Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Жақсы, — деді, қияқ мұртының ұшын бір ширатып қойып Әбілқайыр, қазақта мақал бар ғой «Сырыңды айтпа досыңа, досыңның да өз досы бар» деген. Бәрібір мен айтқан сырды Барақ сұлтан өзінің досы Церен-Доржи мырзаға айтпай қоймас, ашық сөйлесейік.

Барақ сұлтан езу тартты. Кенет ол «қашаннан бері мені өзіңе дос санайтын бола қалдың?» деп Әбілқайырдан сұрамақ болды да, сабыр сақтап, өзін-өзі баса қойды.

— Жарайды, — деді сосын түксиген қабағын сәл жадыратып. — Теуіпкелдің келе жатқанын естідік. Ол неге келе жатыр екен? Қайсымызды теуіп кетпек? Мені ме, Абылай сұлтанды ма, Әбілмәмбет ханды ма, қай қасыңды? Әлде Ор қаласын салғалы келе жатыр ма?..

— Мүмкін...

— Қайдам, сен салдырмақ Ор қаласы, бөрімізге бірдей қазылған орға айналмаса нетсін...

Әбілқайыр ханның Россия патшалығының қол астына кірумен қатар, патша үкіметі алдына қойған екі негізгі мәселесі болатын. Бірі — Кіші жүз еліне Еділ мен Жайық өзендерінің аралығынан жайылым беру. Екіншісі Ор өзенінің Жайыққа құятын сағасынан Ор қаласын салу, Әбілқайырдың ондағы ойы — қол астындағы орыс бекінісі арқылы өзінің билігін күшейту, бекіністегі әскерді бақ күндес сұлтандарға қарсы пайдаланып, үстемдігін арттыра түсу; бүкіл қазақ елін өз дегеніне көндіру. Бірақ бұл екі тілегінің екеуі де әзір орындалмай тұр. Бар мәселе әзірге екі жақтан бірдей қағаз жазылумен ғана аяқтала берген. Тек бір мың жеті жүз отыз төртінші жылы қазақ жерінің батыс жағын басқаратын Орынбор экспедициясы құрылғаннан бері Ор өзенінің төменгі сағасына қала салудың мәселесі қайта қозғалған. Барақ сұлтанның «Әлде Ор қаласын салуға келе жатқан шығар?» деуі осыдан еді. Хан жауабына шамданып қалған сұлтан кекесін сұрағын жалғай түсті.

— Әрине, Теуіпкелді ана жылғыдай құрметтеп, сырнай-кернейлетіп қарсы алатын шығарсың?

— Әлбетте. Россия секілді дос елдің елшісі түгіл, қас еліміздің де елшісін қошаметтеп, төрімізге шығарып отырмыз ғой... — Хан Церен-Доржиға қарап қойды.

— Бірақ саған келе жатқан қонақ ата-бабасының дінін ұмытқан шоқынды ғой?

— Сенің де қонағың жетісіп тұрған жоқ-ау, — деді Әбілқайыр Церен-Доржидың шүршіт дінінің адамы екенін ескертіп, — кейін жиеніңді сүндетке отырғызарыңда, бізді де тойға шақыратын шығарсың, Барақ сұлтан?

Барақ сұп-сұр боп кетті. Енді ол іштегі ашуын сыртқа шығарды.

— Қатын патшаның Теуіпкел арқылы саған жіберген сыйлығы да, Теуіпкелге сенің көрсеткен салтанат құрметің де таңғажайып болып еді ғой. Бірақ одан не шықты? Қазақ жерінде түнерген баяғы қара бұлт — сол қара бұлт... Төрт жағыңнан соққан ызғарлы сұрапыл — сол сұрапыл... Россия қарамағына алды деп, Еділ бойын жайлаған қалмақ мықтылары малыңа жайылым беріп отыр ма? Бұрынғыдан да өшігіп алды. Оларға тыйым салған қатын патша жоқ. Ал Ор бекінісі саған тек бізбен күресу үшін ғана керек.

— Әрине, сол үшін керек!

Барақ не дерін білмей тоқтап қалды.

Сұлтанның айтып отырғаны шындық еді. Қазақ елінің Россия патшалығының қарамағында болуына күрделі еңбек істеп жүрген Тевкелев осыдан бір жыл бұрын ғана Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хатында: «Қырғыз-қайсақ жұрты тәрізді қалмақ пен башқұрт халықтарының да сана-сезімі төмен. Бәрі де тағы және терең ойламайтын елдер... Егерде әлдеқалай біреуі Россия патшалығына қарсы бас көтерер болса, қалған екеуін оған қарсы пайдалану керек. Мұндай жағдайда біз айыпты емеспіз, біздің ұят-арымыз қашан да болса таза қалады» деген.

Россия патшалығы бұл елдерге қарсы өзінің отарлау саясатының бар әдісін пайдалана білді. Соның ішінде атам заманнан келе жатқан көне әдісі «бір ұлтты бір ұлтқа айдап салып, бөліп алып билеуді де» молынан қолданған. Демек, отаршылық саясатының осындай бір қатал әдістеріне қарамай, бұл ұлттардың болашағы тек Россияға қосылуда ғана қалған еді. Өзге жолдың бәрі, әсіресе Жоңғар хандығымен одақтасу тәрізді далбаса жолдар, қазақ елін мүлдем күйреуге апаратын...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий