Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бөгенбайдың бүгінгі толқуы осыдан еді. «Хан неге шақырды екен? Менің көшкелі жатқанымды біреу жеткізген ғой шамасы. Енді ашық айтуға тура келеді...»

Ол не де болса хан ордасына барып қайтпақ болды.

II

Орта жүз ханы Сәмеке Сарыарқаның түкпірі Нұра өзенінің арғы бетіне қарай ығысқанда, Күші жүздің ханы Әбілқайыр ордасын Ырғыз өзенінің жағасына әкеп тіккен.

Бұл кезде қазақ елі жоңғарлармен тайталас түсіп, кейде жеңіп те жүрген. Осындай жеңістің бірі Әбілқайыр хан мен Тайман батырдың басқаруымен Сарысуға құятын Бұланты өзенінің жағасында, ал екіншісі тағы осы Әбілқайыр мен Бөгенбай батырдың басқаруымен Қошқарата мен Боралды өзендерінің жоғарғы сағасында болған. Сол айқастардан кейін Әбілқайыр хан тікелей жоңғар әскерімен соғысуды қойған. Оның көңілі енді басқа бір күрестерге ауған.

Ал бірақ Әбілқайыр көшіп кеткенмен, қазақ елі Жоңғар шапқыншыларына қарсы шығуын тоқтатпады. Күрес күннен-күнге үдей түсті. Әсіресе Іле мен Қаратал өзендерінің бойында Қабанбай мен Баян батырлар бастаған халық жасақтары жоңғарларды сан рет жеңді, әйтсе де бұның бәрі, негізі мықты құрылған жоңғар әскерін күйрететіндей күшке айнала алмады. Тек басқыншыларды тойтаруға болатынын көрсететін, халықтың рухын көтерер айқастар өресінен аспады.

Жоңғарды жеңген күнде, ар жағында одан да күшті, өзіне көз тіккен қытай боғдыхандары бар екенін еске алмаған жұрт осылай, өз тағдыры үшін жан аямай күресе берді.

Сөйтсе де, ел басына туған күннің тым қатерлі, қазақ жеріне қызыққан көршілерінің қауіпті екенін ойлағандар да табылды. Соның бірі Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол енді батыс жаққа үміттене қарады. Бірақ ханның Ырғызға көшіп келісімен қазақ пен қарақалпақ елінің атынан «қарамағыңызға алыңыз» деп жазған хаты Петербургке жеткенде, орыс әкімдері таң қалмады. Жоңғармен күресіп жатқан қазақ елінің түбі өзіне осылай келіп пана сұрайтынын олар бұрыннан да білетін. Сол себептен аптықпай, қазақ елінің шын жағдайын түсіну үшін, Россия патшалығы арнаулы елші жіберуді ұйғарды. Россия әкімдері шығыс көршілеріне өз қарамағындағы мәдениеті, дәстүрі, тілі жақын кісілерден елші жіберуді әдет етіп келген. Бұ жолы да со дағдысына салып, татар молдасы Мақсұт Юнус оғлын аттандырды.

Кіші жүздің ханы бұл молдамен бір мың жеті жүз жиырма алтыншы жылы қарақалпақ жерінде кездесті. Осы кездесуден кейін Әбілқайыр: «Еділ қалмақтары тәрізді бізді де қарамағыңызға алыңыз» деп ақ патшаға хат жазып, Қойбағар Көбек ұлын бас етіп тағы елшілер аттандырды. Бұл елшілерге: «Қайтсеңдер де патша ағзамнан башқұрт жері мен Жайық өзенінің ортасында көшіп жүруге және Россия қалаларына барып сауда-саттық істеуге рұқсат алуға тырысыңдар», — деп тапсырған. Бірақ шығыс жағында әлі әбден бекініп болмаған Россия патшалығы, қазақ елін қарамағына алса, Жоңғар қонтайшысымен бұрынғы қарым-қатынасын бұзуы мүмкін екенін еске ұстап, тоқ етер жауабын түрлі сылтаумен соза берді. Россия патшалығының қолтығына кірген Еділ қалмақтары мен башқұрт елінің «мұртын балта кеспей отырғанын» көрген Әбілқайыр Россия патшалығына «қарамақтарыңа ал» деп, әлсін-әлсін хат жазып, елшілер жіберуді қоймады. Ақырында қазақ елінің өзіне бағынышты болуынан тек пайда түсетінін ұққан, Бірінші Петр патшадан кейін таққа отырған Анна Иоанновна Әбілқайыр ханның бір мың жеті жүз отызыншы жылы наурыздың сегізі күні «қорғандық» істеуін өтінген қағазына жауап ретінде, қырғыз-қайсақ жұртын қарамағына алғандығын білдіріп, бір мың жеті жүз отыз бірінші жылы февральдың он тоғызыншы күні указ шығарды. Бұл указды бір мың жеті жүз отыз бірінші жылы октябрьдің бесі күні Ырғыздағы Әбілқайыр Ордасына Сыртқы Істер коллегиясының тіл машығы — аударушысы Мұрза Тевкелев әкеп тапсырды. Россия патшасы Кіші жүзді өз қол астына алғанын естіп, Ұлы жүздің атынан Қодар би, Төле би, Сатай батыр, Бұлақ батыр қол қойған, «бізді де қол астыңызға алыңыз» деп Анна Иоанновнаға жазылған өтінішті Петербургқа Қангелді батыр алып келген. Сөйтіп, қазақ елі мен Россия жұртшылығының арасындағы жаңа дәуір басталды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий