаға неге сонша жандарың аши қалды. Қияқ? Соны айтшы?

— Біз қазақпыз, хан нем.

— Иә?

— Қазақ болғанда жай қазақпыз. Бізге басқаның жерінің мүлде керегі жоқ.

— Ал Абдоллаға ше?

— Келіп көрсін. Біздің шаһарларымызды аламын деп екі рет келді емес пе, одан не шықты? Оны өзің де білесің. Ал бізге басқа елдің қаласының керегі жоқ. Мұны жалғыз біз емес, қарамағыңдағы барлық жұрт айтады.

— Дәшті Қыпшақ елінің жорықтарын ұмыттың ба, Қияқ батыр? Еліміздің ерлігі көне жырлардың берінде де айтылған. Ата-бабамыздың атын естігенде, сонау Стамбул, Рум дірілдеген!

— Ол хандардың жыры, хан ием.

— Ал атағы ше?

— Ол хандардың атағы, хан нем!

— Бәрін бізге бергенде, өзіңе не қалды?

— Ата мекен жерім қалады! Оған қоса сонау менің қараша үйімнің жанында жайылып жүрген елу қой, төрт түйе, жауға шабар бір жүйрігім қалады! Со да жетеді маған. Ал егер жұт келіп, сол күн көрісімнен айрылсам, менің үй ішімді еш ханның атағы аштықтан алып қала алмайды. Тіпті қос мүйізді Ескендір Зұлхарнайынның атағы да!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий