Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бөгенбай ат арқасына ерте қонған батыр еді. Осыдан он бес жыл бұрын өзі Үргеніш жақта жорықта жүргенде, жоңғардың бір аламан жасағы аулын шауып, қатын-баласын найзалап өлтіріп кеткен. Содан бері Бөгенбай ер үстінен түскен емес. Елінің жат жауларыменен сан айқасты. Және үнемі жеңіп жүрді. Бұл күнде атағы алты алашқа аян болып, даңқының көтерілгені соншалық, тіпті бұл істемеген ерлікті де қазақ бұған таңды. Бөгенбай аңызға айналды. Халқының осыншама құрметі мен өзінің жеке басының батырлығы арқасында, ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің жауына қарсы жалау етіп көтерген көсемдерінің бірі болды. Қандай хан болсын, сұлтан болсын, Бөгенбаймен ақылдаспай майданға шықпайтын күйге жеткен.

— Иә, сөйле, Бөгенбай батыр! — деді Барақ сұлтан да.

— Сөйле десеңдер, сөйлелік, — деді Бөгенбай ішке тұнған ызасы мен уайымын әзер басып, — біз хан емеспіз халықты билейтін. Ал халықтың қаны төгілетін жерде жалғыз ғана хандар сөйлеп қоймаса керек-ті. Маған салсаңдар, орыс бекіністерінің маңында жұртқа қауіпсіздеу екені рас. Сол себептен де Жоңғар сойылынан пана іздеген көп ауыл, орыс шекарасына таяу көшіп барды емес пе? Әрине, ол арада қара халықтың басына бәлендей жақсылық орнап жатқан жоқ. Сөйтсе де халық деген Сейхүн дариядағы балық тәрізді қаупі аздау тереңдікті іздейді. Орыс шекарасына да сол үшін таяу қонып жатыр. — Ол енді Бараққа қарады. — Ел мына сенің жақындарыңнан алыстау жерде түтінін түтетіп, малын бағып, асын тыныш ішкісі келеді.

Дәл осы сәтте Ақ Орданың есігі ашылып, үйге бүкіл Кіші жүзге аты шыққан әйгілі сұлу, Әбілқайырдың кіші тоқалы Нұрбике кербез кірді. Сұңғақ бойлы, тобылғы күрең, мөлдіреген қарақат көздерінде адамның жүрегін шөлдетер ашымық бір ұшқын бар. Басына киген алтын зерлі сәукелесі, үстіндегі белі қыналған алтын оқалы мауыты қамзолы көлеңкеде жанған шоқ тәрізді. Ырғала басқан әр адымында, жұмырланып, тола бастаған сымбатты дене бітімінде бір ерекше сиқыр ұялағандай, үйдегі еркектердің көзін бірден өзіне аударып әкетті. Ашулы сөздер ызғарымен күңгірт тартқан ақ боз үйдің іші кенет күн сәулесі түскендей жадырап сала берді.

— Мырзалар, қонақ үйге жүріп дәм татыңыздар, — деді ол, құралай көзінен сәуле төге, қоңыр даусын сәндене созып.

Нұрбикенің көген көздеріндегі қызығы мол бір құпия сыр жарқ етіп Барақтың бетіне төгіле түсті де кенет біреу үрлеп жіберген шамдай сөне қалды. Енді ол көзін төменірек отырған қос батырға аударған. Бөгенбай мен Тайман батырдың жүздері де тобылғының қып-қызыл шоғына тосылғандай әлденеге балбырап, қызарып кетті. Нұрбике сұлу түнде көрген тәтті түсі есіне түскендей ақырын жымың етті. Енді ол жаудыраған қарақат көздерінен махаббат күн шуағындай әсем бір жылылық төгіп, сұлу тоқалдың кіргеніне мән бермей отырған Бараққа қайта бұрылды.

— Сұлтан қайным, дәм татыңыздар деп тұрмын ғой, — деді еркелене үн қатып.

— Бұйырған дәм болса татармыз, — деді Барақ, жасы отыз беске келіп қалса да әлі де жас қыздай сылаңдаған тоқалдың ажарына немқұрайды көз тастап. — Алдыменен мына хан тағындағы жұбайыңыздың ақылына қанып алуға мұрсат беріңіз.

Бүкіл алты алашты сұқтандырған көркіне Барақтың назар салмағанына Нұрбике ханым шамданып қалды:

— Ақылға шөлдеп келсеңіз, онда сусыныңызды әбден қандырып алыңыз, — деп мысқылмен күлімсіреді де бұрала басып шығып кетті. Ерке тоқалының айтқанын екі етіп көрмеген Әбілқайыр:

— Астан үлкен емеспіз ғой, — деді, — жүріңіздер, дәм татып шығалық.

— Иә, сөйтелік, — деді батырлар да қостап.

Әбілқайыр орнынан түрегелді. Барақ сұлтан да амалсыз қонақ үйге қарай беттеді. «Ханға әмірін жүргізген бұл қатынның қандай құдіреті бар екен? Байқап көретін екен» деді ішінен.

Нұрбике ханымның құр ғана сұлулығы емес, хан қадірлер қылығы да мол еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий