Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал Тұяқ батыр, сен не дейсің?

— Біздің бәріміздің тілегіміз бір. Өзбектің де, қазақтың да, қырғыздың да. Ташкентте жақыны жоқ Түркістан тұрғындарын кездестіре алмайсың. Өз күнін өзі әзер көріп жүрген Бұхар ұстасын жалғыз атты Тұяқ барып шапқанда не табады?

— Тек Бұхар ұстасын ғана шабамысың? Қолыңды қышытып жүрген хан сарайын да тонайсың ғой.

— Одан маған не тиеді? Хан сарайының мүлкі — хандардың үлесі...

Ханның жарылып кете жаздап ашуланғанын Жиембет жырау көріп тұр.

Тәуекелдің бетінен қаны қашып, отты көзі ұшқын атады.

— Соғыс бола ма, болмай ма, оны сендер емес, хан шешеді, — деді. — Тек мынаған ғана жауап беріңдерші. Ташкентте де туысымыз бар дедіңдер ғой жаңа. Ал сол Ташкенттен қазақ жеріне жүздеген адам неге қашады?

— Ол жақта бір кедейдің терісін екі рет сыпырады, ал мұнда...

— Тоқтама, аяғына дейін айт!

— Ал мұнда бір жарым рет қана! — деді Қияқ батыр, ханның бетіне тіке қарап.

— Ұмытпаспын бұл сөзіңді, батыр, — деді Тәуекел ызадан тұншыға, — жарайды, бұл жайында тағы да сөйлесерміз. Тек сендер маған мынаны айтыңдаршы... Ташкент жорығына бармай-ақ қойындар. Сонда Бұхар әміршісінің құлдығынан құтыламыз деп бізді күтіп отырған ағайын-туыстарыңның үмітін сатқандарың ба, қалай болғаны?..

Мұндай сұрақты күтпеген қос батыр бірден жауап таба алмай қысылып қалды.

— Әрине, біз оларға жәрдем беруге тиістіміз... — деді Қияқ күмілжи.

— Бәсе, солай шығар! Ташкентті алсақ, Абдолла ханның шаһарларымызға шабуыл салатын қаласы қалмайды. Көрдіңдер ме, бұл жорықтың не үшін керек екенін? Жә, болды енді, батырлар... Барыңдар... Тезірек Ташкент жорығына дайындалыңдар.

Тәуекел күзетшілерді шақырып алып, екі батырдың аяқ-қолдарындағы кісендерді алуды бұйырды. Қияқ пен Тұяқ ханға ләм-мим деп тіл қатпай, құр бастарып иіп тәжім етті де, үйден шығып кетті.

— «Қилы-қилы заман болар» деген міне, осы — деді Тәуекел Жиембет жырауға бұрылып. — Бұрынғыдай емес, хан қарамағындағы адамдарына: «Жорыққа бірге жүріңдер» деп өтінетін күйге жетті...

— Әйтсе де, әлгі екеуін дұрыс босаттың, хан ием.

— Ташкент жорығына олар аттанады, — кенет, оның жүзі тағы сұрланып кетті, — содан кейін жолыма бөгет болып көрсін! Абдолланың маған ойлаған қастығын өмір-бақи ұмытпаспын. Самарқантын да, Бұхарын да аламын! Балқы мен Хиуаға да барамын! Абдолланы үрім-бұтағымен бірге, табанымның астына саламын. Мойнына арқан байлап Бұхардың о шеті мен бұ шетіне сүйретіп өтем. Ақсақ Темірдің туы желбіреген Самарқант пен Бұхарда Ақ Орданың ақ туын желбіретем! Бар әлемге атағымды шығарам!

Екі иығын кере, орнынан қалай тұрып кеткенін Тәуекел өзі де сезбей қалды. Көзі сәл жұмылып кеткен. Не айтып, не қойғанын білер емес. Аузы ақ көбіктеніп, бір қолын жоғары көтеріп, тұншыға сөйлеп тұр! Әлден уақытта өзіне тіксіне қараған жыраудың көзіне көзі түсіп кетіп кілт тоқтады.

Ақ Орда ханы созыла барып орнына отырды.

— Көкейкесті армандарымның аузымнан шыққаны шошытқан жоқ па сені, жырау?

Жиембет басын шайқады.

— Жоқ. Тек бұл кеселді саған дәл осылай тым ерте келеді деп ойлаған жоқ едім.

— Қандай кесел?

— Хан кеселі... Тым ерте келді. Соңыра-ақ келсе төгілетін қан да аз болар еді, хан ием...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий