Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жеңіс өз жағында болатынына көзі жеткен Тәуекел ғибадат бөлмесіне кіріп, Ақторғынның төсегінде ұйқысы қанып шыққан.

Бірақ таңертеңгі асқа отырар алдында оған тағы бір жаман хабар жетті. Ол өзіне серік адамдардың бірде-бірін шақыртпай, хан сарайына Жиембет жырауды алғызды.

Таңертеңгі намазын оқып, шайын ішіп хан сарайына келсе, Жиембет жырау есік алдындағы бауда күтіп отыр екен.

Тәуекел уәзіріне:

— Жырау кірсін, — деді.

Бұл баяғы ұстай қалсаң шоқтай күйіп тұрған Жиембет емес. Түрі солғын, отыздан жаңа асып бара жатса да қою қара сақалына ақ түсе бастаған. Басындағы бөркі де жас кезіндегідей қып-қызыл қыр түлкісінің терісінен көмкерілмеген, сұрғылт жүнді Қаратау қарсағының пұшпағынан жасалғам. Үстіндегі шекпенінің де жағасы мен жеңдері қырқылған. Тек үкілі домбырасы ғана жап-жаңа. Сірә, хан ордасына Қазықұрттан жол шегерінде домбырасын әдейі жаңартқандай...

Жиембет сарай жырауы болғысы келмеген. Ол Індір маңынан Қаратау тұсына көшіп келгенмен, хан ордасына анда-санда ғана қатынап тұратын. Келген сайын Тәуекел оған ат мінгізіп, шапан жаптыратын. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Тәуекелдің өзі қашқын болып жүрген кезінде жас Жиембет оның соңына ерді. Ноғайлы жерінде Тәуекелді алғашқы мадақтаған да осы Жиембет. Жыраудың одан басқа да Тәуекелге керек жері бар.

Жиембет жырау қызық адам. Ол Тәуекел хан болған күннің ертеңіне жоқ болып кетті. Соңынан хан жіберген қуғыншылар, жырауды әрі-бері іздеп таба алмай қайтқан. Сол Жиембетті екі жыл өткеннен кейін әлдекімдер қол-аяғын қыл шылбырмен матап, Тәуекелдің алдына алып келді. Тексерген уақытта оқиға былай болып шықты. Еліне қайтқан Жиембет Байұлы руының атақты бір шонжарының он жеті жасар Есенбике атты қызымен көңіл қосады. Астындағы жалғыз аты, қолындағы екі шекті домбырасынан бөтен қалың мал төлер қайраты жоқ Жиембет Індір тауына қызды алып қашады.

Қанша от ауызды, орақ тісті болғанменен, жырауды өзіне тең көрмей бай жігіттерін жіберіп, қызы мен Жиембетті ұстап әкелдіреді. Бірақ жыраудың Тәуекел ханға жақындығы барын естіген қыз әкесі ата ғұрпын бұзған ақынын өзі жазаласын деп, қол-аяғын байлап хан алдына алып келген.

— Иә, сөйле жырау! — деген, Тәуекел күрсініп Жиембетті көрісімен.

— Қол-аяғы байлаулы жырау қалай сөйлейді? — деді Жиембет ханға тесіле қарап.

Тәуекел жігіттеріне «босат» деген ишарат білдірді.

Босанған Жиембет керегеге сүйеулі тұрған хан домбырасын алып, шырқай жөнелген:

«Үш ай тоқсан кезінде

Қақ көктемнің кезінде

Қошқар менен бура мас,

Айғыр менен бұқа мас.

Жас болжамы жеткенде

Қыздар менен жігіт мас —

Сол мастықтың жөнімен

Алдыңа келген мен бір жас, —

Кессеңіз, ханым, міне бас!»

Сонда Тәуекел езу тартып:

— Қыз бен жігіт екеуі де айыпты екен, екеуі де жастыққа мас болған екен, деген қыз әкесіне қарап, — екі балаңды бірдей дүрелеп, байеке, елге жақсы ат ала алмассыз, болған іс болып қалған екен, бұларды айырғанмен, сынған тобатай қайта бүтінделмес. Бір жолға күнәсін кешіріңіз.

Жазадан құтылғанмен байдың ашуынан сескенген Жиембет сүйген жары Есенбикемен Індір жағына бармай, Қазықұрт маңындағы ел арасында қалып қойған. Ол той-думанда тек жарлының жоғын жоқтап, халықтың сүйікті жырауына айналған. Кеше хан кеңесі кезінде Үстірт жағынан Тәуекелге көмекке келген Кіші жүздің шағын қолының ішінде Жиембет жырау да бар дегенді Тәуекел естіп қалған. Ел аралаған ақын, жыраудан қарамағындағы жұрттың өзіне деген ойын, алғысын, қарғысын біліп тұру хандардың қашаннан бергі әдеті. Осы дәстүр бойынша «халық құлағы, көзі» деп саналатын жырауды өзіне шақырып, жорық алдында жұрт аңысын білгісі келді.

Амандасып болғаннан кейін Тәуекел:

— Сөйле, жырау! Біздің жорығымыз жайында ел-жұртың не деп жатыр? — деді.

— Қуанышты ел-жұртты көрмедім...

— Айта бер, жырау.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий