Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Пәуескеге жегілген сегіз қара ат Абдолланың пырағын Бұхарға алып келді. Қасиетті діни Бұхардың мыңдаған мешітінің қасындағы минареттерден мыңдаған ишан, молдалар алла тағаладан Абдолланың күнәларын кешіруін сұрап, шаһарды азан-қазан етіп басына көтеріп азан шақырды. Екі күннен кейін Абдолланың табыты Қожа Нахшбандидың атақты мазарының тас еденіне қойылды. Бұл христиан есебі бойынша 1598 жылы, ал хаджири есебі бойынша 1006 жылы болды. Ертеңіне Бұхар тағына Мұхаммед дінінің жаңа қорғаншысы, мәртебелі Әбді-Мумин әмір келіп отырды...

Самарқантты алған Тәуекел қаралы Бұхарды шабудан құдайдан қорқып бас тартқан жоқ. Мұндай сылтауды сол кездегі тарихшылар ойлап тапқан-ды. Ханның Бұхарға аттанбауына себеп болған Қияқ пен Тұяқ батырлардың жөне солардың соңынан ерген жұрттың қылығы еді. Самарқант шаһарын алу тойы бітісімен, қос батыр өздерінің жігіттерін ертіп кейін қайтқан. Өзге қазақ батырлары басқарған әскердің көбі бұлардың соңынан ерді. Жауынгерлер жат елге барып қала тонағаннан гөрі, елдеріне қайтып, қатын-балаларын асырағанын жөн тапқан. Ырқына көнбеген жандарды жазалауға Тәуекелдің батылы бармады. Өйткені шегінушілер тым көп еді. Көпке топырақ шаша ала ма, ақыры Самарқанттан кетуге бұйрық берді.

Ташкентте де қазақ атты әскері көп кідірген жоқ. Бұлардың көпшілігі көшпелі рулардан болғандықтан қыс қыстауға, жаз жайлауға шығу керек екенін жадыларына ұстап, ауылдарына жеткенше асықты. Тәуекел ханға шаһардың қақпасын ашқан Ташкент тұрғындарының арасында да күңкіл көбейе бастады. Хан уәдесін бұзып, жеңілген қалаға салған салығы бұқараға ауыр тиген.

Ал салықсыз соғысты жүргізе алмайтынын білген Тәуекел осылай істеуге мәжбүр болған. Тәуекелдің бүл әрекетіне қарсы топты басқаруға Абдолланың жақын туысы Хазретсұлтан мүфти кіріскен. Әбді-Мумин де тыңшылары арқылы Ташкент тұрғындарына алым-салықтан мүлде босатамын деп өтірік уәде беріп, жаңа бықсып жаңа бастаған халық наразылығын үрлей түскен. Тәуекел әрі ойлап, бері ойлап Түркістанға қайтуды жөн көрді. Өз ордасына келгеннен кейін Ташкент уәлиетінде не болып жатқанын тек алыстан бақылап қана отырды. Кей жағдайларда болмаса, Ташкент ісіне көп кіріспеді.

Алты ай өтпей, төсегінде ұйықтап жатқан Әбді-Муминді бұхарлықтар балтамен шапқылап өлтірді. Әбді-Мумин Шайбани ұрпағынан шыққан ең ақырғы Бұхар ханы еді. Осымен Бұхардағы Шайбани үрім-бұтағының хандық жолы аяқталды. Енді Бұхар ханының алтын тағына Астраханнан қашқан хандардың бірінің тұқымы Жармұхаммед отырды...

Иә, әкесін өлтірген хандарды жазмыш оңдырған емес. Жәнібекті өлтірген Бердібекпен Батый ұрпағының Алтын Ордадағы хандық дәуірі біткен. Ұлықбекті өлтірген Латиф пен Ақсақ Темір ұрпағының Самарқанттағы хандығы аяқталды. Міне, енді сондай жағдай Бұхардағы Шайбани ұрпағына да туды...

Тәуекел ханның да күткені осы кезең еді. Оған Жиембет жырау «хан кеселіне» ұшыраған екенсің деп дұрыс айтқан. Бірақ Тәуекел мұндай соғыста халыққа сенудің қиын екенін түсінген-ді. Халық өз жерін қорғағанда табанды да, күшті де. Ал басқа елдің жерін тартып алу үшін соғысып көрші, ең ержүрек деген батырдың өзі тірегінен айрылғандай, босаңси қалады. Онын орнына жауың он есе күшейе түседі. Осындай жағдай Самарқанттан табылған бір көне кітапта да айтылған. Өз жері — әскер күшінің мөлдір бұлағы.

Осыны біле тұрса да Тәуекел хан тағы жорыққа дайындалды. Оның қолындағы әскеріне қырғыздан шыққан бай-манаптардың жасақтары мен оңтүстік Қашқардың ханы Әбдірашиттың жауынгерлері қосылды. Барлығы жүз мың әскер, Самарқант пен Бұхарға аттанды. Бірақ енді бұларға ешкім шаһар қақпасын ашқан жоқ. Тұрғын ел келе жатқан әскерден азық-түлікті, мінер атқа деген шөбін жасырды. Барлығын күшпен алуға тура келді. Мұндай жағдай әскердің тәртібін бұзады, әлсіретеді.

Әйтсе де құмырсқадай қаптаған қалың қол алғашқы қарқынымен Ташкентті, Самарқантты алды. Енді Бұхардың өзін қоршады. Бетпе-бет ашық майданға шығуға күші жетпейтінін сезген Жармұхаммед хан Бұхар шаһарының ескі бекінісіне кіріп алып, қарсылық көрсетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий