Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қашан да болса бірінші боп атой салған жау қорқынышты. Қолбасшыларынан айрылған әскерден мұндай қимылды күтпеген Бұхар лашкарлары дүрлігіп қалды. Кейбіреулері аттарының басын кейін бұрып та алды. Тәуекел ханның өздеріне аян Теңбілкөгі мен алтын жалатқан дулығасын көрген Бұхар әскері хан өлмеген екен деп ойлады. Өздеріне таяп келе жатқан қаһарлы күшке қарсы тұра алмады. Тіріліп келген Тәуекел мен Қияқтың сұсы жеңді ме, кейін қарай қаша жөнелген лашкарлар көрінді. Тек кейбір топтары ғана найзаларын ыңғайлап қарсы шапты. Көптіктен гөрі ерлік жеңетін заман, қазақ әскерлері сол қаһарлы беттерінен таймаған қалпында, алыстан кеп бар пәрменімен жағаны ұрған долы толқындай, жұбын жазбай, Бұхар шебінің дәл ортасына кеп кірді. Қарқындары соншалық екпінді болды, тынық суды қақ жарған сүйір тұмсық қайықтай, жау шебін қақ бөліп өте шықты. Әне-міне дегенше көк найзалар қағысып, құрыш алдаспандар құлаштай сермеліп, қоян-қолтық ұрыс басталып та кетті. Қабақ қаққанша талай жүйріктер шылбырларын сүйретіп босап шыға берді, сан ерлер «әттеген-ай» деп қара жерді қаба құлады. Тұяқ өзінің ежелгі серігі алты жігітімен қаптаған жаудан Ақторғынды қорғаумен болды.

Ұрыс қыза түсті. Жауларының аз екенін білген Бұхар лашкарлары қазақ жігіттерін тықсыра бастады. Осы кезде «Есім! Есім батыр жетті!» деген айқай шықты.

Сол сәтте бір бүйірден астындағы Ақтанкерін көсілдіре салған еңсегей бойлы Есім көрінді. Соңынан шұбыра шапқан қалың қол. Бұл қаланың күнгей жағындағы Бұхар әскерін жеңіп енді күншығыс тұсындағы майданға келе жатқан Есім жасақтары еді. Қазақ әскеріне жаңа күш қосылғанын көрген Бұхар қолы енді кейін шегіне бастады.

Әңгімесін айтып болып Бұқар жырау Бөгенбайға қараған:

— Міне, көрдің бе? Қарамағындағы жұрттың тілін алмаған Тәуекел не тапты? Қаншама халықтың қанын төгіп, ақырында өзі де жау қолынан дүние салды. Тарих әділеттілігі осылай...

— Иә, хан хандығына тартпай тұра ма? Қара халықтың қамын қайсысы ойлап жүр дейсің? — деді Бөгенбай. — Мені қажытқан жоңғарлар емес, Әбілмәмбет пен Әбілқайырдың алтыбақ алауыздығы.

— Сен осы Әбілмәмбетпен әлі табыса алмай жүрсің бе?

— Сірә, түсініспей-ақ өтетін шығармыз.

Жоңғар әскері Түркістанды алғаннан кейін, Орта жүздің ханы Әбілмәмбет ордасы Үш жүздің түйіскен жері — Телікөлдің тұсына көшкен. Баянаулы жағынан келген Бөгенбай мен Бұқар жырау Арқаның біраз жігітімен осы арада, хан ордасының жанында болатын. Бұл кез жоңғарлармен үлкен ұрысқа бармай, уақ жорықтарда итжығыс түсіп, екі жақтың арасы бір мезет қару күшінен көрі, тіл қуатына көшкен шақ. Түрлі-түрлі келісім сөздер, әділетті, әділетсіз бітімдер жүріп жатқан. Дәл осы күндері Әбілмәмбет ордасына кенет бір суық хабар жеткен. Қалден Цереннің қанқұмар інісі Лоло-Доржи, Қалден Цереннің келісімінсіз, өзінің бес мың қолымен Сырдың төменгі етегіндегі Әбілқайыр ханға қарайтын қарақалпақ пен Тама, Табын руларының біраз аулын аямай шауыпты. Соғыстың алғашқы кезіндегідей, әлгі ауылдардың күлін көкке ұшырып, бар малым айдап әкетіпті. Көп адамын қырып, іске татитын қыз, бозбала, сұлу әйел, қарулы жігіттерін Хиуадағы күң мен құл сататын базарға әкетіп бара жатыр деген хабар жетті. Әбілмәмбет шаптырған барлаушылар бәрін растап қайтқан. Және олар «Жоңғардың қолы екі бөлініпті. Үш мыңы қыруар малды айдап, өздерінің ордасы тұрған Ілеге қарай қайтыпты. Ал Лоло-Доржидың өзі екі мың сыпайымен сан жетпейтін тұтқынды матап Хиуаға беттепті. Тұтқындардың ішінде Тама еліне серуенге келіп жатқан Әбілқайырдың туған қарындасы Сақыпжамал бике де бар екен» деген хабар әкелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий